АРМАН , МАҚСАТ және ЖОСПАР

Тақырып бойынша 11 материал табылды

АРМАН , МАҚСАТ және ЖОСПАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Арман-мылқау адамды сөйлететін,заттарға жан бітіретін нәрсе.Барлығымыз армандаймыз,тек сол арман қаншалықты орындалуы мүмкін ?Қазіргі жастардың арманын сұрасаңыз -қымбат көлік,бизнес,үй деп айтып жатады.Ал менің ойымша арман қол жетпейтіндей болуы керек,әйтпесе бизнестіде,үйдіде бәрінде ала-аламыз,тек талпыныс болса болғаны.Бұл жағдайда бұл нәрсе арман емес,жәй ғана ертеңге жоспар болады.Жоспар құруды-мен ертеңгі нәрсені бүгін жобалау деп ойлаймын.Арман туралы әр адам ,әрине,өзгеше ойлауы мүмкін,себебі әркімнің арманы әртүрлі. Арман-әр адамның өмір жолының қалыптасуына көмектесетін ерекше күш.Арман тек құр қиялдан тұрмауы тиіс.Себебі,еш нәрсе жасамай-ақ,жүзің нұрланып ,қиялмен талай жерге бара аласың.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 2


И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда

аграрлық техникалық жоғары колледжі

«Энергетика және политехникалық мамандықтары

бөлімшесінің арнайы пән оқытушысы : Каденова М.Б.

АРМАН , МАҚСАТ және ЖОСПАР

Арман-мылқау адамды сөйлететін,заттарға жан бітіретін нәрсе.Барлығымыз армандаймыз,тек сол арман қаншалықты орындалуы мүмкін ?Қазіргі жастардың арманын сұрасаңыз -қымбат көлік,бизнес,үй деп айтып жатады.Ал менің ойымша арман қол жетпейтіндей болуы керек,әйтпесе бизнестіде,үйдіде бәрінде ала-аламыз,тек талпыныс болса болғаны.Бұл жағдайда бұл нәрсе арман емес,жәй ғана ертеңге жоспар болады.Жоспар құруды-мен ертеңгі нәрсені бүгін жобалау деп ойлаймын.Арман туралы әр адам ,әрине,өзгеше ойлауы мүмкін,себебі әркімнің арманы әртүрлі. Арман-әр адамның өмір жолының қалыптасуына көмектесетін ерекше күш.Арман тек құр қиялдан тұрмауы тиіс.Себебі,еш нәрсе жасамай-ақ,жүзің нұрланып ,қиялмен талай жерге бара аласың.

Ал,оған деген талпыныс болмаса бәрі бекершілік.Жас кезіңде жалқаулыққа бой алдырмай,жүрегіңнің қалауын орында.Жастық шақ қайта оралып келмесі анық.Бойыңа күш-жігеріңді,ар-намысыңды жина.Өзге адамдардың жеңісіне қызғанып емес,қызығып қара! Арманыңды орындап,үлкен жетістікке жететініңе сене біл.

"Менікі жай арман,орындалмайтын арман"- деп еңсеңді түсірме,бұл дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ.Ең бастысы-алға қарай талпыныс,жеңіске деген-құлшыныс бойыңда жанып тұруы тиіс.Арманыңа бастайтын алғашқы қадамның бірі-үлкен мақсат,ертеңгі күнге жоспар.

"Армансыз адам-қанатсыз құспен тең"-демекші қанатсыз құс ұша алмайтыны белгілі.Арманда,арманың ешқашан алдамайтынына сене біл.

Ия, мына өмірде армансыз адам жоқ шығар, сірә? Арман – әр адамның қиялы мен қалауынан туған биік шың. Ол адаммен бірге өзгеріп отыратын өміріміздегі ынталандырушы күш. Арман – қиялдың жетегінде кеткен орындалмас нәрсе деп ойласақ, қатты қателескеніміз

Менің арманым – менің болашағым. Бұйыртса, болашақта өз ісімнің шебері болып, өз саламның Эверестіне табан тіреп тұратын күнге де жетемін деген үміттемін. Ғабиден Мұстафин: «...арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар» – демекші, армандарымыз таусылмасын, қиялдағы армандармыз өмірде өз орнын тауып, діттеген мақсаттарымыз орындала берсін!  

Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. ең бастысын айтсам – жер бетіндегі адамдардың бәрі мейірімді болса екен, жер бетінде тыныштық пен бірлік болса екен деймін,сол жағдайда ғана барлық адамдардың арманы орындалады.

Армандаудың пайдасы:

-Адам армандай бастағанда оның бойында алға жылжуына қажетті энергия туындайды. Соның арқасында талпынады, кедергімен күреседі. Тіпті сол энергияның ықпалымен миымыз табысқа жетудің, қиындықтан шығудың бірнеше нұсқасын ойлап таба алады.

-Адам бойындағы жалқаулықты жеңуге көмектеседі.

-Әдетте шабыт қалаған уақытыңызда келе қоймайды. Ал жүрегіңізде арманыңыз болса, сіз үнемі шабыттанып жүресіз.

Жоспарлау көп нәрсеге септігін тигізіп жатады.Жоспардың арқасында адамдар өзін дамытады,алға қарай ұмтылыс пайда болады.

Мақсат-өшпес арманның орындалуына көмектесер басты қадам.Мақсатыңа жету үшін-әр қиындықты күліп қарсы ал.Бір болмашы сынға бола бәрінен бас тартып,кейін өкінетін шешім шығарма.Тек  "бәрін жеңем" деген оймен шайтан ойдан арыл."Мақсатыма жетемін"-деген ұранды сөзді жадыңыздан өшірмеңіз.Сенім-адамға керек ең ұлы күш.Сенім арқылы арманыңа мақсат қойып оңай жете аласың.Осы күш бойыңнан жоғалмаса,ең бақытты адам-"сіз" болғаныңыз.Себебі,осы өміріңізге ризасыз,бәріне шынайылық пен үлкен сеніммен қарайсыз.Сенім арқылы жолыңызда тұрған кедергілер тез шешімін табады.Ал,егер сенімсіздік бойыңызды жаман ауру іспетті жаулап алса,олда өзіңізге байланысты.Әр адам ең алдымен өзін жақсы көрсе айналасындағы адамдарға да жақсы көзқарас пен сеніммен қарайды

Армандай білейік,мақсатымызға жету үшін шыдай білейік,ең бастысы,сенімнен айрылмайық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
560
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі