Рыскалиев Талгат Батыргалиевич.
Миялы балалар өнер мектебінің Бейнелеу және қолөнер пәні мұғалімі
Мақсаты: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Қажетті көрнекілігі: Асықтар, плакат, ысқырық, қоржын, асық суреттер т. б.
Жүру барысы:
Сәлеметсіздер ме? Құрметті балалар, және қонақтар. Бүгін оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» ашық сабақ қош келдіңіздер!
«Асық ату» ойыны жайлы кішкене айтып өтейін. «Асық ату» ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да икемделген.
Жүргізуші:
Асық ату ашық сабағымызды бастаймыз. Ортаға қатысушы топтар номері 1-команданы шақырамыз алдарыңызда «Шебер тобы»
Екінші сайысқа қатысушы топты шақырамыз «Жебе тобы»
Қатысушы топтарға сәттілік тілейміз.Балалар ойынның ережесімен таныстырып өтейік (ережені түсіндіру,ақырын музыка қосу.
Жүргізуші: «Адай» күйімен бастамыз, орындайтын Аралбай Ақниет.
Жүргізуші: Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады:
1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». /барлығын бірден ұтасың /
2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағанасы/ (тәйкі)
3. Екбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/
4. Шалқасынан түскені «ішік» /іші көрініп жатуы/
5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» / омақаса құлаған /
6. Таза тұрмай - алшы тұрғаны қисайып, не тәйкі қисайып тұрса «қырта» дау туғызатын /қырынан жату/ деп аталады
Жүргізуші: Сайыстың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1.Ләңгі тебу.
2. Асық ату (хан ату).
3.Кім күшті (күш сынасу
4.Қаржу.
5.Мақал-иәтел
Барша қатысушыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды ләңгі тебу ойынымен бастаймыз.
1.Ләңгі тебу.
Ойын ережесі:
Ойынды екі адамнан бастайды,яғни берілген ләңгіні жерге түсірмей аяқпен қарғып тебу арқылы ойналады.Жерге түсіріп алған ойыншы ойыннан шектеледі.
Егер ойыншы саны 2 ден көп болса, бірінші жүріске жеребе тасталып, ойыншылардың кезегі анықталады.
Ойынның жай түрлерінен бастайды және бірінші ойыншы «ойын иесі» деп аталады. Жай жаттығуларды орындап болған соң, басқа ойыншылардан осынша түрлерін ойнауды талап етеді.
Жргізуші: Ендеше балалар, «Асық ату» ойынын ойнайық шарты:
Асық ату кезеңі,қатысушылар қатар тігілген асықтарды кезек-кезек ату керек.
2.Асық ату (хан ату). Ойынға бірнеше адам қатысады. Әрбір ойыншылар кезекпен қолдағы асықтарды сырмақ үстіне шашады. Арнайы белгілеген асықпан (сақамен) қалған асықтарды шертеп атады. Басты шарты ұқсас асықтарды ғана атады. Басқа асықтарға тигізбей атып алынған асық, ұпай ретінде олжаланады. Ойын осылай жалғаса береді…
Бес табан. Ойыншылар тегіс жерді таңдайды. Ортасына түзу сызық сызады. Оған жағалай асық тізеді. Ойынды бастаушы асық тізілген жерден бес табанға тең аралықты белгілеп алып, шеңбер тартады. Ойыншылар шеңберге кірмей (баспай) ортадағы асықты атады. Сақа тиген асық міндетті түрде шеңберден шығуы керек. Кім көп асықты атып шеңберден шығарса сол ұтады.
Жүргізуші: Үшінші кезеңгеде келіп жеттік бұл кезең «кім күшті» деп аталады.Екі топтан екі адамнан шығып күш сынасу.
3. « Кім күшті»
Жүргізуші: Келесі кезекті әсем әнге берсек.
Ән орындайтын Дүйсен Аружан.
Жүргізуші: Қаржу (қақпақыл) деп аталады.
Бұл ойын үш кезеңнен тұрады..
Ойыншы өзінің қолындағы қолайлы асығын жоғары лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі бір асықты іліп алып, жоғарыдан түсіп келе жатқан өз асығын жерге түсірмей қағып алады, жаңағы жерден алған асықты жерге қойып, тағы да өз асығын жоғары лақтырып,
жерден екінші асықты іліп алып, жоғарыдағы өз асығын қағып алады. Осылай үшінші, төртінші, бесінші асықты алады. Осы бес асықты қателік жібермей қаржып алады.
Жүргізуші: Бесінші кезең мақал-мәтел жалғасын табу.
«Шебер тобы»
1.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
2.Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.
3.Ел іші - алтын бесік.
4.Отансыз адам — ормансыз бұлбұл
5.Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.
«Жебе тобы»
6.Отан отбасынан басталады.
7.Отан қадіріне жетпеген
өз қадіріне жетпейді.
8.Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
9.Жауда қалған бұлбұлдан
Отанға қайтқан ит артық.
10. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Жүргізуші: Осымен ұлттық ойындарымыздың бірі «асық ату» ашық сабағымыз өз мәресіне жетті,зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет. Марапаттауға кезек береміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Асық ату ойыны.

шағым қалдыра аласыз