Материалдар / Арулар асыл жандар

Арулар асыл жандар

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қырқүйек 2018
353
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Арулар асыл жандар

Мұғалім : Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерге көптен күткен «Арулар асыл жандар » атты байқауымызды тарту етпекшіміз . -Біздің халқымызда « Қыз » деген сөздің өзі әдеміліктің , әдептіліктің , жан – жақты сұлулықтың белгісі ретінде қолданады . Халқымыздың ауыз әдебиетінде : Қыз емес қыздың аты аты қызыл алтын , Көрінер толған айдай жүзі жарқын . Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес , Халқының сақтай білген ізгі салтын . -деген өлеңі бар . «Қыз өссе елдің көркі , гүл өссе жердің көркі » деген мақал бар. Осынын бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктігінен, өнер –білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөз. Халқымыз қыз баланы ардақтап, мәпелеп өсіреді.
  • Әділ қазылар алқасын тағайындау.
  • Енді « Арулар асыл жандар» байқауын сынып сұлтандары Базылбеков Қайсар мен Қасымов Ұлан жүргізеді.
Қайсар : Аналарды ардақтаған бабаларАруларды құрмет тұтқан даналарҚұтты болсын мерекесі көктемніңСіздер барда жүректерде жылу барКөктемдегі күндей болып жайнап тұрындарҚұтты болсын мерекеңіз аруларҚұтты болсын тойларыңыз аналар!

Ұлан : Аналарды ардақтаған халқымызЕртендерге жалғанады салтымызАналардың , арулардың қызығыҚұтты болсын 8- ші наурызыңызСіздер барда жүректерде жылу барКөктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдарҚұтты болсын мерекесі көктемнің Құтты болсын тойларыңыз аналар!

Қайсар: Уа , халайық , халайықМұнда назар салайықАруларын ортадаКөзайымын алайықҚайсы күйші , кім бишіТалабына қарайықКімдер зерек , кім тапқыр Таланттарын табайық

Ұлан :Асқар анау аталар Салиқалы аналарҰрпағың бұл тағы бірБүгін ару атанарУа, арулар, арулар!Ешкімің жоқ алаларАру болу үлкен сынОны қазың бағалар

Қайсар : Ал енді аруларымызбен танысыңыздар !« Қыз сыны » музыкасымен қыздар шығады . Екі жүргізуші оларды кезекпен таныстырып тұрады .1 . Сайысымыздын бірінші бөлімінде аруларымыздың өзін – өзі таныстыруы .

Назым: Руым – СеңгірбекСеңгірбек – Абылайдың батыры едіҚоныстап Көксеңгірде жатыр едіҚолынан Қорен қалмақ жазым болыпЖарықтық Ақтоғайда жатыр ендіИсатай – ұлы әкем жүзге келіп отырҚұдайым тілеуіне беріп отырӨмірде бұдан артық арман бар ма?Немере, шөбересін көріп отырӨзімнің үлкен әкем Қосар дегенАлпысқа осы қазір келіп отырАқылын балаларына беріп отырҮйдегі Жазбек деген өзім әкемӨсіріп мені әлпештеп бағып отырӨзімді таныстырсам атым Назым21 мектебімде оқып жүрмін

Гүлмарал:Дәуір қызы оқушы ГүлмаралмынАспанда жарқыраған ай маралмынОқу-білім арманым да, мақсатым даАқылменен терең ой бар мақсатым

Меруерт: Армысыздар жиналған көп халайықСәлемдесу жас аруға лайықРуым-Арғын, Тобықтының қызымынМен- Меруерт Төлеуханның гүлімін

Гүлмайра: Қызымын мен Талғаттың ГүлмайрамынӨнерім жаннан асқан шын сайраймынЖарысқа шығып тұрмын озамын депҚатарымнан мен де қалмай шығамын деп

Зухра: Армысыздар ХалайықСәлемдесу бізге лайықТаныстырсам өзімдіӘкем- Мүрат, Атым-ЗухраШешем аты-ИндираБүгінгі күн алдарыңыздаШығып тұрмын мен жарысқа

II. «Біреу білмегенді , біреу білер » демекші сайысымыздың екінші бөлімінде аруларымыз сұрақтарға жауап береді.
  • Сүттен жасалатын тағамдарды ата .
  • Қазақша жыл аттарын ата .
  • Қазақтың қандай батырларын білесің?
  • Қандай халық әншілерін білесің?
  • Әдептілік дегенді қалай түсінесің?
  • Қазақ ойындарын ата.
  • Жеті қазынаны ата.


III . «Тілдің майын тамызып, Сөздің балын ағызып, Қас арулар сөз айтар», - демекші сайысымыздың мәнерлеп тақпақ оқуымен таныс болыңыздар.

IV. « Жұмыстың көзін тап ,Түзудің тезін тап » , - демекші сайысымыздың 4 – ші бөлімінде аруларымыздың түйме қадауларымен таныс боласыздар. Кезекте түйме қадау!

V. Енді аруларға тән не қалды? Әрине, өнер. «Өнерлі өрге жүзер » демекші, қазір өнер сайысын тамашалап көңіл сергітейік. Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолында. Жарқырап жатыр жолында Өнерлінің ырысыСонымен өнер сайысы .

VI . Сайысымыздың ең соңғы бөлімінде аруларымыздың аналарына, ұстаздарына, сыныптас жолдастарыны айтатын құттықтау сөздерін тыңдаңыздар ! -Әділ қазылар алқасының қорытынды сөздері
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ