Астана – мәңгілік елдің Елордасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Астана – мәңгілік елдің Елордасы

Материал туралы қысқаша түсінік
биыл Астана қаласына 20жыл толғандығын білеміз. Соған орай осы эссені жаздым. Оқып бағасын беріңіздер.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Астана – мәңгілік елдің Елордасы

Астана - бүгінде Қазақстан жетістігі мен

жеңістерінің символы

Н.Ә.Назарбаев

Ия, дәл солай. Былтырғы жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде бүкіл әлем назарын өзіне аударған, сүйсіндірген, сүйдірген, тамсандырған, табындырған Астана небәрі жиырма жаста. Бұл, әрине, жас қала үшін үлкен жетістік екені даусыз. Бүгінде «Мәңгілік ел» атанған қазақ елін төрткүл дүниеге танытқан, танытып қана қоймай мойындатқан осы Астана жайлы сөз қозғамақпын бүгін.

Тарихқа көз жүгіртсек, Сарыарқаның төсінде орналасқан Астана ұлы Алаштың тоғызыншы астанасы екен. Ғасырлар тоғысында ерке Есілдің бойынан осындай әсем қаланың бой көтеруі – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігін тағы да бір рет дәлелдегендей. Жаныңызға не керектің бәрі осында. Жер бетіндегі сұлулық атаулы осында шоғырланған дерсің. Сарыарқаның төсінде орналасқан Астана нағыз жасампаздықтың жемісі. Әсем безендірілген гүлзарлар мен субұрқақтар, биік-биік ғимараттар көздің жауын алардай тамаша көріністер. Осы көрініс мәңгілік еліміз секілді мәңгі осылай әдемі кейпінде тұра берсе екен. Біз әрқашанда Астанамызды мақтан тұтамыз.

Бүгінгі тәуелсіз еліміздің тапжылмас тұғырына айналған Астанаға жолыңыз түсіп барып жатсаңыз, өзіңізге рухани азық аларыңыз сөзсіз. Шығармашыл адамдардың шабытын шарықтатары да ақиқат. Дегенмен, барлық жанға мұндай бақыт бұйыра береді ме екен?

Жоқ, әрине. Менің ойымша, мектеп оқушылары мен студенттерге, нақтырақ, жыл бойына жақсы көрсеткіш көрсеткендерге жаз айында тегін жолдамалар беріліп жатса, олар да ұшар биікке өрмелеген қыран құстай білім көгіне ұмтылар еді. Астананың әсем жерлерін аралап көріп шыққан әрбір жан екінші рет сонда қайта баруға құштар болып тұрады. Ендеше, Астана құшағыңды жай, мен келемін.

Сөз соңында:

Бой көтерген солтүстіктен жас қалам,

Бүкіл әлем назарында Астанам.

Киелі Түркістаннан, оңтүстіктен

Арнадым бір ауыз сөз, жыр саған,-

деп Астананың қазақ елі болашағының қаласы, тәуелсіздігіміздің ордасы екендігін тағы да бір айтқым келіп отыр.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2019
432
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі