Материалдар / "Арифметикалық амалдардың қасиеттері" 5-сынып сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Арифметикалық амалдардың қасиеттері" 5-сынып сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
567
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жиденің жемісін тамаққа пайдаланады. Химиялық құрамы: сабағының, бұтағынын; құрамында илік және бояу заттары бар. Гүлінің құрамында эфир майы, жапырағында аскорбин қышқылы болады. Жемісінің жұмсақ етінде көміртегі 40% болады, оның 20%-ті фруктоза, 10% белок, аздап илік заты да бар.

Сабағында және бұтақтарында камедь (желім сияқты зат) көп болады.

Жиденің дәрілік маңызы зор. Жемісі ас қорыту органдарының жұмысын жақсарту үшін қолданылады. Ауыз ішінде жара болғанда жидеден жасалған «Пшатин» деген дәріні суға езіп, онымен ауызды, тамақты шаяды. Сонымен бірге іші ауырған адамды жиде жемісімен емде









Мустье дәуірі


Орта палеолит- (б. з. б. 140 -40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтижесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан су басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т. б. болды.
Орта палеолит (мустье) дәуірінде (б.з.д. 140-тан 40 мың жыл арасы) тас өңдеудің неғұрлым озық үлгілерін игере бастағаны, адамдардың тасты өткірлеп ұштау, қырып жону құралдарын меңгергені байқалады. Кейінгі мустье дәуірінің ең бір көрнекті ескерткіші – Қаратау тауындағы Арыстанды тұрағы болып саналады.

Қазақстан аумағынан мустье және кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіштері де ашылған. Мустье кезеңіне жататын белгілі ескерткіш – Оңтүстік Қазақстанда орналасқан Ш. Уәлиханов атындағы көп қабатты тұрақ, сонымен бірге Көшқорған кешені де аталған кезеңге жатады. Кейінгі палеолит тұрақтары Шығыс Қазақстаннан көптеп ашылған, олардың ішінде – Қанай, Үңгір, Свинчатка, Шульбинка тұрақтарын атауға болады.
Мустье мәдениеті, мустье дәуірі[1]  палеолитке (ежелгі тас ғасыры) жататын, ашель мәдениетін ауыстыратын археологиялық кезең. Оңтүстік-батыс Францияның Везер өзені жағалауындағы Ле-Мустье үңгірінің атымен аталған. Мустье мәдениетін 1872 ж. француз археологі Г. де Мортилье Брюссель қаласында өткен антропология мен тарихқа дейінге археологияға арналған халықаралық конгресте жасаған баяндамасында бөліп көрсеткен. Мустье мәдениеті жекелеген айырмашылықтарына қарамастан бүкіл Еуропада, Африкада, Таяу Шығыс пен Орта Азия елдерінде кеңінен тараған. Көп жерде оны ежелгі (төменгі) палеолитке қосады. Қазіргі уақытта зерттеушілердің басым бөлігі бұл дәуірді “ортаңғы (орта) палеолитке” жатқызып, жеке кезең ретінде сипаттайды. Ол шамамен б.з.б. 150 – 120 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 – 30 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Оған өтер тұста адамның физиологиялық құрылысында елеулі өзгерістер болды. Архантроптарды палеонтроптар ауыстырды. Бұл кезеңде еңбек құралдарын жасау техникасы жетілдірілді, адамдар тұрғын үй салуды, өлгендерді жерлеуді үйрене бастады, діни көзқарастар мен палеолиттік өнердің алғы шарттары қалыптасты. Дегенмен көпшілігі әлі де болса табиғи үңгірлерді мекендеді. Мустье мәдениетінің тас құралдарын дайындау техникасы ежелгі палеолиттегі екі жағы өңделген (абвиль, ашель, микок) және бір жағы түзетілген тас жаңқаларынан (клектон, тейяк, микок) бастау алды. Кейбір ғалымдар (Ф.Борд, т.б.) бұл кешендерді біріктіріп леваллуа-мустье техникасы деп атады. Осы кезеңде тастан жасалған түрлі құралдар саны 60-тан асқан. Бұйымдардың көпшілігі дөңгелек келген өзектастан (нуклеустен) уатылып алынған ірі тас жаңқаларынан дайындалды. Ал негізгі еңбек құралдарын қырғыш пен үшкіртастар құрады. Орташа ұзындығы 6 см үшбұрыш пішіндес үшкіртастар соғатын және кесетін құралдар ретінде пайдаланылды. Оның шеттері ішкі жағынан соғу және қыспа техникасы арқылы түзетілді. Мұндай заттар таяқтың бір шетіне найза ұшы секілді бекітілді. Бір қыры түзетілген қырғыштардың орташа ұзындығы 5 – 14 см болды. Олар тері, ағаш пен сүйек өңдеуде қолданылды. Бір құралдың өзі бірнеше міндеттер (жону, кесу, т.б.) атқарған. Қазақстанда Мустье мәдениеті (хронологиясы, кезеңдестірілуі мен корреляциясы) басқа дәуірлерге қарағанда жақсы зерттелген. Бірқатар ескерткіштерден (Шыңғыс, Қошқорған, Ақтоғай, Семізбұғы – 10, Хантау, Бұрма) алынған техникалық және типол. көрсеткіштер Қазақстанда леваллуа-мустье, ашель дәстүріндегі мустьелік леваллуа және бейлевуаллуалық фациялар, тісті және типті мустье секілді мустье индустриялары бар екенін көрсетеді.




Әбдіхалықова Гүлдана
10-сынып 12.08.2018жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!