Материалдар / Асан қайғы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Асан қайғы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дала данышпаны» ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы М. Әуезов болды. « Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ». [4] Асан қайғының саяси іс-әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, « Асан қайғы» деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2020
1172
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Асанқайғы-дала данышпаны

Дала данышпаны» ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы М. Әуезов болды. « Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ». [4] Асан қайғының саяси іс-әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, « Асан қайғы» деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Қазақстан тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы ХV-ХVI ғ.ғ өмір сүрген. Асан қайғы – ХIV ғасырдың екінші жартысы да Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны « қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. [5] 
Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны «дала данышпаны» деді. Әлкей.
Асан қайғы туралы Мұхтар Әуезов былай деген «Тарихта болған адамдардың Марғұлан «Асан Ата ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» деп бағалады. Асан қайғы –көптеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі осы Асан қайғы». 
Асан қайғы – барша дала даналығын бойына сыйдырған және сайын сайхарада ғаламат ғұмыр кешкен тамаша тұлға. 
Қазақ халқы өзінің тарихи жылында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символына айналдырған. [6] 
Қыдырып желмаямен дүние жүзін, 
Асанның жұрт біледі айтқан сөзін. 
Жатқызбай ойындағы қалың арман, 
Атанып Асан Қайғы содан қалған. [7]
Асан танымындағы дүние көрінісі оның әлеуметік көзқарасының мінділігін ан.ықтайды. Адам, қоғам, табиғат Асан үшін мызғымас бірлікте. Адамның қоғамға, табиғатқа қатынасы Асан болмысында ерекше айқындалады. Дүниенің жаратылысын Асан қайғы ақыл күшімен пайымдайды. Сондықтан Асан қайғы табиғаттың адамға қатысты фактор екендігіне ерекше мән берген. . Асан қайғы табиғатты қоғамды, дүниені, адамның ара қатынастарын астастыра айшықтап, қоғамның даму заңдылықтарына философиялық тұжырым жасайды. Асан қайғы қоғамды, қоршаған табиғатты, жалпы дүниені тануда, олардың қастерлі қасиеттерін білуде, адам игілігіне жаратуда өзінің біліктілігімен ерекшеленеді.
Асанның дүниені тану, білу танымының негізінде жатқан идиялық мазмұнды күш халқына жайлы, тыныш өмір беретін қоныс іздеп, оны табу мақсаты жатыр. Сондықтан да Асанның дүние көрінісін сезінуі, толғануы, оның « жерұйық» мекенін іздеуде ашылған. Асанның Әбілқайыр ұлысынан Жәнібек пен Керейдің бөлінуіне қатты наразылық білдірмесе де олардың Монғолстанға емес, Жайық, Жем өзендерінің бойына қоныстануын қалаған болатын. Осы Моғолстаннан жер алуы туралы ғалым Ә.Марғұлан былай жазды : «Асан қайғының Жәнібек пен Керейді ертіп Қытайға барып Моғолстаннан жер алуы тарихта белгілі фактінің бірі. . Ол іздеген «Жерұйық» шырайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сақынасына сақтап қалу бағдарламасы. Асан Қайғы осы тарихи ойларын хандармен, сұлтандармен, билер мен, әсіресе Жәнібек ханмен араласып жүріп, іске асырмақ болмақ. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. . Асан Қайғы елінің сулы – нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамды жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін, мамыражай, еркін өмір сүруін» аңсады. Бұл мұратын жырау «Жер ұйық» деп атады.
Асанның танымдық қабілеті табиғаттағы заттардың қасиеттерін анықтауға, олардың адамға деген қатынынасын мөлшеулерге бағытталады. Қоршаған табиғаттағы заттық мәндерден олардың адамға, өмірге тигізетін әсерін, пайдалы- зиянды салдарларын пайымдап білген Асан көшпелі қоғамның әлеуметтік қайшылықтарын өзіндік «әрекеттік» пайыммен шешіп отырады . Асан Жерұйықты іздеуде деректер бойынша Ақ Ордадан бастап, жеті өзенге шейін сапар шегеді. Дүниенің төрт бұрышын арлайды. Оның барған жерлері өзіне ұнамайды. Түркі халықтарының көшпелі қоғам өркениетінің өкілдері арасында тарихта Асан Қайғыға тең келетін тарихи тұлға жоқ. Асанның Жерұйықты іздеуін мифтік құбылыс деп қарастырып, өтірік аңыз ертегілер қатарына жатқызуға мүлде болмайды. Асан Қайғы болса сезімдік таным мен түйсіктердің тоғысуынан жаңа мазмұнды қорытындылар шығарып отырды. Жерұйықты іздеу барысында Асан жүрген жеріндегі жақсы қонысқа, жаман қонысқа баға беріп отырды. Асан Қайғы да сол Жаратушының мейірімділігіне үміт арту арқылы сабырлық сақтап, пендеге түсініксіз өзінің “кезбелік” философиясының жүйесін жасаған. Көшпелі өркениетті құтқару үшін Асан адамдарды табиғатқа, дүние құбылыстарына зер салуды айрықша насихаттайды. Асанның іздегені адамға жоғарыдан жіберілген алғашқы ақиқатты табу, соған көз жеткізу. Табиғат заңдылықтарының адам өміріне қатыстылығы жөнінде Асан пікірі нақтылы. Адамның адамгершілік қасиеттері табиғаттың әсемділік заңдылықтарынан тағылым алып, сусындап отыруы тиіс. Адами ізгілікті қасиеттердің қалыптасуының алғыштары табиғаттағы шынайы үйлесімдіктен, сұлулықтан бастау алады. Сондықтан да Асан эститикалық мәселелерді, олардың қоғамдағы көрінуі, шешілу бағамдарына тоқтала бермеген.Адамға аса қажетті көшу- қону процесінде кездесетін қолайсыз табиғат жәйттерін, әсіресе малға, қолайсыз болса да өмірдің басқа салаларына қажеттілігін дәлелдеп, анықтап отырған.
Табиғаттың биік сұлулығына, оның мызғымас пәктілігіне шек келтірмейді, тоқтам салмайды. Асанның сұлулыққа, әдімілікке қатынасы ерекше шынайылықпен, көркемділікпен бейнеленіп, адамды шабытқа бөлейді.Табиғат сұлулығын Асан эстетикалық сезімдер мен қабылдап, сол талғам тұрғысынан оларды бағалайды. Асанның эстетикалық талғамы шындықты бейнелеу арқылы оның белгілі бір дүниетанымдық көзқараспен сабақтастырады. . Жалпы Асанның адами іліміндегі ұғымдар мен түсініктер түйіні мыналарға саяды: әділеттілік, ар – ұят, өзін - өзі тежеулік, ымырашылдық, сабырлылық т.б. Аққу әсемдіктің ең жоғарғы сатысы – ақсақтық деңгейге көтерілген, оны құрметтеушілік, қадірлеушілік адами парыз. Аққу сұлулықтың, тазалықтың символы. Оны ерекше қасиет тұту парыз. Асан өзінің жан дүниесінің сұлулығын қоса суреттейді. Француз философы А. Камюдің “Данышпан өз мөлшерін білетін ақыл иесі” деген пікіір қанағатшыл Асанға да қатысты. Асанның ойлау жүйесіне осындай халықтың табиғатпен күрделі идеялық қатынасын бейнелейтін ырымшыл үрдістер әсер еткен.
Халықтың дүниеге идеялық қатынастарын Асан өз пайыммымен қорытып, оны жаңа деңгейге көтере

1433-34 жылдары Ұлығ Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін, Асан Қайғы Сығанаққа келіп Жәнібек сұлтанға қосылады. 1446 жылдары Еділге ауған елдің ішінде болады, қоныс қарай бастайды. Осы арада ғасырлар бойына шешілмей, пікір бір жерге орнықпай жүрген тарихи оқиғаны айта кеткен жөн болады. Ол – Қобыланды батыр мен арғын Қодан тайшаның баласы Ақжол бидің қақтығысы. Көптеген Қазақ хандығын зерттеушілер, болмаса тарихи тақырыпқа қалам тартушылар бұны майын тамызып тұрып суреттейді. Біздіңше, оқиғаның болғаны рас. Ақжол би бір отырыста,болмаса жиында Қара қыпшақ Қобыландының намысына тиетін сөздер айтады. Батыр әйгілі тілмардан жеңіліп қалады. Ол сонан соң, жарайды бұл жолы айдарыңнан жел ескені рас, бірақ, тағы да ұшырасармыз деп орнынан тұрып кетеді де, күндердің-күнінде Ақжол биді оңашада тосып алады. «Тілдің күшін көрдік, енді білектің күшін сынап көрсек қайтеді?» дейді.
Ол уақытта жыраулар, ақындар, билер, болса да хандар батыр болуы тиіс заман ғой, Ақжол би Қобыландының қартайып қалғанын есепке алды ма «жарайды» дейді. Бірақ, батырдың аты батыр, Ақжолды қиып түсіреді. Сол шайқастан «Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?» деп басталатын мұңлы жыр қалған. Осы ұлы оқиға Жәнібек сұлтанның маңына Дешті-Қыпшақтың патшасы Әбілқайырдан теңдік ала алмаған көптеген тайпаларды топтастырады. Әбілқайыр тұңғыш рет «Құн» Заңын орындамайды. Біріншіден батырға, оның артындағы жаужүрек елі Қыпшақтарға тісі батпайды, екіншіден олай етсе, өзінің қауқарсыз қалатынын ойлайды. Қара Қыпшақ Қобыланды болса да мойындамайды. Жекпе-жекке шақыр­ған, шыққан өзі, оның да қолында,менің де қолымда қылыш болды деп уәж айтады. Бірақ, Ақжол би тұтас іргелі елдің азаматы бол­ған­дықтан, құн дауламау сүйекке таңба болады. Осы кикілжіңді Жәнібек сұлтан Асан Қайғының қолдауымен біраз елді маңына таптауына пайдалана алады. Тіпті, саясаттан қашық жүрген немере ағасы Керей сұлтан қаны қызып Жәнібекке жақындайды. Қауым тұтастанады. Бұл келешекте әйтеуір бір болатын оқиғаның алғышарты еді. Қоныс қарау мәселесі де күн тәртібіне түпкілікті енеді. Ол Асан Қайғыға тапсырылады. Құрбанғани Халидтың «Тауарих Хамсасында» Асан Қайғының Жетісуды көктей өте отырып, Шын-Машын (Қытай) еліне дейін барғаны анық айтылады. Бұл оқиға Асан Қайғының Ежен ханға барғаны туралы ертегіде көрініс береді. Қазақта «жер дауы, жесір дауы қиын» дейтін сөз бар. Керей мен Жәнібек сұлтандарға Моголстанның ханы Есенбұға неге соншалықты шұрайлы жерлерді – Шу бойын, Қозыбасы алқабын бере салды десеңіз, осында Асан Қайғыдай ұлы бабаның «елшілік» қолтаңбасын табуға болады. Ол мәселе бұған дейін де, жер шола жүргенде келісіп қойған әңгіме (мәміле) деуге келеді.

Асан қайғының тағы бір ныспысы – Асан Ата, халық оны әулие тұтады, ерекше жаратылған жан деп есептейді. Алайда Асан бейнесін аңыз мұнары басқан. Оның өмірі жайында бізге жеткен деректер тым аз. Асанның нақты қай жылы, қай жерде өлгені белгісіз. Бір мәліметтерде Асан Ата қазіргі Өзбекстан жерінде, Жиделі Байсында дүние салды делінеді. Енді бір аңыздарға қарағанда, Асан Ұлытаудың басында қайтыпты. Ал Шоқан «Асанның зираты Ыстықкөлдің маңында тұр» деп жазады. Ақынның қанша жасағаны да мәлімсіз. Халық аңызында ол – көпті көрген көне. Бір аңызда Асан – 95 жасқа келген қарт, енді бір аңызда «оның жасы 120-да еді» делінеді. Халық әңгімелерінде дана, ақылгөй адамның қашан да тұғырдан таюға айналған ақ сақалды қария етіліп көрсетілгені мәлім, сондықтан мұндай деректерді нақты деп қабылдай беруге де болмайды. Алайда Асанның шынында да ұзақ жасағанын байқаймыз: Жәнібек, Керейлермен бірге Шуға келерден бұрын, Ұлұғ-Мұхамедтің құзырында жүрген кезінің өзінде ол – егде тартып қалған адам. Соған қарағанда, Асан қайғының өмір сүрген дәуірі – XV ғасырдың іші. Тарихи Асан туралы біздің білетініміз осымен шектеледі. Алайда тағы бір Асан бар. Ол – халық қиялы тудырған аңыздар мен әңгімелердің геройы Асан. 



























ХV ғ. өмір сүрген Асан қайғының адамдарды ынтымақ-бірлікке, достық-татулыққа шақыруы, елге жайлы қоныс іздеп, отырықшы, бейбіт тұрмыс-тіршілікті аңсауы сол кездегі заман талабынан туғаны түсінікті. Асанның бізге жеткен толғаулары түгел дерлік Әз Жәнібек ханға арнай айтылған. Халық аңыздарында Асан жайында «бұл қария қашан да ханға жағынбай, жарамсақтанбай тура сөйлеуші еді» делінеді. («Ай, хан, мен айтпасам білмейсің»)

Асан толғауларынан тек сол заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құралу дәуіріндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін байқауға болады. «Асан қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді», — деп жазады Б.Кенжебаев.

Әбілхайыр ханнан бөлінуге қарсы болмағанмен Асан атамекеннен ұзап кетуді қош көрмейді. («Қырында киік жайлаған») Жәнібек көшін тоқтатпақ болып көптеген толғаулар шығарады. («Жем бойында», «Еділ бол да, Жайық бол», «Жиделі Байсынға сапар»)

Асан қайғы көптеген нақыл-термелер, философиялық толғаулар шығарып елге танылған. («Құйрығы жоқ, жалы жоқ…», «Таза мінсіз асыл тас…»). Асанның біраз шығармаларының бізге үзінділері ғана жеткен. Өйткені автордың айтпағы адам тағдыры, ел қамы, оның болашағы.Сондықтан шағын ғана айтылғандарымен шектелмеуге тиіс.

Сондай-ақ, Асан қайғының «Тақырлауға қонған қаз, тырна», «Әділдіктің белгісі», «Көлде жүрген қоңыр қаз», «Ердің құны сөз емес» тәрізді шағын нақыл өлеңдері де асылдың сынығындай үзік нұсқалар деуге болады. Ел арасында Асан мен Ежен хан, Асанның қайғы атануы, оның жер туралы айтқандары туралы аңыздар өте көп.

















ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ
«Өзі зордың болады ығы да зор» деп Абай ақын айтқандай, Асан Қайғы бабамыз туралы ең әуелі өз заманастары,хан,қаралар сөз етті.Оның бірқатары аңыз әңгімеге, ертегіге,тарихи жырларға айналды. Ол бірте-бірте «тал бесіктен-жер бесікке» жеткенше дейтін өмірдің өкінішті өксігіне, «қайғы» феноменіне айналды. Асан Қайғы желмаясын желдіртіп халқына қамсыз ғұмыр кештіретін Алла тағаланың дәрегейіндегі жәннат бағы­ның жердегі прообразы – Жер­ұйықты іздеумен ел есінде қалды. Ол қариялық қалыпта ханнан да қаймықпай сөз айта алатын жарқын жаратылыстың дәл өзі болды. Оның ұлылығында шек жоқ, Асан Қайғыдай өз халқына қалтқысыз қызмет қылған жан баласы жер бетінде некен-саяқ деуге болады. Себебі, бүгінгі Қазақ мем­ле­кеттігі Асан Атаның өсиетнамасының жемісі деуге әбден келеді. Тіпті, оның айтары түгесілген жоқ, Тәуелсіздік алдық десек те, Асан Қайғының сол «қайғылық қалпы» әлі де күн тәртібінен түс­кен жоқ.Жаһандануға жұтылып кетпесек екен деген қорқыныш Асан Қайғының бейнесін биіктете түседі деп ойлаймын.
Қазақ қаламгерлерінің арасынан Асан­ның асыл ойларын ең алдымен Мұхтар Әуезов байқап, «Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер» деп басталатын тол­ғауын «Еңлік-Кебек» пьесасына өте орынды пайдаланды.
Одан ертерек 1843-1906 жылдар аралығында өмір сүрген жырау Мұрат Мөңкеұлы:
Әуелі осы жерден ноғай кетті,
Баласы мұсылманның нобай кетті.
Қазтуған,Асан Қайғы,Орақ,Мамай,
Әрі өтіп Тесіктаудан солай кетті.
Жер қарап он екі жыл желмаямен,
Асан би жердің үстін танып кетті.
Су қарап он екі жыл қайықпенен,
Асан би жердің бетін шарлап кетті… – деп толғады.
Біз осы «Асан би жердің бетін шарлап кетті» дегенге қосыламыз.Оның ұлылығының қыры мен сыры ашыла беретіндігіне сенімдіміз.
Бір ғана өкінетін нәрсе, мемлекеттің туын тіккен, ұраншысы болған, рухани ұста­нымын қалыптастырған Асан Қайғы бабамыздың Тәуелсіздік жылдары атаусыз қа­луы. Ертеректе Алаш ардақтылары «Асан Қайғы» атындағы аудан жасаған екен, кейінгі толқын оны жоқ етті. Жезқазған облысындағы, бүгінгі «Жаңаарқа» ауданы кезінде «Асан Қайғы» да болды. Оның кейбір ұрпақтары Қостанай облысындағы «Қайғы» ауылында тұрады. Қазіргі жастар оның кім екенін білмейді де. Бұл сөз жоқ ұлттық сананың әлі толық қалыптаспағанын көрсе­теді. Қазақ әйелінің «Ұлдың өзі туғандай, келіннің өзі келгендей» дейтін мақалы болушы еді, мен осының мағынасын енді ғана түсініп отырғандаймын…













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!