Материалдар / Асыл әжемнің ақылы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Асыл әжемнің ақылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз балаларға ұлттық тәрббиені ұғындыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы : «Әжемнің ақылы»

Мақсаты : Қазақтың салт дәстүрлерін болашақ жастарға ұғындыру. Оқушылардың әжелерден естіген ақыл сөздерін, істерін есте сақтай отырып, танымын кеңейту,ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының барысы:

  • Қазақ салт дәстүрлерін дәріптеу

  • Ұлттық киімдердің қадір-қасиетін ұғындыру

  • Әшекей бұйымдардың қыр-сырын ұғындыру

  • Ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойындар туралы дәріптеу





Жүогізуші: ән: Қалдыбай Айзеренің орындауынды «Асыл әжем»

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Ардақты асыл әжелерім,білім ордасы қасиетті мекенімізге қош келіпсіздер! Ауыл-елдеріңіз,отбасы ошақ қасы аман есен бе? Немере –шөберелер ат-құлындай тебісіп ойнақтап жүрген болар. Ал , әжелер «Қариясы бар үй,қазынасы бар» демекші бүгін сіздерді шақырып отырған мақсатымыз: Қазақтың салт дәстүрлерін болашақ жастарға ұғындыру. Өсіріп отырған мынадай қара көз қыздарымызға яғни, немерелеріңізге сіздерден естіген ақыл сөздерін, істерін естеріне сақтай отырып,танымын кеңейту, ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу мақсатында шақырған болатынбыз.

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге- дей отырып е
ндеше асыл әжелер өздеріңізді кеңінен таныстырып өтсеңіздер. (Әжелер өздерін таныстырады)

Ал, әжей алғашқы сөзді сізден естісек



Жүргізуші: Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым – жалғадым дей отырып келесі кезекте әжелердің ақылына берсек.

(Ұрқия әжей) Ардақты әжей: - қазақтың ұлттық киіз үйі туралы және де киіз үйдің құрылысы жайлы айтып берсеңіз?

Жүргізуші: Асыл әжей: (Анар әже)

  • қара шаңырақты не үшін қастерлеген?,

  • қасиеті қандай?





Жүршізуші: Ардақты әжей (Пернекүл әже)

  • Ұмыт болып бара жатқан салт дәстүрлерімізді атап берсеңіз.



Жүргізуші: Рахмет әже, береке табыңыз. Өте керемет айтып өттіңіз. Енді кішкентай бүлдіршін қызымыз Түймебай Айшаханның керемет әсем әніне құлақ салайықшы. Ән: «Әжемнің шәйі»

Жүргізуші: Әжей, қалай ойлайсыз? (Сара әже)

  • Ұлттық киім-халық қазынасы деп жатады.

  • Қазіргі қара көз қыздарымыздың ұлттық киімдерге қызығушылығы қаншалықты?

  • Ұлттық киімдердің атауы қандай?



Жүргізуші: Рахмет әже, береке табыңыз. Өте керемет айтып өттіңіз. Енді бір қазақтың керемет әсем әніне құлақ салайықшы.

Сұлу қыздарымыз Ақдидар, Аяжан, Айымдардың орындауында «Ата-әже»

Жүргізуші: Назира әжей :

  • Қазақтың әшекей бұйымдарын атау

  • Әшекей бүйымдардың ең басты қасиеттері қандай?



Жүргізуші: Ал ардақты әжелер, қазақтың салт дәстүрлеріне, ұлттық киімдерімен әшекей бұйымдарына бір жола тоқталып, қара көз қыздарымыз әжелерден қалған асыл мұраларын, айтқан ақылдарын бойына сіңіріп алды деген ойдамыз. Олай болса асыл әжелерімізден қонақ кәде сұрасақ.



Жүргізуші: Қазақ халқының басты мәдени элементтерінің бірі ұлттық ойындар болып табылады екен. Ендеше сіздердің ойларыңыз, қазақтың ұлттық ойындары ұмыт болып бара жатыр деп ойлайсыздар ма ?

Жүргізуші: Азина әжей:

  • Қазақтың ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойындары қандай?

  • Ұлттық ойындарының ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны туралы айтып берсеңіз

Жүргізуші: Гүлшат әжей: «Тілашар» салт-дәстүрі жайлы айтып берсеңіз



Жүргізуші: Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда,
Керемет ән салайық- дей отырып ендігі кезекте әжелеріміздің әсем әніне құлақ түрсек.



Жүргізіші: Қыз баланың сұлулығы иманында,
Бойына жақсы қасиет жыйғанында,
Анасының атына кір келтірмей,
Тәрбиемен ортаға сыйғанында- деп дана халқымыз айтып өткендей асыл әжелер не үшін

( (1 -Ұрқия әжей ) Асыл әже қызды 40 үйден тыю деп не үшін айтады?

(2 -Анар әжей) Қазіргі заманда қыз бала тәрбиесінде ерекше көңілді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы қоғамның бір бөлшегі. Дастархан басында ұл мен қыз тәрбиесінде қандай ескертулер жасалады. Және де әдептілік инабаттылық жайлы айтып өтсеңіз.

(3-Пернекүл әже) Асыл әже Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады? («Ақ мол болсын», «Төрт түлік ақты болсын», «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын» т. б

(4- Сара әже) Ардақты әже: Қазақтың бесікке салу салт - дәстүрі туралы не айтасыз?

(5- Назира әже ) : -«Базарлық», «Байғазы», «Сарқыт», «Сыбаға», «Ерулік» беру салттарының мәнісін түсіндіріп беріңіз? (Базарлық – алыс сапардан келген жолаушының туыстарына әкелетін сыйы, байғазы – жаңа сатып алынған дүниеге берілетін ақы немесе сый, сарқыт – мереке тойлардан әкелінетін тағам, сыбаға - жақын - жуыққа, құрметті қонаққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері асу, ерулік – жаңа көшіп келген көршіге танысу мақсатында дастархан жаю

6-Азина әжей: Қыз баланың сұлулығы, жүргенінде,
Әдеппенен жымиып күлгенінде,
Өсек аяң, әңгімеден аулақ болып,
Орынын қай жерде де білгенінде.- демекші
- Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері жайлы айтып берсеңіз? (балаға ат қою, шілдехана, бесік тойы, сүндетке отырғызу тойы, атқа мінер, тілашар т. б.)

7- Гүлшат әжей: Қыз баланың сұлулығы білімінде,
Ойға түйген ортадан ілімінде,
Орныменен серуендеп достарымен,
Қырық үйден тыйым болса жас шағында- деп айтқандай

- Қыз баланың мектеп қабырғасындағы тәрбиесі жайлы айтып өтсеңіз

Жргізуші: Құрметті де қадірлі Ақжаулықты әжелер, ата – аналар, ұстаздар, қарақат көз қос бұрымды қыздар. Әжелеріміз – отбасының ғана емес,әулеттің де ұйытқысы, ағайынның бірлігін.татулығын сақтайтын сыйлы анасы, болашақ жастарымыздың тәрбиешісі, әрі ақылгөйі.



Ұлы адамдардың өзі осы әжелерден үлгі алған.Ұлы Абайда кішкентай кезінен әжесі Зереннің ертегілерін тыңдап өскен.Шоқан да әжесінің өнеге сөздерін күнделік дәптеріне жазып қойғандары естеріңде болар.Ол қандай өнеге сөз десеңіздер? «Байлық та, дәрежеде тиянақсыз. Ең тиянақты қасиет – өнер-білім » Ал, қыздар өнерлі де,білімді, ақылды болыңдар

Жүргізуші: Асыл әжелер сіздердің отбасыларыңызға амандық, құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз.

Жүргізуші: Ана деген ыстық қой әрбір жанға
Теңеймін аналарды нұрлы жанға!
Көктемгі мейрамдарыңыз құтты болсын!
Анадан артық адам бар ма, сірә!
Асылдай әжелерім қартаймашы
Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы
Өздеріңді мәңгілік аялаймыз
Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы.
Ардақты аналар, аяулы да қымбатты ақ жаулықты әжелер мерекелеріңіз келе жатқан «8- Наурых халықаралық аналар мерекесі» құтты болсын! – дей отырып кезекті әніміз сіздерге арналады: Налибаева Динара апайдың орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар






































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!