Артикуляцияның ән айтудағы маңызды ролі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Артикуляцияның ән айтудағы маңызды ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка,вокал пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Артикуляцияның ән айтудағы маңызды ролі»


    Сабақтың мақсаты Әншінің музыкалық жаттығуларды және вокалдық

шығармаларды орындау барысында, әннің сөздерін дұрыстап айту арқыл артикуляциялық аппараттың жетілдіруі және қою.

Білімділік: Оқушының вокалды-техникалық  дағдылары бойынша алған білімдерін жүйелеп,толықтыру.

Дамытушылық:  Вокалды-техникалық әдіс-тәсілдерді жетілдіру және оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Музыка тыңдату арқылы оқушыны сүйіспеншілікке, адамгершілікке, мамандыққа баулу.

Сабақтың түрі: Қайталау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ жауап,Түсіндіру. Талдау. Жеке-дара жұмыс. Шығармаларды орындау.

Техникалық құралдар: Интерактивтік тақта,слайд-шоу, аудио диск.

Орындалатын шығармалар:  Б.Бейсенова «Ауылым - алтын бесігім»

 Б. Нұрмышева «Табиғат» В.В.Емельяновтың «Артикуляциялық гимнастика»

 Жаттығулар жинағы: А.Молдагаинов, Ж.Рахимова «Уроки музыки и пения» постановка голоса.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының дайындығын тексеру. Вокалды-техникасын

қалыптастыруда ең маңызды рөл атқаратын жұмыс күнделікті жаттығуларды дұрыс

жүргізу және оқушының оны түсініп орындауы.

Әрбір жаттығуды орындау кезінде оқушыға қандай мақсатпен, қалай айту керектігін

түсіндіру.

 1.Дауыс аппаратына арналған гимнастикалар, жаңылтпаштар,  яғни дауысты 

жаттықтыратын жаттығулар.

2. Дауыс-бұл музыкалық аспап. Дауысты дұрыс қою үшін-вокалдық шығармаларды дұрыс айту, яғни ән айту.

3. Ең алдымен тыныс алу жолдарын қайталау, жаттығулар жасау.

Вокалдық жаттығулар дауыс аппаратын дамытады. Сондықтан біз Емельяновтың дауыс аппаратына арналған жаттығуларды жасаймыз.

Келесі жаттығу ерін мен жұмыс жасау жаттығуынан бастаймыз, кейін «р» әрпін дұрыс анық айтқызып жаттығулар жасату.

- Әр түрлі буындарды «legato» және «staccato» түрінде орындау

-  Миии-ааааа-миии-ааааа

-  Жаттығуды дауысты дыбыстармен немесе буындармен айтқызу.

- Нара-ри-пам-пам

- Та-та-та-та-та-та-та

- И-и-и-и арпеджио

Жаңылтпаштар:

 1.Қар жауды

үсті-үсті, Түс-түсты, қыс қысты.

2.Кер құлан ба,

Кер құнан ба.

«ұ», «і», «ы», «р» әріптерін дикциялық жаттығу.

2.  Кезең.

Үй тапсырмасын тексеру:

-  Әннің сөзін жаттау, әуенін таза айтып келу.

-  Б.Бейсенова «Ауылым алтын бесігім» әннің сөзін және  қателескен

жерлерімен жұмыс жасау. «Белгіленген сөздер мен жұмыс жасап, көрсету, үйде

орындап келу.

3.Кезең.  Келесі ән «Табиғат»  авторы және әуенін жазған Баян Нұрмышева.

  Әннің авторымен  қысқаша таныстырып өту.

4. Жаңа тақырып.

«Табиғат» әнімен жұмыс істеу. Әннің әр шумағында айтылатын сөздерге екпін қою, артикуляцияның жақсы жұмыс жасауын қадағалау.

а) Артикуляциялық  туралы түсініктеме. Артикуляция – (латынша) – айтылу, айту деген мағынаны береді. «Артикуляция» - сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметі.

б) «Табиғат» әнімен артикуляция тақырыбын ұштастыру.

5. Кезең. «Табиғат» әніне талдау жасау.

Қорытынды: Артикуляцияға байланысты әр түрлі буындарда жаттығулар айтқызу.

6.Үй тапсырмасы: Артикуляцияның ән айтудағы мақсаттары мен ережелерін жатқа айту.
Емельяновтың дауыс аппаратына арналған жаттығуларды жасау.
7. Бағалау.

 

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2020
528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі