Астана тәуелсіздіктің белгісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Астана тәуелсіздіктің белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
353 сөзден тұратын эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы
Астана Тәуелсіздіктің белгісі

Еліміз тәуелсіз мемлекетке айналғаннан бері мемлекетіміздің дамуы қарқынды жүріп келеді. ЭКСПО – 2017 көрмесінің біздің елде өтуі өз алдына бір тарих. Әлемдегі озық мемлекеттердің ғылым саласындағы соңғы жаңалығын ұсынатын бұл көрменің менің туған жерімде өтетіндігі жүзіме қуаныш күлкісін ұялатты. Қазақстанның зор табысы – көрменің Астанада өтілуі. Бүкіл қазақстандықтардың Халықаралық көрмені өткізуге белсенді атсалысатынына менің ешқандай күмәнім жоқ. Мен өз еліме сенемін. Сол сенімнің арқасы болса керек, қазақстандықтар бір жағадан бас шығарып, абырой үшін тырысып бағуда. Бұл көрмеде қазақ жұртының әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны көпшілікке мәлім. Бұл тақырыпты бекерден-бекер таңдаған жоқ. Әлі күнге дейін елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі өз шемімін таппай келеді. Қазақстанның «Жасыл экономикаға» бет бұруының басты себебі де осыдан туындап тұрған болар. Қазіргі таңда Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының қозғаушы күшіне айналды десем қателеспеймін. Өйткені, аталған жобаның аясында баламалы энергетикаға арналған сан алуан жаңа өндірістер ашылып, экологиялық қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөліне бастады. Әсем қаламыз Астананың ажары кіріп, қала инфрақұрылымын дамыту жобалары да жүзеге асып келуде. Бұл жоба тек қана қонақтарды күтетін қазақтың тойы емес, ол ең алдымен отандық кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін арттыратын, отандық қызмет көрсету мен тауарда, туризмдік бағытта жаңа сатыға көтеретін жоспарлы мүдде болуы керек. Иә, расында да, басымызға қонып тұрған бақты, қолда бар мүмкіндікті жіберіп алмағанымыз абзал. Мұндай халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін мол қаражат емес, сонымен қоса үлкен мәдениет те қажет екендігін тілге тиек еткім келеді. Көрменің арқасында қазақтың салт-дәстүрі жаңғырып, бүкіл ел біздің әдет-ғұрпымызға тамсана қараса екен деймін. Осы сынды мәселелер ескерілсе, нұр үстіне нұр болар еді. ЭКСПО өз жаңалығымен келмек. Сол жаңалықты біздің қазақстандықтар ел мүддесі үшін дұрыс пайдалана ала ма? Отанымыздың өрге құлаш жайып өркендеуі жолында жүзеге аспақ болып тұрған мұндай мүмкіндікті әркім жеке басының пайдасы үшін қолданбаса игі еді. Жо-жоқ, менің елімде мұндай шикіліктің орнығуына жол берілмейді. «Бюджет ақшасын алып, жай жұмсай салуға болмайды. Оны сауатты әрі тиімді түрде игеру керек» деген Елбасымыздың пікірі әрбәр отандасымыз үшін үлкен жауапкершіліті талап ететіндігін көрсетіп тұр. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүзеге асырылатын сындарлы міндетті бұлжытпай орындауға тиіспіз. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» деген Абай атамның осы тармақтарында үлкен үндеу жатқандай. Әрбір қазақ оны ескеріп, Елбасының сенімін ақтауы керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2019
1002
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі