Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Асық - қазақ балаларының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі
Асық - қазақ балаларының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі
Материал туралы қысқаша түсінік
Асық - қазақ балаларының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Ауылдан шыққан қай-қайсымыздың да бала күнімізде құмартып асық ойнамағанымыз кемде-кем. Өкінішке қарай, бұл күнде асық ойнайтын бала азайып, қалалы жердегі балалар мұндай ұлттық ойын бар екенін де ұмытып барады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Асық ойынын ауыл баласының еншісінде ғана
қалдырмай, ұлттық спорт түріне көтерсек Мынау
қызық
Асық -
қазақ балаларының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі.
Ауылдан шыққан қай-қайсымыздың да бала күнімізде құмартып асық ойнамағанымыз кемде-кем.
Өкінішке қарай,
бұл күнде асық ойнайтын бала азайып,
қалалы жердегі балалар мұндай ұлттық ойын бар екенін де ұмытып барады.
Ал негізінде асық ойыны (суреттегі кәдесыйлық асық "Әдемі-ай"
фирмасының өнімі -ҚазАқпарат)
халқымыздың тұрмыс-салтының ажырамас бөлігі,
ұрпақ тәрбиесінің бір құралы іспетті емес пе еді?!
Асықтың қазақ халқының өмірінде өзіндік орыны болғанына мына мысалдар да бұлтартпас дәлел бола а
Бірінші мысал.
Халқымызда «асығың алшысынан түссін»
деген жақсы тілек бар.
Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе,
сол бірінші атады немесе басымдыққа ие болады.
Яғни,
асықтың алшы тұруы оның иесіне (балаға)
сәттілік жолдас болып тұрғанын білдіреді.
Сондықтан,
аталарымыз белгілі бір оқиғаға,
болмаса жағдайға байланысты мерейлі болғанын қалайтын адамына осындай тілек айтқан.
Бұл сөз қандай да бір даулы мәселеде,
айтыс-тартыста,
бәс тігілген сәттерде мерейі үстем шыққан немесе бастаған ісі игі жалғасын тапқан азаматтарға қарата:
«асығы алшысынан түсті»
деп те қолданылады.
Екінші мысал.
«Қой асығы демегін,
қолыңа жақса,
құлжа (сақа)
ғой».
Бұл нақыл да қазақтың болашағынан үмітті балаға қаратып айтылатын сөзі.
Бала деп жасытпай,
сеніммен қарасаң,
тәжірибеңмен бөлісіп,
тәліміңді берсең,
ол да ертең елдің жүгін арқалар азаматың деген мағынадағы үмітті меңзейді.
Обьективті болу үшін асыққа қарсы мысалды да келтіргенді жөн көріп отырмыз.
Қазақта «асық ойнаған -азар,
доп ойнаған -тозар,
бәрінен де оқу оқып,
білім алған озар»
(ертеректегі нұсқасында «қой бағып,
құйрық-бауыр жеген озар»)
деген нақыл да бар.
Оның балаларды білімге шақырған насихат тұрғысынан айтылғаны мәлім.
Баланың асық ойынына құмартып,
оқу-білімді естен шығармасы үшін айтылғандықтан,
бұл сөздің де жаны бар.
Бірақ біздің қоғамның қазіргі даму деңгейінде бұлай қауіптенуге ешқандай негіз жоқ деп ойлаймыз (қайта қазіргі қоғам балаларымызды компьютер ойындарына деген құмарлық дертінен қалай қорғау мәселесіне шындап бас қатыруы керек секілді).
Сонымен,
бильярдты былай қойып,
еуропа жұрттары мұз үстімен сырғаната лақтырған кеспек тасының алдын үйкелеп,
нысанасына жеткенше ақ тер-көк тер болатын кёрлингі мен 20-30
қадам жерден домалатып жіберген добын ойлы -қырлы жазықпен діттеген жеріне дәл жеткізуді көздейтін,
біздер үшін түсініксіз спорт түрлеріне тұтастай бір стадиондарды толтырып,
тікелей эфирден таратып жатқанын көргенде,
біздің асық оған қарағанда әлдеқайда қызықты ойын екен деген байламымыз беки түседі.
Тек тиісінше көңіл бөліп,
ұлттық ойынымыздың осы бір түрін ауыл баласының ғана еншісіне қалдырмай,
республикалық дәрежедегі қызықты спорттың түріне айналдыру ісіне көп болып атсалысу керек.
Бұл үшін асықты ұлттық ойынның түрі ретінде бір жүйеге келтіріп,
ережелерін бекіту арқылы мектепішілік спорт ойындарының қатарында насихаттауды ұсынамыз.
Өйткені асық -
қимыл-қозғалыстың ойыны.
Ендеше оны салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да насихаттауға болады.
Асық ойыны өзінің түрлеріне қарай баланың мергендігін,
шапшаңдығын,
ептілігін және қырағылығын жетілдіреді.
Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтындықтан,
қатарынан озсам деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді.
Мұның сыртында асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен,
денені қыздырып,
бойдағы қан айналымын жақсартады.
Үнемі отырып-тұру,
жүрелей отыру,
тізені жартылай бүгу,
жиырылу,
ширығу аяқ-қолдың буын ауруларының алдын алады.
Егер оны мектептерде спорттық ойынның бір түрі ретінде ұйымдастырып,
дамыта алсақ,
балаларға патриоттық тәрбие беріп,
ойынға қатысқан өзге ұлт балаларының құлағына қазақ тілін де шым-шымдап сіңіре беруге болады.
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз