жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Арнайы спорттық әдістерді орындау барысында қозғалысты жетілдіру
|
Мектеп |
«№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
|
|
Мұғалімнің аты-жөні |
Ерғали Ерлан Ғарифуллаұлы |
|
|
Сынып |
7 «А» |
7 «Ә» |
|
Күні |
18-20.05.21 |
18-20.05.21 |
|
Қатысушылар саны: |
|
|
|
Қатыспағандар саны: |
|
|
|
Бөлім |
8-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы белсенді өмір салты |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Арнайы спорттық әдістерді орындау барысында қозғалысты жетілдіру. |
|
|
Оқу мақсаттары |
7.1.3.3 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіру және жинақтау |
|
|
Сабақ мақсаттары |
Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін үйлестіру |
|
|
Бағалау критерийі |
Спорттық техникалардың орындалуын ойын барысында көрсетеді |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: атлетикадағы қозғалыс белсенділігіне қатысты өз түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады. Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды: екпін алу, итерілу, ұшу, қону; физикалық қасиеттер: күш, жылдамдық, төзімділік; лақтырулар: итеріп лақтыру, итеру, жоғары лақтыру; ұшу сатысы; қауіпсіздік, қауіп-қатер; сөрелік екпін алу, қашықтық бойымен жүгіру, мәреге жету. Талқылауға арналған сұрақтар: - секіру біздің жүрек соғысымызға қалай әсер етеді? - сабақтарда қандай қауіпсіздік ережелеру болуы тиіс? - оқушылар лақтыруларды орындайтын жаттығуларда қауіп-қатерлерді қалай қысқарта аласыңдар? |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді. Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды. Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді. Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады. Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады. |
|
|
Пәнаралық байланыстар |
Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка |
|
|
АКТ қолдану дағдылары |
Ұялы телефон, планшет, ноутбук |
|
|
Бастапқы білім |
|
|
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
|
Сабақтың кезеңдері |
Оқушының әрекеті |
Педагогтің әрекеті |
Оқу ресурстары |
|
Сабақтың басы 10 минут |
Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру. |
Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау. |
Үлкен ойын кеңістігі, ысқырық, бор |
|
Сабақтың ортасы 25 минут |
(С, Ж) Белгі бойынша «мөңке балықтар» басқа тұсқа қарай жүгіреді. «Шортан» оларды аулайды. Ұсталған «мөңке балықтар» (төрт-бес) қолдарынан ұстап, алаңға көлденең тұрады да, тор жасайды. Енді «мөңке балықтар» алаңның басқа тұсына тор арқылы өтулері тиіс (қолдың астымен). «Шортан» тордың артында оларды аңдып тұрады. Ұсталған «мөңке балықтар» сегіз-тоғыз болған кезде, олар кәрзеңкелер – жүрігіп өту керек болатын шеңберлер жасайды. Мұндай кәрзеңке біреу болуы да мүмкін, онда оны 15-18 қатысушы қол ұстасып бейнелейді. «Шортан» кәрзеңке астынан орын алады және «мөңке балықтарды» ұстайды. Ұсталған «мөңке балықтар» көп болған кезде, ойыншылар тұтқырлар – ұсталмаған «мөңке балықтар» жүгіріп өтетін дәліз түзеді. «Шортан» тұтқырдың шығысында тұрып, оларды ұстайды. Соңғы қалған ойыншы жеңімпаз болып есептеледі. Оған жаңа «Шортан» рөлі тапсырылады. |
Ойын жетекшінің белгісі бойынша басталады. Барлық «мөңке балықтар» жүгірген кезде тор, кәрзеңке және тұтқырлар арқылы өтуге міндетті. Тұрғандар оларды кідірте алмайды. Кәрзеңке түзетін ойыншылар өрілген қолдарын «шортанның» арқасына лақтыра алса, «шортанды» ұстай және оны кәрзеңкеге қуалай немесе тұтқырда жаба алады. Бұл жағдайда барлық «мөңке балықтар» босатылып, жаңа «шортан» таңдалады. |
|
|
Бір орыннан ұзындыққа секіру әдісін көрсетіңіз. Белгіленген жерден сызықты баспай, қос қолмен алға қарай серпіле секіріңіз. Секіру кезінде қос аяқпен түсіңіз. Дескриптор - секіру техникасын көрсетеді; - секіру әдісін орындау барысында фазаларды орындайды; - ұзындыққа секіру әдісін көрсетеді; - сызықты баспай секіреді; - қос қолмен алға қарай серпіледі; - қос аяқпен секіреді. |
|||
|
|
|
||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Сабақты қорытындылау: Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. |
||
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау? |
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім. |
Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды. |
Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау |
|
Сабақ бойынша рефлексия -Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? -Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? -Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? -Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? -Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ |
|
|
Жалпы баға Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)? _____________________________________________________________________________________________________ Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)? _____________________________________________________________________________________________________ Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт? _____________________________________________________________________________________________________ |
||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген