Арман сабағы:«Жақсы қасиет – жан азығы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арман сабағы:«Жақсы қасиет – жан азығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға өздерін тануға, сезімі мен қабілетін түсінуге көмектесу, өз- өздерін бақылау арқылы өздерін тани білуге баулу. Айналадағы ортамен үйлесімді қарым- қатынас жасауға дағдыландыру. Әр баланың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Арман сабағы:«Жақсы қасиет – жан азығы»

Мақсаты: балаларға өздерін тануға, сезімі мен қабілетін түсінуге көмектесу, өз- өздерін бақылау арқылы өздерін тани білуге баулу. Айналадағы ортамен үйлесімді қарым- қатынас жасауға дағдыландыру. Әр баланың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, дамыту.

Көрнекілігі: қағаз, қалам, жауап парағы

Барысы

  1. «Танысу» жаттығуы.

Нұсқау: Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін айтып, бір қимыл көрсетеді. Келес қатысушы алдындағы және өзінің есімін айтып тағы қимыл жасайды. Ол қимыл қайталанбау керек. Біз бір-бірімізбен таныстық.

  1. «Көңіл-күй суреті» жаттығуы.

Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйінен білінеді, көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса, көңіл-күйімізді біліп алайық: тақтаға назар аударсақ. Сендер әрбір үйдің өсіп келе жатқан гүлісіңдер. Енді осы гүлге көбелек қондыруымыз керек..мына қағаздан қиылған көбелекке көңіл-күйімізді жазып тақтадағы гүлге қондырамыз.

Гүлдің бетіндегі көңіл-күйлерің өте жақсы екен. Мен сабырлы жылылықты, көңілдеріңнің күндей екенін көріп тұрмын. Көңілді адамдардың бет-әлпеті сұлуланып, нұрлана түседі. Көңіл-күй адамға қанат бітіреді. Осында отырғандардың барлығының жүзінде күннің шуағы төгіліп тұрғандай, бөлмемізге жарық беріп, жүрегімізді жылытқандай. Осы жақсы көңіл-күймен ары қарай сабағымызды жалғастырайық.

  1. «Болады, болмайды» жаттығуы.

Барысы: Мен қазір сендерге бірнеше сөйлемдер айтамын, егер ондай мүмкіндік болатын болса, онда қолдарыңды шапалақтайсындар, егер мүмкін болмаса – аяқтарыңды топылдатасыңдар. Кострюлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.

IY. Өзін-өзі бағалау. «Мен қандаймын?»

Өзін-өзі бағалай білу қоғамдағы өзге адамдармен тіл табыса білуге, тіршілік етуіне және өзгелерді де танып білуге мүмкіндік береді. Олай болса өзіңді танып білуге мүмкіндік береді. Олай болса өзіңді танып бағалай біл дей отырып «мен қандаймын?» деген сұраққа жауап беріп көрейік. Алдарыңыздағы бланкідегі 10 жағымды қасиеттерді оқи отырып, өзіңізге сай келетін қасиеттерді белгілеп шығасыздар. Сонымен қатар өз – өздеріңді қалай қабылдап бағалайтындарыңды анықтайсыңдар.


Мен қандаймын?

Иә

Жоқ

Кейде

Білмеймін

1

Мен жақсымын





2

Мен қайырымдымын





3

Менақылдымын





4

Мен тиянақты, ұқыптымын





5

Мен тілалғышпын





6

Мен ықыласты, зейіндімін






7

Мен сыпайымын





8

Мен ақылды, қабілеттімін





9

Мен еңбекқормын





10

Мен шыншылмын





Нәтижені бағалау:«иә» — 1 ұпай;«жоқ» — 0 ұпай;«білмеймін, кейде» — 0,5 ұпай 10 ұпай –өте жоғары;8-9 ұпай – жоғары 4-7 ұпай – орташа; 2-3 ұпай – төмен;

0-1 ұпай — өте төмен деңгейде деп бағалап, тани білетіндеріңді анықтаңдар

YI. Релаксация. «Мен бақытты баламын»

«Бір, екі, үш, ал көзімізді жұмамыз да гүл бағына саяхатқа барамыз.

  • Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!

  • Әсем, әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр!

  • Гүлдерге қарап күн күлімдейді. Гүлдер күлтелерін ашып, күнге күлімдейді.

  • Қараңдаршы! Бақтағы сайраған құстың даусы, сылдырлап аққан судың даусы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқыған гүлдердің хош исі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан өздеріңе ұнаған гүлдерді теріп алып, ең жақын, ең жақсы досыңа сыйла.»

Енді көзімізді ашамыз. Сіздерге қандай гүл ұнады? Көңіл-күйлерің қандай болды.

YII.Сабақты аяқтау.

Сіздердің әрқайыстарыңызға қағаздан қиылған «жүрекшелер» беріледі. Сол жүрекшелерге жүректен шыққан жылы тілектеріңізді жазып «шынжыр» әдісімен бір- бірлеріңізге беріп шығыңыздар.

«Жан бірлігі өлеңді оқып шығамын» Әуелде бір суық мұз- ақыл зерек.

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек Тоқтаулық, талапты шыдамдылық Бұл қайраттан шығады, білсек керек


Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.


Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.

Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің жөнін білек.


Осы өлеңдегі жақсы қасиеттерді атап жіберейікші. Олай болса осы жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіре отырып, Егеменді еліміздің білімді, саналы, тәрбиелі, ұлт жанды азаматы болып өсулеріңе тілектеспін.

Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет.

Сабақты қорытындылау


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2018
406
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі