Архат тарихы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Архат тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
жерлестеріме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ елі Ресей империясының құрамына енген кезден бастап, бодандықтан көз ашпады. Ресей империясы кейін кеңес үкіметі еліміздің тарихын мойындамай, қазақтарда тарих жоқ дегенге сендіргісі келді. Көзге көрінгенді елемеуге, қолға түскенді жоғалтуға, айтылғанды бұрмалауға тырысты. Бұл жағдай халық арасында үйреншікті жағдай болып қалыптасып, өз тарихымызды өзіміз елемейтін күйге түстік. Осындай жерлер біздің елді мекенде де жеткілікті болған екен. Олардың барлығын өзіміз –өз болғалы жинастырып, зерттеуге тырысып жатырмыз. Қазақ атам айтқандай көзден кеткен соң көңілден кетеді. Тоналған дерек өзімен бірге тарихын да ала кетіп жоғалтады екен. Алайда, біз олардың орнына барып, тарихты қайтаруға тырыстық.

1930 жылдардан бастап (Копа жерінде) Арқат аймағында колхоздастыру кезең басталғанан кейін, халық отырықшы елге айнала бастаған. Арқат атырабы егіншілікке қолайсыз тасты жер болғандықтан одан бұрын бұл жерде көшпелі мал шарушылығымен ғана айналысқан.

Отырықшы елдер өздерінің тұрақты мекендеріне тас қоралар салуы кең өріс алған. Сол кезде әртүрлі тасты ескерткіштердің көпшілігі салынған құрылыстардың ірге тасы ретінде қаланып кеткен. Онда 1905-1910 жылдар аралығында салынған телеграф бағаналары, тасты мүсіндер, т.б заттай деректер қолды болған. Мысалы біздің ауылдың қыс қатты болады. Осындай қыстардың бірінде ауылдық емханамыз қар астында қалып, құрылысы қайта салынды (2010-11жж). Емхананың іре тасын қалау үшін Жұмақандағы (ауыл шетіндегі шағын орман) ескі қораның орнынан тас алушылар тасты мүсінді көріп, қызықтап жолдың бойына ел көрсін деген мақсатпен әкеліп қойған, көп ұзамай жоғалып кетті. Тарихи мұра алып сатарлардың қолына түсіп, өз құлқыны үшін сатылып жатқаны өкінішті.

Арқат территориясында, әсіресе, ауылдың батыс бөлігінде тастан қаланған ескі орындар көп. Ел арасында ол “Қалмақтардың зираты” деген атпен белгілі.

14- сурет 15-сурет

Тасты үйінділердің көлемі әр түрлі, 3 шаршы метрден 7-8 шаршы метрге дейінгі аумақты алып жатыр. Кейбіреуінің төбелері биік, ортасы шұңқыр. Соған қарағанда бұл биік күмбезді болуы мүмкін. Табиғаттың күшіне төтеп бере алмаған бұл қорғандар ішіне қарай құлап жатыр. Міне, осындай орындардың көпшілігі кеңес дәуірінде ірге тас болып қаланып, болмаса қырып тастап орнына үй салынған. 1986 жылы ауылдың батысында 10000 қойды бордақылайтын комплекс салынады. Үлкен құрылыстың ірге тасын қалағанда жақын жердегі ескі орындардың тастары тасылған. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін комплексте тарап оның заттары талан- таражыға түскен. Кейін 2-3 жылдың көлемінде комплекстің іргетасы да құлай бастады (17-18 суреттер). Сол уақытта қаланып кеткен тастар да шығып, қызықтап қараушы едік. Бүгінде ол тастар да қолды болған.

17-сурет 18 –сурет

Ауылымыздан тек тасты ескерткіштер ғана емес, сонымен қатар, беймәлім қазына әкетілуде. Ол жайында халық ауызында “алтын” деп айтылады. Алтын шығатын жерде жылан көп болады дейді аталарымыз. Ауылдағы Жыланды (бұл да қазылған жерлердің қатарына енген) елді мекеніндегі жыланның көптігі соншалық, бұрын осы жерде мекендеген, кигіз үйі болған ауыл үлкендерінің айтуы бойынша қанша қорғанса да таңға жуық керегеге дейін жыландар ілініп тұратын еді деп еске алады (бір таңқаларлығы ол жыландар ешқашан адамды шақпапты). 2013-2014 жылдары жаз айларында қазылған жерлердің бәрі осы тау сілемдеріне әкеліп қосылады. Жалпы бұл жерлерден алтын шығады деп айтылуына негіз бар, себебі Кенес өкіметі тұсында бірнеше рет географтар келіп зерттеген (1960-65жж). Зерттеген жердің орындары әлі күнге дейін сақталуда (19- сурет).

Shape4 Shape3 Shape1 Shape2

19 -сурет

Ол өте құпия түрде зерттелген, бұл мемлекеттің болашақ еншісінде екені сөзсіз. Өйткені, көнекөз қариялардың айтуынша “әлі піспеген” деген қорытынды жасаған дейді. Алайда, одан бұрын да патша өкіметі тұсында жұмыс жасаған ескі шахтаның орны Сұңқар елді мекенінде әлі күнге дейін бар. Бұл жерден алтын шыққан екен. Бірақ оның ішіне түсу өте қауіпті, ерте заманда ішіне қарай қазып, енген шахташылар тіреу ретінде қарагайдың ағашын қойып отырған. І ғасырға жуық тұрған бұл қарағайлар бүгінде әбден шіріген, құлап кету қаупі төніп тұр. Сондықтан, онда түсіп, өз зерттеуімізді жүргізе алмадық.

Алайда, 2013-2014 жылдары жаз айларында ауылымыздың солтүстік бастысындағы Қылыш, Меңдебай деген елді мекендерінен тасты қопарып, жерді қазып, камаз-камаз шикізат әкетілді. Бүгінде бұл жерлерлерде қазылған шұңқырлар мен үйінді топырақтар жатыр. Ең өкініштісі осы жерге ие болып, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетіп жатқан қазынамызды қадағалайтын ешкім жоқ. Төменде осы жерлерде түсірілген фота суреттерден көріністер көрсетілген (20 -сурет).

20 сурет

Кеңес өкіметі тұсында космостан түсірген карталары бойынша Архат тауының астында белгісіз сұйық зат бар,- деп Мәскеуден арнайы келіп бір айдай жатып зерттеген екен (1980 жылдардың ортасы). Сұйық заттың уран немесе газ болуы мүмкін екенін сол кезде ауылсовет болып жұмыс істеген Сүлейменов Төлеген мұғалім айтады. Себебі, ол кісілер келген зеттеушілірге экологиялық таза ет, су т.б тағамдар тауып береміз деген каулыға қол қойған. Өйткені, Мәскеуліктер полигон аймағының тағамдарын жегісі келмеген болуы керек.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2018
491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі