Материалдар / Ас қайда қорытылады? №62 Н.Төреқұлов атындағы жоббм
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ас қайда қорытылады? №62 Н.Төреқұлов атындағы жоббм

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспарында сабақ мақсатына жетуге бағытталған әдістер қолданылған. ЕББҚ оқушыға арнайы тапсырмалары бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Тамыз 2024
104
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәні

Жаратылыстану

Бөлім

Адам

Сабақтың тақырыбы

Ас қайда қорытылады?

Мұғалім

Елеуова Гульмира Амангельдиевна

Сынып

3 А

Күні

09.11.2023ж

Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;


3.2.3.2 - асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау;


Сабақтың мақсаты

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды;

Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды;

Құндылықтарды дамыту

Салауатты өмыр салтын ұстану, дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны қорғау

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сәлем, достым! (амандасады)

Қалай жағдайың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

2.Топқа бөлу.

«Мозайка» суреттер арқылы үш топқа бөлемін.

І топ: Ауыз ІІ топ: Тіс ІІІ топ: Асқазан

3.Үй тапсырмасы

«Балмұздақ таяқшасы» әдісі

Балмұздақ таяқшаларына сұрақтар жапсырып, оны стақанға саламын. Әр топ үш сұрақтан алады және жауап береді. арқылы сұрақтарға жауап аламын.

1. Дұрыс тамақтану деген не?

2. Тамақтың құрамында қандай құнарлы заттар болу керек?

3. Адам күніне неше рет тамақтану керек?

4. Таңғы асқа қандай тағам жеуге болады?

5. Сүт және ет тағамдары неліктен пайдалы?

6. Кешкі тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге?

7. Неге тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқуға, радио тыңдауға, теледидар көруге, сөйлеуге болмайды?

8. Адам неше күн тамақтанбай жүре алады?

9. Қандай тағамдарды пайдалы деп есептейсіңдер? Неліктен?

Топтарды бесжұлдыз, шаршы, үшбұрыш фигуралары арқылы бағалаймын.


4.«Миға шабуыл»

Оқушыларға алма таратып беремін. Алманы жей отырып, жеген тамақтың қайда баратынын бақылап, айтуларын сұраймын.

Балалардың айтуы бойынша тақтадағы плакатқа жазамын.

-Ас алдымен қайда барады?

- Ауыз қуысында тағам қандай өзгерістерге ұшырайды?

- Тіс бізге не үшін қажет?

- Адамда қанша тіс болады?

- Оны сақтау үшін не істеу керек?

- Тістен басқа ауыз қуысында қандай мүше бар?

- Тіл қандай қызмет атқарады?

- Тіл қандай мүше?

- Ауыз қуысы неліктен сулы болып тұрады?

5.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Балалар, бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы «Ас қайда қорытылады?»

Сендер сабақта адамның ішкі ағзаларының орналасуын білесіңдер, асқорыту жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсінесіңдер.



Өлең шумағын айта отырып, қимылдарын жасайды.














Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.












Алманы жейді. Алманы жеу барысындағы ағзалардың қызметін айтады.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.








Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.




ҚБ

Жарайсың!

Керемет!

Тамаша!








«От шашу» бағалауы





ҚБ1-10 балл




Бесжұлдыз-Тамаша!

Шаршы-Өте жақсы!

Үшбұрыш-Жақсы!










Өлең шумағы







Қима суреттер






Балмұз

дақ таяқшалары мен сұрақтар


















Плакат










слайдтар




Сабақтың ортасы

35 минут

1.Оқулықпен жұмыс.

Негеш пен Эврика мектептің қабырға газетіне дұрыс тамақтану туралы мақала жазып отыр. Олардың сұхбатқа арнап дайындаған сұрақтарына жауап беріп көріңдер.

2.Топтық жұмыс

І топ: Ауыз

- Адам тіршілігінде тамақтану қандай орын алады?

ІІ топ: Тіс

- Адам тамақтанбай ұзақ уақыт жүре алады ма?

ІІІ топ: Асқазан

- «Асқорту» сөзін қалай түсінесің?

-Өздерің тамақтану туралы қандай сұрақ қояр едіңдер?

3. «Астың саяхаты» бейнеролик 2 минут

Бейнеролик көрсетемін.

4. Асқорыту жүйесі. Ұжымдық жұмыс. Асқорыту мүшелерінің қызметімен танысады. Оқулықтан оқи отырып, әр ағзаның қызметі туралы әңгімелейді.

Shape9 Shape1 Shape7 Shape8 Shape6 Shape10 Shape4 Shape3 Shape5 Shape2

Тоқішек

Ашішек

Асқазан

Өңеш

Ауыз қуысы



5.Тәжірибе жасау. (Екі оқушыны алдын ала дайындап қоюға болады)

1) Целлофан дорбаға 4 крекер және 2 ас қасық ас содасын саламын.

2) Крекермен соданы саусақпен мыжып араластырамын. Бұл үдерісті «шайнау» деуге болады.

3) Пайда болған қоспаға су құйып араластырамын. Су сілекейдің рөлін атқарады.

4) Осыдан кейін сірке суын қосамын, яғни бұл «асқазан қышқылы».

Мұны алдын-ала дайындап қоямын: 1/8 кесе суды және 1/5 кесе сірке суын араластырып, тағамдық бояғыштың 2-3 тамшысын қосамын. Бұл қышқыл содамен реакцияға түседі және балалар асқазандағы химиялық реакция үдерісіндегідей көпіршіктерді бақылайды.

5) Қоспадан сусорғыш спонж көмегімен сұйықтықты және крекердің ұсақ ұнтақтарын сорып құрғатамын. Балаларға бұл әрекет арқылы ішек қоректік заттар мен суды сіңіретінін түсіндіремін.

6) Содан кейін целлофан дорбадан ауаны шығарамын да, қоспаны түтікше сияқты бұраймын. Дорбаның түбін шетінен кесіп, қоспаны стақанға қысып шығарамын. Бұл ағзаға сіңбеген заттардың сыртқа шығуын білдіреді.

Жұмыстың әр кезеңін талқылап, оқушылар бақылау парағына жазып отырады.

6. Сергіту жаттығуы

Нейрожаттығулар орындайды.

7. Модель жаса. Топтық жұмыс.

Асқорыту қандай кезеңдерден тұрады?

Оқушыларға алдын-ала қиылып дайындалған асқорыту мүшелерінің суреттері мен адам макетін беремін. Асқорыту мүшелерінің суреттерін оқушылар бояйды. Басқа парақтарға асқорыту мүшелерінің атауларын жазады. Боялған суреттерді адам сұлбасына орналастырады және жазылған атауларын сәйкестендіріп жабыстырады. Топ мүшелері өз қалаулары бойынша жұмыстарын сынып алдында қорғайды, асқорыту мүшелерінің қызметі жайлы толық түсіндіреді. Басқа топтар өз жұмыстарымен салыстырады, толықтырулар енгізеді.

8.«Сөйлемді толықтыр» әдісі. Жеке жұмыс

1.Ас .......... арқылы асқазанға түседі.

2.Асқазаннан ............... бөлініп, жеген тамақты қорытады.




3.Одан әрі асқорыту ............... жалғасып, оның қабырғалары арқылы құнарлы заттар ......... өтеді.

4.Одан әрі .............. су сіңіріледі.

5.Қалған тығыз қалдықтар төмен қарай ............. сыртқа шығарылады.

Болған жұмысты жұбымен алмасып, тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып тексереді.

Қорытынды: Мұғалім:

Ас қорыту – тамақтың құрамындағы күрделі қоректік заттардың ас қорыту жүйелерінде механикалық, химиялық, биологиялық жолмен өңделіп, қарапайым түрге айналып, сіңірілуі.




Негеш пен Эвриканың сұрақтарына жауап береді және өздерінің тамақтану туралы сұрақтарын қояды.






Оқулықты оқи отырып, ағзаларды суреттен көрсетіп, олардың қызметін айтады.




Мұғалімнің көрсетіп


жатқан тәжірибе жұмысын мұқият бақылап, бақылау нәтижесінде байқағандарын яғни, тамақтың жолының ретін бақылау парағына

түртіп отырады.

Тәжірибе біткен соң жұмыстарын оқиды.

Бақылау парағын толтыру реті:

Асқорытуға қатысатын мүше қызметі

1.ауыз қуысы

2. өңеш

3. асқазан

4. ашішек

5. тоқішек





Топпен бірлесе отырып, «Асқорыту қандай кезеңдерден тұрады?» модельін жасайды.



Сөйлемдегі қалып кеткен сөздерді тауып жазып, толықтырады.

Жауаптары:

1.ауыз қуысы

2.сөл

3. ашішекте, қанға


4.тоқішекте

5.тікішек арқылы


«Гитара» өзін-өзі бағалауы












Дескриптор

-асқорыту үдерісі қайда басталатынын түсінеді;

-үдеріске қатысатын ағзадағы сұйықтықты атайды;

Дескриптор

- ас қорыту мүшелерін сурет бойынша


атай алады;

- ас қорыту мүшелерін жекелей қызметтерін атай алады





Дескриптор

- асқорытуға қатысатын ағзаларды жазады;

Жалпы-5 балл



























Дескриптор

-асқорытуға қатысатын бірінші ағзаны жазады;

-екінші ағзаны жазады;

-үшінші ағзаны жазады;


-төртінші ағзаны жазады;

-бесінші ағзаны жазады;

Жалпы-5 балл

Оқулық




Интерактивті тақта




Сұрақ






https://youtu.be/DFKVtASTDd4








Сурет








Целлофан

Крекер

Ас содасы

Су

Спонж



























Модель жасауға қажетті заттар













кеспе



Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлем»

1. Мен сабақта … жұмыс істедім.

2. Мен сабақта өз жұмысымда …

3. Сабақ мен үшін … көрінді.

4. Сабақ үшін мен…

5. Менің көңіл-күйім…

6. Сабақтың материалы маған...

Бүгінгі алған білімдері туралы ойларын айтады

ҚБ

Жарайсың!

Керемет!

Тамаша!

Кері байланыс

Тексерілді:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!