Материалдар / Арман алған асулар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Арман алған асулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға арналған. Ұстаз жақсы мамандық екенін дәлелдейді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2020
249
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Өскенбаева Ләззат Белғожақызы

М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі


Арман алған асулар


Қазіргі таңдағы қоғамдық даму, оның қозғаушы күші жастардың ролі туралы әңгіме қозғалған сайын ойымда Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі Арман Тоғанбай оралады. Себебі Арманның нәтижелі еңбектері де, терең теориялық білімі де аңызға толы. Одан сыртқары қашан көрсең де маңайында бірде топталған оқушылар, бірде сұхбаттасып тұрған мұғалімдер... оның бей-жай тұрған қалпын көрмейсің. Үнемі ізденіс үстіндегі Арманды бүкіл аудан халқы болып құрметтейді.

Арман Сержанұлы 1989 жылы 18 қазанда Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас селосында дүниеге келді. Өзгелер сынды 7 жасында сол кезгі Бақанас орта мектебінің табалдырығын аттады. Мектептегі оқушы кезінен алғырлығымен көзге түсті. Әсіресе математика пәнінен қабілеті ерекше-тін. 9 және 11-сыныптарда облыстық олимипиада ІІІ орынға, 10-сыныпта ІІ орынға ие болды. 3 жыл қатарынан аудандық олимпиада жеңімпазы атанып, облыстық кезеңге жолдама алу екінің бірінің маңдайына жазылған бақ емес. Ерекше ізденіспен жететін жетістік деуге болады.

Аудан халқы бала Арманның жетістіктерін жанұялық дәстүрге балап, «Атасы Тоғанбай қария өмір бойы бухгалтер боп, өмірі есеп-қисап саласында өтті. Әкесі Сержан да, анасы Гүлнәр да математика пәнінің мұғалімдері» деп аңыз етіп жүрді. Ел айтса, айтқандай Арманның алдындағы ағасы Нұржан да Талдықорған қаласындағы №20 лицейдегі Олег Владимирович Пактың сыныбына іріктеуге ұсынылған. Нұржанның қабілетіне таң қалған – Пак жалпы Балқаш ауданында жасы кішілерден осындай қабілетті бала болса, ойланбай қабылдар едім,» - деген екен. 2 жылдан соң сондай іріктеуге барған Арманның қабілетін сұңғыла жан бірден байқап, аталған мектепке қабылдауды ұйғарады. Арманның 2 жыл бұрын қабілетімен «шіркін!» деп таңқалдырған Нұржан Тоғанбайдың інісі екенін кейін біледі.

2007-2011 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде білім алып, «математика пәнінің бакалавры» мамандығы бойынша бітірді.

Жоғарғы оқу орнында жүргенде де Арман математика саласындағы ізденісін үзбей жалғастырады. Жастық думан, балалық көңіл дегендерді екінші орынға қояды. Студенттердің ғылыми қоғамының белсенді мүшесі болады. Ұлы математиктер Абель, Галуа, Лобачевский, Эйнштейн, Эйлер, сондай-ақ кейінгі ғалымдардың еңбектерімен танысып, сүзгіден өткізеді. Олар ашқан теорияларды қайта саралайды. Арманның аппақ көңілінен туындаған мақсаты – қате тауып, кеуде қағу немесе біреуді сүріндіру емес, көз жеткізу.

«Адам талапты алдымен өзінен бастау керек». Бұл арманның – кредосы. Өзіне талап қоюдың арқасында оқушы кезінде де, студент шағында да талай топ олимпиадада топ жарды. Мұғалім кезінде де үнемі өзін олимпиадаларға дайындап жүреді. Ол ешқашан «Мен олимпиадаға дайын емеспін» деп көрмепті. Үнемі бәйгеге дайындалған тұлпарлардай сақадай сай тұрады.

Терең білімінің арқасында Алакөл ауданында жас математика пәні мұғалімдері арасында өткен облыстық олимпиадада І орынға ие болды. Оның есеп шығарудағы жылдамдығы қазылар алқасының өзін таңдандырды. Тіпті меценат Бауыржан Оспанұлы демеушілік жасап отырған Жыланды орта мектебіне жұмысқа да шақырылды.

Арман бойындағы басты ерекшелік – қандай жұмысты қолға алмасын жауапкершілік таныту. Ауданда өтетін байқауларға қатысты слайдтар мен, түрлі бейнероликтер жасау, идеялар қосу кездерінде де Арманның әбден «жеті рет ойланып, бір рет кескен» нақты идеялары қабылданады. Ал арман кез-келген ойды айта салмайды. Саралап, нақты қажет деген пікірді тәжірибесіне, ғалымдар тұжырымына сүйеніп жеткізеді.

Арман жүргізген сабақтар ізденісімен ерекше. Өзі сабақ жүргізетін мектеп-гимназияда сынып сыйымдылығы да көп. Ауылдық менталитетке жақын балалардың сәл қолы босаса, түрлі нәрсеге бой алдыруы мүмкін. Әр баланы терең зерттеген Арманның сабақтарында балалар тапсырмаларды орындаудан бір сәт босамайды. Себебі оқушылардың біріншіден, жалықтырмаудың алдын алу үшін үнемі жұппен, топпен жұмыс жасатып, дистракторлар қолдану, «Балық қаңқасы», «Сыйқырлы сандықша», «Өрмекші торы», «Кір қыстырғыш» т.б. тәсілдер қолданады. Топтық жұмыстар арқылы балалардың өзін-өзі және топ ішінде өзін бағалауына қол жеткізу үшін топтық жұмыстарды тиімді ұйымдастырады. «Ғылымдар атасы» атанған математика пәнін түсіндіру, оқушыларды шығармашылыққа жетелеу – қиынның қиыны екенін білім саласындағылардың терең сезінері хақ. Сондықтан сыныптан тыс сәттерде де «Айналамызда математика әлемі» жобасымен сыныптан тыс үйірме жұмыстарын ұйымдастырады.

Қашықтан оқыту кезінде оқушылардың бос уақыттарында ата-аналардың қадағалауынан бой тасалап түрлі сайттарға кіріп, келеңсіз бейнефильмдер көруі мүмкін екендігі талқыланып жатқан кезде де, әрбір ата-ана өз баласын келеңсіз сайттарға кірмеуіне тосқауыл бола алатын «Family link» қосымшасын орнату туралы пікір айтты. Қосымша арқылы балаларының кіммен сөйлесіп, қандай парақшаларды пайдаланғанын қадағалап отыруына болатынын, сөйтіп баланың алаңсыз білім алуына жол ашылатыны туралы пікірін жеткізді.

Ұзамай ашық сұхбаттар, түсіндіру жұмыстары арқылы ата-аналардың ұялы телефондарына Play Marketте бар бағдарлама «ата-ана бақылауы» программасы орнатылды. Оның да өзіндік ерекшелігі бар: ата-ана белгілеген уақыттан соң ұялы телефон өшіп қалады. Сөйтіп ата-ана баласының ұялы телефонын өзінің телефоны арқылы бақылауда ұстайды. Нәтижесінде қазіргі кезде аталған гимназия білім алушылары ата-ана белгіленген уақытқа дейін ғана ұялы телефонын қолдануда.

Арман жайлы мақаламызды жазу барысында аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Тұрсынбековадан Арман Сержанұлы жайлы пікірін сұрадық: «Арман бала жасынан математикаға алғыр болғанын бәріміз білеміз. Қазіргі кездегі ізденісі тіпті ерекше. Облыстық деңгейде Арманның деңгейінде теориялық білімі өте терең, үнемі ізденіс ретінде жүретін математика пәні мұғалімдері саусақпен санарлық. Ол – облыстық математика пәні мұғалімдерінің ассоциациясының мүшесі. Республика көлеміндегі математика пәнінің білгір ұстаздарымен үнемі желілік байланыста. Ғылымға, педагогикаға енген жаңалықтарды алдымен Арман Сержанұлы естиді. Насихатшысы да – сол. Өндіріске енгізуші де – Арман.

Екінші, оның шәкірт тәрбиелеудегі еңбектері де ерен. «Дарын» ғылыми жобасында да, облыстық пән олимпиадасында да Арманнан тәлім алған шәкірттер топ жарып жатады.

Үшіншіден, аудан көлеміндегі шараларға да белсене қатысады. Ерінбейді. Бәріне уақыт табады.

Жалпы оның жақсы қырлары өте көп».

Иә, десе дегендей Арман Тоғанбай аты берісі аудан, арысы облыс көлемінде дүркіреп тұр. Еңбегімен әрине.

Мектеп басшылары да Арман Сержанұлының курсқа баруда да ең белсенді мұғалім екенін айтып отырады. Санамалап отырсақ, соңғы 5 жылда «Жаңартылған білім мазмұны», «Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау», «Қашықтан оқуды үйренемін» т.б. әр жыл сайын бір курстан өтіп отырыпты.

Сол курстан өтуінің және үзіліссіз ізденісінің арқасы шығар 2018 жылы педагог-зерттеуші біліктілік санаты бойынша тест сынағынан аталған санаттан жоғары балл жинап, педагог-зерттеуші атанды. Биылғы жылы педагог-шебер біліктілік санатына тест сынағын тапсырып, сүрінбей өтті. Білімінің тереңдігін осы деректер де айғақтаса керек.

Ұлы Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман туралы өлеңінде:

«Көргені мен білгені,

Сексендегі шалдан көп» - деп сүйсінісін жасыра алмаған екен. Арман туралы айтсақ та, ойымызда осы өлең жолдары тұрады.

Кейде Арман білім додасы үшін жаралғандай көрінеді. Әлі есімде, сонау 2014 жылы небары үш жылдық педагогикалық өтілі бар Арман аудандық «Бойыңдағы дарыныңды аша біл!..» жас мамандар байқауында білім саласын өркендетуге байланысты өрелі ойлар айтып, көрермендерді бір таң қалдырды. Өзінің ізденістері жайлы да ойларын ортаға салды. Әсіресе сабағының өте жоғары деңгейде өткенін сол кезгі қазылар алқасы мүшелері тамсана айтып жүрді.

Білім саласындағы таусылмайтын ұзақ жол оған қол бұлғаған арман сынды. Сол жолда ізденеді, сырласады, білгенін ортаға салады, әр жұмысына рефлексия жасап отырады. Кері байланыстар арқылы өз сабағын зерттейді. Бәрінен де білім саласындағы бәйгелерге доданы күткен тұлпарлардай асығып тұрады.

Әсіресе 2019 жыл Арман үшін сан бәйгені бастан өткерген жыл болды. Математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің І облыстық шығармашылық байқауында арнайы Алғыс хатпен, «Математика пәні мұғалімдерінің І республикалық шығармашылық байқауында 3-орын, «Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасында арнайы дипломмен, Қызылорда қаласында өткен Асқар Жұмаділдаев атындағы халықаралық олимпиадада 3-орынға, облыстық «Жылдың үздік мұғалімі-2019» байқауында ІІ орынға ие болды. Және осы байқаулардың бәрінің алдында аудандық кезеңнен топ жару талабы тұрғанын ескерсек, Арман асқан асулардың қаншалықты көп екенін және осы аталған жүлделер тек өткен 2019 жылдың ғана еншісінде екенін айта кеткеніміз орынды.

Арманның осындай жетістіктерге жетуінің де баспалдақтары бар. «Осы жүлделерімнің барлығының баспалдағы ретінде 2018 жылы Алматы облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталағының ұйымдастыруымен өткен «Математика пәні

(суретте: Арман Тоғанбайұлы академик А.Жұмаділдаевпен)

мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы» болды. Аталған байқаудың шарттары да, талаптары да, сұрақтары да бізді іздендіруге жетеледі» деп еске алады Арман Сержанұлы. Иә, сол өребәйгеде де маңдай терін бес төгіп, топ жарып, ІІ жүлделі орынға ие болды.

«Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкірттерінің жеңісі» дегендей, Арманның шәкірттері де талай пән олимпиадаларында да топ жарып жүр. Математика пәнінен дайындаған Марат Еркеназ, Әлімхан Елдар, Вотина Елена, Мұрат Есма сынды шәкірттері – аудандық, облыстық олимпиада жүлдегерлері.

Арман тек мектептегі ұлағатты ұстаз ғана емес, жанұяда да сабырлылық пен тарасаттылық танытқан шаңырақ иесі. Балқаш ауданында «Математиктер жанұясының» мүшесі атанған Арманның жолдасы Айгүл Сұлтанбек те – математика пәнінің мұғалімі. Екеуі 5 бала асырып отырған жарасымды жанұя.

Иә. Арман алған асулар осындай. Енді алда биік шыңдар күтіп тұр... Отызында орда бұзған Арманның қырыққа жетпей-ақ сол асқар шыңдарды бағындыратынына сеніміміз мол.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!