Арнайы пәндерде электронды оқулықты қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арнайы пәндерде электронды оқулықты қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ


21 КОЛЛЕДЖ



Шығармашыл тұлғаны қалыптастыра отырып, кәсіптік мамандықты жете меңгеру жолындағы ізденістер тақырыбында колледжішілік

семинар





Баяндама

Тақырыбы: «Арнайы пәндерде электронды оқулықты қолдану»

Shape1



Орындаған: арнайы пән оқытушысы Абдуахит.Б





Түркістан қаласы – 2018 жыл

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

















































І. Кіріспе

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Электрондық оқулық дегеніміз - мултимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары: есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Қазіргі кезде колледжде жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қа-лыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен оқытушыға (мұғалімге) байланысты. Қазіргі заман оқытушысынан (мұғалімінен) өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан оқытушының (мұғалімнің) сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан колледждің техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының колледжден алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек.Мен өз сабағымда электронды оқулықтарды пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру (практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары(есептер) оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.

ІІ. Негізгі бөлім

Сабақтың жоспары

Тақырыбы: Қосиінді-бұлғақты механизм

Сабақтың тақырыбы: Иінді-бұлғақты механизмнің бөлшектері және оның ақаулары.

Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты

1.Білімділік: Қозғалтқыштың қосиінді-бұлғақты механизмін бөлшектеу, жинау және реттеу жолдарын үйрете отырып, студенттердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

2.Тәрбиелік: Студенттерді кәсіби біліктілікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өздігінен шешім қабылдай білуге және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Студенттердің техникаға деген сүйіспеншілігін, ойлау дағдысы мен пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: зертханалық, бинарлық сабақ.

Уақыты: 45 мин

Оқыту формасы: жеке, топтық.

Пәнаралық байланыс: еңбекті қорғау, физика, материалтану, ТҚК.

Сабақтың материалдық – техникалық жабдықтары: оқулық, плакаттар, компьютер, интерактивті тақта, интербелсенді мультимедиялық оқыту компьютерлік бағдарламасы, тақырыпқа арналған слайд, кілттер жинағы, балға, үстел, HONDA қозғалтқышы.

Әдебиет: Жүнісбеков П. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы. Оқулық. 3-басылым. – Астана: Фолиант, 2013. – 55 бет.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі. (3-4 мин)

1. Топпен сәлемдесу, студенттерді түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2. Киімдерінің техникалық қауіпсіздік ережелеріне сай екендігін қадағалау.

ІІ. Кіріспе нұсқау. (10-12 мин)

Арнайы пән оқытушысы. Топты екіге бөлу арқылы кіріспе нұсқауды бастаймын. Интербелсенді мультимедиялық оқыту компьютерлік бағдарламасын пайдаланып, үй тапсырмасынан сұрақтар мен тапсырмалар беремін.

І-топ. 1-тапсырма. Технологиялық реті бойынша автомобильді құрылымдық бірліктерге бөлшектеңіздер?

Shape2

ІІ-топ. 1-тапсырма. Цилиндр суреттеріне рет-ретімен басып отырып төрт тактылы қозғалтқыштың жұмыс циклын анықтаңыздар?

Shape3

Интербелсенді мультимедиялық оқыту компьютерлік бағдарламасын пайдаланып топқа кезек кезек сұрақтар беру.


Shape4



Shape5 Shape6


Shape7


Shape8


Shape9


ІІІ. Ағымдағы нұсқау (кезекті нұсқау). (18-20 мин)

Өндірістік оқыту шебері

Қосиінді-бұлғақты механизм ақауларынан қозғалтқыш жұмыс істеген кезде әртүрлі шу мен тарсылдар байқалады және цилиндрлердегі компрессия азаяды, поршень үстіндегі кеңістіктен картерге газдар жоғарғы мөлшерде өтеді. Қозғалтқыштағы дүрсілді стетаскоппен тыңдап біледі. Бұл үшін стетаскоптың стерженін қозғалтқыштың дүрсіл пайда болу мүмкіндігі бар жерлеріне тигізеді. Жану камерасы мен поршеньдерді күйеден тазарту үшін салқындату жүйесіндегі сұйықтықты (суды) ағызып, күбішіктерді (шлангілерді) ажырату, цилиндрлер қалпақшасының қақпағын шығарып алып, гайканы босату, цилиндрлер қалпақшасын блоктан абайлап ажыратып алу қажет. Күйені ағаш қырғышпен немесе жұмсақ металдан жасалған қырғышпен тазартады. Күйені тазарту алдында детальдарды керосинмен (бензинмен) майлап оны жұмсартады.


ІV. Қорытынды нұсқау. (8-10 мин)

Арнайы пән оқытушысы. Қорытынды нұсқауда интербелсенді мультимедиялық оқыту компьютерлік бағдарламасын пайдаланып, топқа тапсырмалар беремін.

І-топ. 2-тапсырма.


Shape10


ІІ-топ. 2-тапсырма.


Shape11

Shape12

V.Үйге тапсырма. (2-3 мин)

1. Стетоскоп түрлерін анықтап жазып келу.

2. Жүнісбеков П. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы. IІ бөлім. §4.5 қысқаша конспект жазу. Оқулық. 3-басылым. – Астана: Фолиант, 2013. – 55 бет.



ІІІ. Қорытынды

Қорыта келгенде электронды оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Shape13

Сонымен қатар электронды материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының (мұғалімнің) тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.







ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

1. А.Қозыбай, Н.Жексенбиева. «Кәсіптік білім беру жүйесіндегі қазіргі оқыту технологиялары». Астана-2015 жыл.

2. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбекoв, Г.Мадиарoва, “Инфoрматика және есептеуіш негіздері” Алматы – 2005 жыл.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2018
475
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі