Астана қаласы әкімдігінің
«Мамандандырылған балалар үйі» МКМ Наурыз мерекесіне арналған
сценарий.
Тақырыбы:
«Армысың,
Әз-Наурыз»
Мақсаты: Балаларды салт-дәстүрмен
таныстыру. Қазақтың ұлттық өнерінен, мәдениетінен тәлім-тәрбие
беру. Ұлтжандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сахнада, көпшілікте
өзін-өзі ұстауға дағдыландыру.
Барысы: Музыка залы мерекелік
тақырыпқа сай безендірілген. Роза Рымбаеваның «Наурыз -думан» әуені
ойналып тұрады. Музыка тоқтаған кезде
(сахнаға 2 кернейші шығады
10-15 секунт керней тартады)
Сырттан
дауыс:
Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған біз
бар!
Естімеген
–естіңіздер!
Тыңдамаған –
тыңдаңыздар!
Таяқ жерге
тасталды,
Наурыз тойы
басталды!
/Музыка ойналады биші қыздар
қазақша би билейді, балалар залға кіреді/
/би аяқталған соң сахнаға
жүргізуші шығады/
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,
бүлдіршіндер, балалар үйінің ұжымы. Ақтың молаятын, Жарықтың
ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, өмірдің
жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезі- Наурыз
мейрамы құтты болсын!
Ал халайық
тұрмайық,
Әндетейік
жырлайық,
Ортамызды
ашайық,
Өлең-жырға
басайық.
Қазақтың бір салты
деп
Тойға шашу шашайық! – деп әже
шығып шашу шашады.
/Баяу музыкамен сахнаға «Жер
ана» шығады/
Аластау
рәсімі:
Алас, алас пәледен
алас,
Алас, алас баладан
алас.
Алас, алас жаманнан
алас,
Көзі жаманның көзінен
алас
Тілі жаманның тілінен
алас,
Елімнен алас, жерімнен
алас,
Алас, алас, алас,
алас!
/әже сахна сыртына
кетеді/
Жүргізуші:
Армысың
наурыз!
Қуаныш боп кір,
төрлет!
Ел болып
саған,
Көрсетіп жатыр
сый-құрмет.
/Музыкамен Наурызым билеп
шығады. Бидің 2-3 элементін жасайды/
Наурызым-қызының
сөзі:
Сәлем ана, алтын
күн,
Сәлем қарты
халқымның.
Уақытыма риза
боп,
Бақытыма
шалқыдым.
Ашық болсын
күніміз,
Ашылады
нұрымыз.
Бай тұлғалы
өңірде,
Айтылады жырымыз! деп Жер
ананың қасына барып тұрады.
Жүргізуші: Сәйгүліктей
ағайық,
Жасын болып
жанайық,
Қыдырдайын
атамызды,
Ортаға
шақырайық!
/Осы кезде сахнаға Қыдыр ата
келеді./
Қыдыр ата Гүлзада апайдың
сөздері:
Ұлыстың ұлы
күнінде,
Ұлың оңға
қонсын,
Қызың қырға
қонсын.
Қыруар малың өріске
толсын,
Елдеріңнің іргесі берік
болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім
болсын,
Сөздерің серттей берік
болсын,
Еккендерің өнімді
болсын,
Өмірлерің көңілді
болсын,
Ақ мол
болсын,
Уайым- қайғы жоқ
болсын,
Сапарларың оң
болсын,
Дәулетіңді
асырсын,
Дұшпаныңды
қашырсын!
Әумин!
Жүргізуші: Қыдыр ата, Жер ана, Наурызым
сіздерге де наурыз мерекесі құтты болсын, енді бүлдіршіндеріміздің
дайындаған мерекелік ән, тақпақ, билерін
тамашалаңыздар.
Әнім де саған, биім
де
Құт қонақ өзің
үйімде.
Қуаныш сыйлап
еліме,
Күлімде, Наурыз
күлімде.
Өнерлі, өршіл
өренді
Халық жақсы
көреді.
Мың бұралған
бишіге
Енді кезек
келеді.
«Шиелім» тобы қыздарының
орындауында «Домбыра» биі. Қабыл
алыңыздар! I
Балалар қазақта ұлттық ойындар
көп. Келіңдер «Көрпеше» ойынын
ойнайық. II
/музыка ойнағанда балалар
көрпешені айналып жүреді, музыка тоқтағанда көрпешеге
отырады./
Жүргізуші: біздің бүлдіршіндер мың
бұралып билегеннен басқа наурыз, бас қаламыз Астана туралы көптеген
тақпақтар біледі. Өздерінен сұрап көрелік.
III.Тақпақтар
1. Наурыз келді құт
болып,
Мынау бізге сүт
болып.
Аққа аузымыз
толады,
Бар жақсылық
болады.
2. Көктем, көктем,
көктемде,
Құстар келіп
жеткенде.
Қуанып бір
қаламыз,
Әнмен қарсы
аламыз.
3. Наурызды
халқымыз,
Жыл басы
санайды.
Көнермей
салтымыз,
Көп елге
тарайды.
4.Наурыз келді,
алақай,
Кел, билейік,
балақай.
Бізде қарап
тұрмайық,
Тойға шашу
шашайық.
5.Астана – бас
қала,
Астана – жас
қала.
Астана – арман
қала,
Астана – сұлу
қала.
7. Қазақстан
еліміз,
Қазақстан
жеріміз.
Қазақстан
нұрымыз,
Осы үйдің
гүліміз.
Жүргізуші:Наурыз
тойым!
Құтты болсын
халайық!
Қане
достар
Шырқап әнге
салайық!
Аяулым қыздарыңыздың
орындауында «Әлди-әлди»әні. Қабыл
алыңыздар! IV
Жүргізуші: Балалар мен сендерді бас
қаламыз Астананың әсем ғимараттарына саяхат жасауға
шақырамын.
«Паровоз» ойыны.
V
Келесі кезекті «Шиелім» тобы
жігіттерінің орындауындағы «Қамшы» биіне
берейік. VI
Жүргізуші:
Пай-пай шіркін қазақтың ұлттық
ойындарына не жетсін. Енді біз сіздермен тағы бір ойын ойнайық.
Ойын «Тақия
тастау» деп
аталады. VII
Домбырашылар ансамблі.
VIII
Жүргізуші:Қазақтың ұлттық ойындарының
бірі «Ат
жарыс»
/балаларды екі топқа бөліп ат
жарыстыру./
IХ
Жүргізуші
:Біз қазақ халқы дәстүрін
қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген
халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы
бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы
бар.
Сәбидің кейбір кезін
қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі
бар.
(Ортаға қонақтардан бірнеше
адам шығарып тұсау кесер рәсімін өткізеді. Балаға тілектерін
айтады. 2-3 баланы дайындап қою қажет)
Жүргізуші: Наурыз айы
келгенде,
Күн шуағы
шашылып.
Жылғалардан су
ағып,
Ақ әжелер
құлпырып.
Наурыз көже
пісіріп,
Қонақтарға тартамыз. Ұлттық
тағамның бірі наурыз көжеден дәм
татыңыздар.
(Қонақтарға наурыз көже
таратылады.)
Жүргізуші:Сөз кезегі Астана қаласы
әкімдігі Мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Кенжебаева
Сәуле Кенжетаевнаға беріледі.
Қонақтарға
сөз.
Жүргізуші: құрметті ұжым, қонақтар!
Наурыз мерекесіне арналған кешіміз осымен аяқталды. Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға рахмет. Наурыз баршаңызға бақыт әкелсін. Келесі
кездескенше сау-саламат болыңыздар.
Астана қаласы әкімдігінің
«Мамандандырылған балалар үйі» МКМ.
«Армысың,
Әз-Наурыз»
Орындаған: Марат
Ж.
Астана
2018жыл