Материалдар / "Ашамайға мінгізу" салтының сценариі

"Ашамайға мінгізу" салтының сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сценарий мектеп сахнасына арналып жазылған. Жоғары сынып оқушыларын дайындап, көрсетуге ыңғайлы және бұл салт туралы мағлұмат та алады.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ашамайға мінгізу


«Ашамайға мінгізу» — қазақы тәрбиелік мәні бар салт, ұл балаға жасалады. Ашамайға мінгізу ер бала есін біліп, жан-жағын танып, ат үстінде өзін-өзі ұстай алатын жағдайға жеткенде жасалады. Әдетте, 5-6 жасқа толған балаларға жасалады. Иә, ертедегі көшпелі қазақтардың балалары 2-3 жасынан бастап атқа мінген, өз еркімен болмаса да үлкендердің алдында немесе артында отырған. Бірақ 5-6 жастағы балаға жасалатын ашамайға отырғызудың орны бөлек. Ашамайға мінгізу баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың біріне баланады. Жас балаға бәсіре ретінде аталған тайды әдейі балаға арналып жасалған «Ашамай» деп аталатын ермен ерттеп, баланың қолына арнайы қамшы өріп береді. Баланың атқа алғаш рет жеке дара ересек ретінде мінгенін көруге келген тілекші ата-аналары,туыс-туған , нағашылары шашу шашып, жиылған балаларды қуантады. Үлкендер жағы ерге мінген болашақ жігітке жақсы тілектерін айтады. Ал ауылдың балалары басқа тайларға мініп, ашамайға отырған баланың жанында жүреді, өзара жарысады. Ашамайға мінгізу кезінде кішігірім думан ұйымдастырылады. Ашамайға мінгендегі той «Ашамай тойы» деп аталған.

Киіз үй жанында самаурынға шай қайнатып жатқан әжесі мен той қамымен жүрген келіншектер. Киіз үйден баласын анасы киіндіріп алып шығады.

Немересі:

  • Әже, - деп әжесінің қасына барып, маңдайынан сүйгізеді.

Әжесі:

  • Құлыншағым, балам, бүгін саған арнап үлкен той жасамймыз, аталарыңды, аға –көкелеріңді, нағашыларыңды шақырдық. Саған бүгін нағашыларың бәсіреге берген тайыңды әкеп бермекші.

Немересі:

  • Алақай, менің тайым бар енді, мен тайға мінемін.

Үйден әріректе отырған атасы шақырады.

Атасы:

  • Алпамыс балам, бері кел. Сенің тор құлының өсіп тай болыпты. Сен де енді үлкен жігіт болдың.осы шаңырақтың жалғасы сенсің, сондықтан бүгіннен бастап, бар жауапкершілікті саған тапсырамын. Осы үйдің де, малдың да иесі сенсің, балам. Бүгін ауылдың үлкендері мен нағашыларыңды тойға шақырдым, сенің жігіт болғаныңды көрсін, тізгін ұстап, тайға мінгеніңді көрсін.

Әжесі келеді:

  • Атасы, міне баламызға арнап, ақ киізден тоқым бастым. Әжесінің қолынан шыққан тоқымды ашамайына ерттесін.

Самаурын маңайында жүрген келіншектер:

  • Апа, қонақтар келе жатыр!

  • Алпамыстың нағашы жұрты секілді, жетектеген тайлары бар.

Атасы

  • Ал , балам, қонақтарды қарсы алайық

Қонақтар кіреді./2-3 адам/

  • Ассалаумағалейкум!

  • Уағалейкум ассалам!

  • Мал жан аман ба?

  • Шүкір, шүкір.

Нағашысы:

  • Алпамыс жиеніміз жігіт болыпты. Қайырлы болсын!

  • Ия, бәсіреге берген құлынымыз өсіп, тай болды. Енді сол тайымызды иесіне ұстатайық деп келдік.

Алпамыстың әкесі ер –тоқымды әкеледі.

Әкесі:

  • Мынау Алпамыстың ашамай ерін өзіне арнап, Әсет шеберге жасаттым.

Атасы:

  • Аа, бәрекелді, құтты болсын!

Нағашылар жағы:

  • Ия, ашамайға мінбеген бала, бала ма!

  • Жігіт болды деген осы.

Атасы:

  • Ал, енді өзің ерттеп бер! Мен немереме батамды берейін.

Немересіне қамшы береді. Немересі қамшыны алып, басын иеді.

Ал, ақ тілек, ақ тілек,

Атқа тоқым сал білек,

Атқа жақсы шаба біл,

Жасыңнан малды баға біл,

Өнеге, өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл,

Жолсыз жерде жол баста,

Жаугерлік болса, қол баста,

Сәйгүлігің сай болсын,

Тілегім осы, ие Алла!

Бәрі қол жайып, «Әмин» дейді.

Әкесі баланы атқа отырғызып, жетектеп бір айналдырады. Сол кезде келіншектер шашу шашады.

Нағашысы.

-Ие, бәрекелді, мен де жиеніме батамды берейін:


Бәсіре тайың пыраққа айналсын!

Мінген ашамайың таққа айналсын!

Айналаң толы қауым болсын!

Лайым жолың болсын!

Тілейік біз ақ тілек,

Атқа жақсы шаба біл!

Жасыңнан малды баға біл!

Оқу-өнер таба біл!

Ел-жұртыңа жаға біл!

Әумин, жолың ақ болсын! – деп бата береді.

Атасы:

  • Уа, жұртым, Алпамыстың нағашы жұрты, міне, менің балам ержетті, қолына тізгін алды. Баршаңызды «Ашамай тойына» шақырамын.



Орындаған: Мыкшаева Ж.К.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі