«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» «Шұғыл қызмет нөмірлері»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» «Шұғыл қызмет нөмірлері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» Жан жақты жетілген, білімді де тәрбиелі, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеп, ата-ана аманатын жалғастыратын толыққанды азамат тәрбиелеу. Жас ұрпақты өз ойын жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.у «Шұғыл қызмет нөмірлері»
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:

14.02.2025 жыл

Сынып: 3 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет»

Құндылықты дарыту

Жан жақты жетілген, білімді де тәрбиелі, қазақ

халқының салт-дәстүрін дәріптеп, ата-ана аманатын жалғастыратын толыққанды азамат тәрбиелеу. Жас ұрпақты өз ойын жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.у

Қауіпсіздік сабағы

«Шұғыл қызмет нөмірлері»

Мақсаты

арнаулы қызмет туралы білімдерін кеңейту. Қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету әрекетін үйрету.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы(10-15 минут):

Қызығушылықты ояту.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Топқа бөлу

 ІІ.  Мағынаны тану.

Кіріспе сөз. Жас ұрпаққа тәрбие беру мәселесі мемлекетке де, ата-ана мен мұғалімге де зор міндет жүктеуде. Тәрбиелі оқушы әдепті, ақылды, білімді, еңбекқор, адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленіп, сыныптастары үлгі алатын, беделді болып келеді. Әр бала керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз-шексіздікті танып білуге ұмтылады. Балаға сеніммен қарау оны қуаттандыра түседі. Қазақ халқы бала бойына салт-дәстүрді сіңіре отырып, мүшел жасты ең қауіпті де, қатерлі кезең деп есептеген. Балаларын қатерден қорғау үшін көптен тілеу тілеп, бата алған екен. Осы дәстүрге орай бүгінгі тәрбие сағатымызды баланың дүние есігін ашқаннан алғашқы мүшелге дейінгі кезеңдегі өмірден алған мағлұматтары мен жеткен жетістіктеріне арнап «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет»

деп атадық.


ІІІ. ««Жұлдыз» деген сөздің мағынасы туралы сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:

  • «Жұлдыз» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өмірінде кімдер жұлдыз бола алады?

  • Өздеріңді қандай қасиеттеріңмен жұлдызға теңер едіңдер?


ІҮ. «Менің жұлдызым» (10 мин)

  • Әр балаға қағаздан қиылған жұлдыз беріледі.

  • Оған олар өздерінің жақсы қасиеттерін, жетістіктерін немесе армандарын жазады.

  • Жұлдыздар тақтаға жабыстырылады, әр бала өз жұлдызын таныстырады.

Стрессті қалай жеңуге болады?» жаттығуы

Ойын барысы: Ортаға 12 оқушы шығады. 1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.


Түйін: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.


Ү. «Сырлы есімдер...» (Оқушылар


шығармашылығы) Адам өмірінде өз есімінің алар орны ерекше.


Ат қойыстың өзінде де бүкіл бір халықтың психологиясы, таным түсінігі, ой арманы көрініп тұрады. Өмірде өзінің қолы жетпеген биіктерге, армандарға ұрпағының қолы жетсін деп тілемейтін ата -ана жоқ. Дүниеге келген нәрестеге ат қою расында да ізгі ниеттен туындайды. «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ

тағдыры соған байланысты болады», деген наным сенім бар. Ендеше, өз есімдеріміздің сырына үңіліп көрейік...

- Менің Айнұр есімімді атам

қойған. Аспанда жалғыз ай болса, оның нұры жерге түсіп айнала жап жарық болады. Менің өмірім де «Айдай нұрлы болсын» деген тілектен туған.

Бақытжан деп менің есімімді «Әлемдегі ең бақытты жан болсын» деген тілеумен әжем қойған.

Оқушылар топқа бөлінеді










Сабақтың ортасы

Талай ұрпақ ауысар, талай әдемі есімдер дүниеге келер, бірақ қай заманда да сөзге мән берілген. Ат қоюдағы жауапкершілігімізден жаңылмасақ болғаны.

YI.«Туған күн айшықтары» (Әлем деректерінен)

М. Шахановтың «Туған күн кешінде» әні орындалды.

«Қар қиыршықтары» жаттығуы


Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау:

-Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

-Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз.

Қоғамдағы орнымыз бен роліміз әртүрлі болсада, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.

Топтық жұмыс жасайды



Ақпараттық мәтін


Үлестірмелі қағаздар






Суреттер

Тірек-сызбалар


Кесте



ҚБ парағы

Қауіпсіздік сабағы

1 САБАҚ. «ШҰҒЫЛ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»

Сабақтың мақсаты:арнаулы қызмет туралы білімдерін кеңейту.

Қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету әрекетін үйрету.

Постерді қарап шығыңдар. Сабақтың тақырыбын анықтаңдар.

3.Білімді жаңғырту. Өткенді қайталау - Төтенше қызмет нөмірлері туралы не білесіңдер? «Төтенше» деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер. -Адамдар бұл нөмірлерді қандай жағдайларда қолданады? 4.Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері. Топпенжұмыс. Педагог жұппен жұмыс істеуді ұсынады.

1-оқушы – диспетчер,

2-оқушы – қиын жағдайға тап болған адам.

1-топ: өрт; 2-топ: бұзақылардың шабуылы;

3-топ: көшеде ес-түссіз жатқан адам;

4-топ: пәтердегі газ иісі;

5-топ: терең шұңқырға құлаған бала.

Әр топ берілген тақырып бойынша дайындалып, ісәрекеттерін, төтенше қызмет нөмірін қалай қолданғанын сынып алдында көрсетуі керек. Әр топ жұмысы жеке тыңдалады.

5. Қорытынды. Рефлексия (2минут)

-Төтенше қызметті көмекке шақыру сендерге қиын болды ма, әлде жеңіл ме? -Қиындыққа ұшыраған адамға көмектесу үшін ең бастысы нені білу керек? (Сасқалақтамау, не болғанын анық, дұрыс түсіндіру, төтенше қызметке мекенжайды дұрыс айту)

Үй тапсырмасы:жедел жәрдем нөмірлері бар жадынама дайындаңыз, әдемі безендіріңіз және досыңызға беріңіз.


Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=5


Сабақтың соңы

Қорытынды бөлім (10 мин)

Мұғалім балаларға:-Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

Өздеріңді «жұлдыз» ретінде қалай сезіндіңдер?

-Басқалардың жұлдыздай жарқырауына қалай көмектесе аласыңдар?
деген сұрақтар қойып, ой бөліседі.

-Балаларға «Біз бәріміз – жұлдыздармыз!» деген ұран айтып, сабақты аяқтау ұсынылады.

Қорытынды:
Әр бала – ерекше тұлға, оның жарқырауына көмектесу – ортақ міндетіміз. Бүгінгі сабақта балалар өздерінің және достарының бағалы екенін түсініп, бір-бірін қолдау маңызын ұғынады.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2025
51
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі