Артпедагогика негіздері: Өнертанулық талдау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Артпедагогика негіздері: Өнертанулық талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық өнер - педагогика мен өнердің бірігуіне негізделген және өнер арқылы адамның тәрбиесі мен даму заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Артпедагогика теория мен практиканы дамытумен айналысады, адамдардың көркемдік даму процесінің теориясы мен практикасын дамытуды қамтамасыз етеді, өнер және көркемдік-шығармашылық қызмет арқылы тұлға мәдениетінің негіздерін қалыптастырады. Педагогикалық әрекеттестіктің әрқилы деңгейлері мен сипатын сөзбен өрнектеуде бірнеше термин түсініктер колданылады: «педагогикалық өнер», «педагогикалық шеберлік», «педагогикалық техника», «педагогикалық технология».
Материалдың қысқаша нұсқасы



Артпедагогика негздері: өнертанулық талдау

Аңдатпа: Мақаладаның орталық мәселесі - өнер педагогикасы жүйесінде біріктіруші принциптерді іздеуге көше отырып, студенттердің кез-келген ақпарат түрін немесе практикалық жұмысты толық игеруі үшін педагогтың қызметі де сол заңдарға негізделуі керек екенін мойындау керек. Бұл: ертегілерді, эпостарды, суретшінің өмірі мен шығармашылығын зерттеу, қолөнерді игеру, шығармашылық қызмет өнімін жасау. Өнердегі кез - келген құбылысты интеграцияланған игеру процесі педагогтың ерекше дайындығын қажет етеді, білім алушы тарапынан ойлау, қиял, түйсігі, сана, білімді бір ойлау пәнінен екіншісіне – педагог пен мен студенттің өзара шығармашылығы жағдайында беру қабілетін белсенді түрде қамтиды

Кілт сөздер: өнер педагогикасы, эстетикалық пайым, артопедагогика

Педагогикалық өнер - педагогика мен өнердің бірігуіне негізделген және өнер арқылы адамның тәрбиесі мен даму заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Артпедагогика теория мен практиканы дамытумен айналысады, адамдардың көркемдік даму процесінің теориясы мен практикасын дамытуды қамтамасыз етеді, өнер және көркемдік-шығармашылық қызмет арқылы тұлға мәдениетінің негіздерін қалыптастырады. Педагогикалық әрекеттестіктің әрқилы деңгейлері мен сипатын сөзбен өрнектеуде бірнеше термин түсініктер колданылады: «педагогикалық өнер», «педагогикалық шеберлік», «педагогикалық техника», «педагогикалық технология». Педагогикалық іс-әрекет пен оқу-үйретімнің ең жоғары жетістігін педагогикалық өнер деп атау қабылданған. Педагогикалық өнер - бұл педагогикалық үдерістің жоғары тиімділігін айқындаушы белгілі кәсіптік, іскерлік және тұлғалық сапалардың бірлігі. Бәсекеге қабілеттілік кәсіби білім - ұлттың рухани жаңаруының негізі. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі, білім беру жүйесі әрбір педагог қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну. Көркем бейнелер жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам ісәрекетінің жеке өзіне тән ерекшелік формасы, өмір шындығы ол - өнер. Өнер - қоғамның өте ертеден пайда болған ең көне формасы, негізінен технологиясы мен эстетикалық жағынан асқан шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрі. Өнердің танымдық маңызы мен тәрбиелік мәні өзара тығыз байланысты, өмір шындығын тиімді көркемдік тәсілдермен танытып, адамның сезімі мен ақылына әсер етеді. Өнер, мәдениеттің өзекті бөлігі - айнасы. Елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Өнер - адамның әлемді көркемдік жағынан игеру әрекеті. Сондай әрекеттің бірі - халқымыздың бейнелеу өнері, соның ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік қолөнері, әшекейлеу әдістері арқылы көрініс табатын бейнелеу өнері тілінің тәлімтәрбиелік, эстетикалық-танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Оның үстіне қазақ халқы өнері өзінің бай тарихы, терең мәдени-философиялық мазмұны, өзіндік ұлттық сан-қилы ерекшелігімен қымбат әрі құнды. Сондықтан, өнер мен мәдениет негіздерін көрсету, танып-білу, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәлім-тәрбие беру үдерісінде қажетті мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі жалпы білім беру жүйесінде бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттарын жүзеге асыруда ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін ескеру өмір талабы болып отыр. Өйткені түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойындар т.б. халықтық рухани сезімін, адамгершілік қасиетін, мінез-құлқын қалыптастырып қана қоймай дүниетанымын кеңейтіп, түрлі білімдер, соның ішінде көркемдік – эстетикалық кескіндеме өнері негізінен мағлұмат береді. Өйткені шығармашылық ізденуде студенттер форма мен композициялық тәсілдерді еркін игеру арқылы көркем шығарманың мазмұнын жетілдіре түседі. Бейнелеу өнері басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор. Оның басты мақсаты өмір шындығының қос қағымдық ерекше бір мезетін көркем бейнелеу арқылы мәңгілікке тоқтаудың қыр-сырын жастарға үйрету содан эстетикалық тәлім тәрбие беру. Айналадағы өмір шындығын көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс. Өнерді терең қабылдау үшін ең алдымен оны сүйе білу, оған деген қажеттілікті сезіну, оған енжар көз тастамай, қызу зейін қою керек. Көркем шығарманы жан - жақты түсіну, оның мәніне терең бойлай ену үшін асықпау керек. Бейнелеу өнерін меңгеру - мұның өзі де білім мен дағдыларға ие болу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2024
142
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі