400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

АСТАНА БАС ҚАЛА

Материал туралы қысқаша түсінік
Астана мен үшін жаныма ең жақын,жүрегіме ең ыстық қала.Өмірімдегі маңызды сәттер өткен аяулы мекен.Мен туғаннан бері Астана қаласының тұрғынымын.Сол себепті Елорда мен үшін ерекше қала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана мен үшін жаныма ең жақын,жүрегіме ең ыстық қала.Өмірімдегі маңызды сәттер өткен аяулы мекен.Мен туғаннан бері Астана қаласының тұрғынымын.Сол себепті Елорда мен үшін ерекше қала.

Астана бес әкімшілік ауданға бөлінген.Есіл өзені қаланы оң және сол жағалауға бөліп тұр.Мен Астананың оң жағалауында тұрамын.Жалпы,Астананың оң және сол жағалаулары екі түрлі атмосфераға ие.Оң жағалауға табиғатпен үйлескен ескі ғимараттар ерекше көрініс пен тыныштық сыйлайды. Егер,кешке күн батқалы жатқан уақытта далаға шықсаңыз, Астананың күнмен таласқан әсем бейнесін көресіз.Маған осындай кешкі шыраймен көшеде серуендеген ұнайды.Есілдің оң жағалауына қарама қайшы қаланың сол жағалауы замануи архитектурасымен ерекше.Тіпті,мен кейде жаңа қаланы жәй аралай жүріп,кейбір ғимараттардың құрылысына таңғалып қаламын.Бәйтерек монументінің жанынан өткен сайын оның бейнесіне қызығамын.

Астана еліміздің солтүстігінде орналасқандықтан оған салқын ауа райы тән.Қыс мезгілінде Елордада боран мен аяздар жиі әрі қатты болады. Әкемнің айтуынша Астананың қысы үш емес,бес-алты айға созылады .Елорда ауа райына тән тағы бір ерекшелік,оның үнемі құбылмалы болуында.Танертең күн шығып тұрып,түске қарай жаңбыр жауы немесе күз ортасында қар түсуі ғажап емес.Бас қаланың осындай құбылмалы ауа райы маған ұнайды.Өзіне ерекше бір өң беріп тұрғандай.

Менің ойымша әр қала жайлы түсінік оның тұрғындарына қарай қалыптасады.Олай болса,Астананың көркі-астаналықтар. Әлеуметтік желіде астаналықтар жайлы қалыптасқан көптеген стереотиптер бар.Соның бірі “Астана жансыз қала,ал оның тұрғындары суық жүзді “дегендей түсінік. Мен бұл оймен келіспеймін.Себебі,мен білетін басқала тұрғындары сырттай қатал көрінгенмен,көмек сұраған адамға көмек қолын созатын жандар.Айта кеткендей Елорданың атмосферасы да бөлек.Сол үшін ол” қолдан жасалған,жансыз қала” болуы мүмкін емес.Менің ойымша,тіпі астаналықтардың өмір сүру ритмі де өзгеше.Себебі,Астана ешқашан бір орында тұрмайды.Әр салада бәсекелестік жоғары.Сол үшін Астана дамуға жетелейді,үнемі жылдам әрекет пен қозғалысты талап етеді .Астана соңғы 30 жылда әсем қала ретінде бой көтерсе келер онжылдықта одан әрі көркейе түсері анық.Оның заман ағымына сай одан әрі көркейуі ел мерейін одан әрі арттыра түседі.Мен осындай керемет қалада туылғаныма қуаныштымын.Астананы мақтан тұтамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 маусым
83
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі