«Асық ату» ойыны курсының бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Асық ату» ойыны курсының бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Асық ату» ойыны курсының бағдарламасы, асық ойының ережесімен танысып, асық ойының бағдарламасымен танысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

0













«Асық ату» ойыны курсының бағдарламасы
1-2 сынып











Page 2

1

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық
оқу-әдістемелік кабинеті





«Асық ату» ойыны курсының бағдарламасы
1-2 сынып
№48 жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары санатты дене шынықтыру
пәні мұғалімі А.Т.Мырзагерееваның және №12 жалпы орта білім беретін
мектебінің жоғары санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Б.Кусайновтың
іс-тәжірибелерінен







Орал-2019жыл


Page 3

2

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық
оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс
педагогтеріне таратуға ұсынылды.
Хаттама № 2 §1 15.04.2019 жыл






Құрастырушылар: А.Т.Мырзагереева
Орал қаласы №48 жалпы орта білім беретін мектептің
дене шынықтыру пәні мұғалімі
А.Б.Кусайнов
№12 жалпы орта білім беретін мектептің дене
шынықтыру пәні мұғалімі

Рецензенттер: Н.К.Байтлесова
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің PhD докторы

Г.Н.Жумагулов
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы, магистр.




Кез-келген спорттық ойындардан кем түспейтін асық ойынының жас
ұрпаққа берер тәрбиелік маңызы да зор. Ойынның бұл түріне жас
жеткіншектің ықыласы оянып, қызығушылығы артары да сөзсіз.
Бұл жұмыста бірқатар асық ойынының түрлеріне толық түрде талдау
жасалып, жан-жақты түсінік берілген. Әр мұғалім оқушылардың деңгейіне
байланысты асық ойындарын таңдай алады. Ойынды оқыта
отырып,сыныпаралық, мектепішілік және мектеп аралық жарыстар
ұйымдастыруға да болады.
Әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне және үйірме жетекшілеріне
көмекші құрал ретінде ұсынылады.


Page 4

3

Мазмұны

І.Түсінік хат.........................................................................................................4
ІІ.Кіріспе. Асық ойнаған азбайды.....................................................................8
ІІІ.Негізгі бөлім.
3.1.Асық ойынының үйірме жұмысына арналған күнтізбелік жұмыс
жоспарлары мен сабақ жоспары........................................................................12
3.2. Анықтама......................................................................................................19
3.3.Асықтың түрлері...........................................................................................19
3.4.Асықтың атаулары........................................................................................19
3.5.Асық ойыны барысында қолданылатын құралдар мен әдістер................20

3.6.Ойын түрлері. «Хан болып шық» ойыны....................................................21
3.7 «Ұтыс» ойыны................................................................................................23
3.8 «Омпы» ойыны...............................................................................................25
3.9 «Арқаласпақ» ойыны......................................................................................26
3.10 «Атжарыс» ойыны........................................................................................27
3.11 «Бес асық» ойыны.........................................................................................30
3.12 «Барыңды сал» ойыны..................................................................................30
3.13. «Ханталапай» ойыны...................................................................................31
3.14.«Құмар» ойыны.............................................................................................32
3.15.Тест сұрақтары..............................................................................................33
IV. Қорытынды. Асық ойындарының балаға беретін тәрбиелік маңызы.......35
V.Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................36



Page 5

4

Түсінік хат
Бағдарлама бағыты: Ұлттық ойын түрлері
Тәрбие бағыты: Асық ойынының түрлерін үйрету арқылы эстетикалық,
патриоттық, мәдени тәрбие беру
Мақсаты: Ұлттық асық ойынын жандандырып, жоғарғы деңгейде
оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Шығармашылық, ізденімпаздық, ойлау қасиеттерін дамыту,
шыдамдылықтарын арттыру, ұжымдасып жұмыс істеуді қалыптастыру. Асық
ойынын жоғарғы деңгейде меңгертіп, ойлау стилі мен рухани мәдениеті
қалыптасқан, спорт саласында–эстетикалық сауатты тұлға тәрбиелеп,
даярлау.
Міндеті: Мектеп базасында дене тәрбиесі сабағында алған білімдерін
шыңдап, шеберліктерін қосымша білім беру арқылы әрі қарай дамыту.
Оқушының дарынын ашу. Асық ойынын жетік меңгере алатын тұлға
қалыптастыру. Жоспарда асық ойынының жүрістері, ойнау деңгейлігі
көрсетілген. Жоспар базалық оқулықтар мен қатар көптеген әдебиеттерден,
методикалық журналдардағы қажетті мағұлматтардан жасақталған. Қазіргі
ұрпақтың санасынан алыстап бара жатқан бабаларымыздың ұлттық ойын
түрлерін әсіресе асық ойынын жандандыру басты міндет болып табылады .
Спортқа деген қасиет – оқушының бойындағы сана белсенділігі, таным
белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми
салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы
ашылады. Бірақ бала бойындағы қабілет, дарындылық қасиетінің тұқым
қуалаушылық та болуы мүмкін. Ата – бабаның дарын қасиеті, ұрпақтан –
ұрпаққа берілетіні – өмір ақиқаты. Дегенмен де, спортқа деген дарын қабілеті
өздігінен жетілмейді, оған белгілі бір факторлар ықпал жасайды:
мектеп өмірі
мектептегі оқыту мен тәрбие жұмысы
оқушылар мен мұғалімі арасындағы қарым қатынас
отбасы жағдайы
физиологиялық даму үрдісі
білімнің берілу сапасы
сайыстарға, жарыстарға қатысу
баланы үнемі қызықтырып отыру


Page 6

5

жеткен жетістіктері арқылы мадақтап отыру, өз күшіне сендіру.
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат
мұраттарының ең бастысы өз халқының, өз ұлтының тәжірибесін
жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Ұлттық ойын түрлері қашан да
қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Әсіресе
осы ұлттық ойын түрлерін оқыту жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі
баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер тартады. Осыған орай, мектеп
оқушыларының ұлттық ойын түрлерінен білімін тереңдету, толықтыру үшін
«Асық» үйірмесі енгізілді.
«Асық» үйірмесінің бағдарламасы жыл бойына 34 сағатқа, аптасына 1 сағат,
1-2 сыныптың оқушылары үшін жасақталған. Бағдарлама көнеден келе
жатырған асық ойынын зерттеп, жаңа әдістерді қолдана отырып меңгерту
көзделеді.
Оқушы асық ойынын ойнау барысында:
- тарихын, жүріс, тәсілдерін меңгереді
- ойлау қабілетін арттырады
- ойынды ойнау барысында жаңа әдістерін қарастырады
- өз ойындарына талдау жасайды
- бір – бірінің жаңа тәсілдерін сынай отырып талдайды.
Берілетін білім мен тәрбие және дағды:
- халқымыздың ұлттық ойындарын бойларына сіңірту
- ұлттық, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру
- жаңа әдіс-тәсілдерді жасауды үйрету
- ойын ережесін сақтай білуге үйрету
- ойын жүрістерін дұрыс орындауға бағыт бағдар беру
Өзектілігі:
Қазіргі замандағы ұлттық ойындардың зияткерлік өнері маңызын түсіну.
Пәнаралық байланыс:
Дене шынықтыру, математика, сурет, тарих, қазақ тілі пәндерімен тығыз
байланыста.


Page 7

6

Үйірмені ұйымдастыру формасы:
Лекция, жарыстар, сайыстарға қатысу.
Болжамы:
Егер үйірме меңгерілсе, онда салт-дәстүрді білетін, көркем – эстетикалық
біліктілігі дамыған, ойлау қабілеті жоғары, ұлттық ойын түрлерін білетін
сауатты тұлға қалыптасады.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
- ойын ережелерін сақтауды
- асық жатыстарының атқаратын қызметтерін
- ұлттық ойын түрлерімен жұмыстана білуі
- ұлттық ойынның ойнау ерекшеліктерін
- ұлтымыздың ойын түрлерін, тарихын білуі тиіс
Оқушылар орындай алуы тиіс:
- ойынның түрлі әдіс тәсілдерін білуі
- атқарылған ойынға талдау жасап, баға бере алуы керек
Күтілетін нәтиже:
Оқыту барысында оқушылар болашақ маман иесі ретінде икемдік,
ойынның түрлі әдіс тәсілдерін жетік меңгеріп орындай алады және өз
жұмыстарын қортындылап, дәлелдеп береді.
- алдымен баланың ұлттық спортқа, асық ойынына деген қызығушылығы
пайда болады
- ойынға деген бейімділігі мен икемділігі қалыптасады
- ойлау қабілеті артады
- өз идеясы, өзіндік пікірі, көзқарасы қалыптасады
- жаңа әдіс тәсілдерді меңгеруде ізденіс пайда болады
- жаңа қабілеттері ашылады
- шеберлік, іскерлік дағдылары шыңдалады
- кәсіби шеберлігі өседі.


Page 8

7

Кіріспе
«Қой асығын қолыңа жақса, сақа қой,
жасы кіші деме, ақылы асса, аға қой».
Бөгенбай батыр

Асық -халқымыздың көнеден келе жатқан ұлттық балалар ойындарының
бірі. Жер бетіне қазақ боп келген кез-келген перзент атаулының бірде-біреуі
асық ойнынан айналып өтпегені анық.Сол қазақ балаларының өсе келе, ер
жете келе талайды тамсандырып, аузына қаратқан әншіге, талайды
тыңғылықты тың жаңалықтарымен таңғалдырған ғалымға, талайды толайым
табыстарымен табындырған бизнесменге, тіпті, болмаса, тыңнан түрен салып
космос айлағын бағындырған ғарышкерге айналғанын ескерсек - «Асық
ойнаған азар, доп ойнаған тозар» сөзінің әлдеқалай бір адуын адамның
аузынан ашумен жәй ғана айтыла салғанын аңғару қиын емес. Немесе
балалар азаннан кешке дейін асық пен доп қуып кетпесін дегеннен шыққан
мәтел болуы әбден мүмкін. Әйтпесе, әр халықтың өзінің менталитетін
айшықтап тұратын әйтеуір бір болмысы болады десек, асық - біздің де
бетмоншағымыздың бедерінбейнелеп тұратын басты-басты белгілерінің бірі.
Әлем жұртшылығын таң қалдырып, таңдайын қақтырған С.Ходжықовтың
атақты «Қыз Жібек» кинокартинасындағы Төлегеннің әкесі Базарбай шалдың
немерелерімен асық ойнап отыратын көрнісін көз алдыңызға елестетіп
көріңізші. Қандай ғажап! Оны көрген кез-келген шет елдік көрермен:
«Апырмай, мыналар не ойнап отыр екен?» деп ойлауы кәдік. Ал, олардың
ойнап отырғандары – кәдімгі асық. Асық ойынының қалың қазақ
жұртшылығына кеңінен тараған, ежелден келе жатқан ханталапай деген
түрі.
Қазіргі таңда асық ойнының кейбір аймақтарда ескерусіз қалып бара
жатқанына алаңдап, халқымыздың салт-дәстүрінің титтей болса да осы бір
бөлшегінің жоғалып кетпеуіне жаны ашитын кейбір қандастарымыздың
«Хабар» арнасынан көрсеткен «Алтын сақа» ойыны – көпшіліктің көңілінен
шыққан бағдарлама екені даусыз. Сонымен бірге, ұлтымыздың асыл
қасиеттеріне қылау түсірмеу тұрғысында айтылған Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлының «Біз өткенімізді ұмытпаймыз, бүгінгіні бағалаймыз, болашаққа
сенеміз» қағидатын басшылыққа ала отырып, астаналықтардың Астана күні
мейрамында мерекелік бағдарламаға асық ойынын да кіргізгені қандай
керемет. Ал, Шымкенттіктердің наурыз мейрамын тойларда асық ойынынан
қала чемпионатын өткізулері қандай жарасымды. Тіпті жеңіпаздарға
берілетін мыстан құйылған кәдесый-асыққа: «Асығың алшысынан тұрсын»
деп жазып қойыпты. Бұған қоса, асыққа көрсетілген құрметтің ең үлкені -


Page 9

8

Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Марат Пірімбековтің қолдауымен
қаланың әдемі бір аллеясында асыққа ескерткіш орнатылғаны.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылына кіре берістегі
көрнекі алаңға асықтың алып ескерткіші орнатылды (2 сурет). Бұл істің
бастамашысы-осы өңірдің тумасы Болат Тағабай есімді азамат. Ол қазақтың
ұлттық ойынын дәріптеп, жеке коллекциясына жинаған асығын 35мыңнан
асырып Гиннестің рекордтар кітабына жаздырған болатын. Қазіргі таңда
асықтарының саны 45 мыңнан асып жығылады.
Алматыда асықтан ат жасаған шеберлер дүйім жұртты қайран қалдырып
отыр. Қазақстанның түпкір-түпкірінен 8500 асық жинап, алты ай бойы көз
майын тауысып, Еуразия атты ақбозат мүсінін өмірге әкелген Нұрлан
Әбішев, Нұрлан Әділхан, Қуаныш Мәтенов есімді азаматтардың еңбегі ерен.
Осы бір ерекше туындыларын авторлар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20
жылдығына тарту ретінде жасаған (1 сурет).
- Бұл ұлттық салт-дәстүріміздің қайта оралуының жарқын көрінісінің бірі.
Асық ойнау жас ұрпақтың денесін шынықтырып қана қоймай, оны мергендік,
ұстамдылық, жылдамдық, ептілік қасиеттеріне тәрбиелейді. Баланың жүйке
жүйесін шыңдап, тілін дамытып, ойда сақтау қабілетін жетілдіреді.
Асық ойыны туралы жазылып жатқан мақалалар мен ғылыми еңбектер де
баршылық. Солардың бірі Орал Аманжоловтың «Асық пен ләңгі»,
Ә.Көшеровтың «Асық ату ойынын механикамен байланыстыру»
шығармалары. Әсіресе, Көшеровтың асық ойынын физиканың механика
саласымен мидай араластырып, жеріне жеткізіп тұрып талдауы айтуға
тұрарлық үлкен жұмыс. Осы тұрғыдан алғанда, асық ойынын математикамен
де, әдебиетпен де, тарихпен де, географиямен де, жалпы ғылымның қай
саласымен болмасын шендестіріп отырып талдауға әбден болады.

1 сурет 2 сурет

Асық ойыны – атам қазақпен бірге туып, біте қайнасқан ұлттық
қазынамыздың бірегей түрі екенінде дау жоқ. Содан ба, ел аузында асық


Page 10

9

туралы айтылып жүрген мақал-мәтелдердің, аңыз-әңгімелердің қарасы да аз
емес.Соның бірі ...
Сөз қадырын сыйлай білетін сонау ертерек тұста сөз ұстап, билікке енді-
енді араласып жүрген Битабар би қасында екі-үш қосшысы бар, қайсібір
қазақ ауылының жатағандау бір үйіне кеп түсе қалыпты.Үй иесі, қалай
дегенмен,қонақ келсе қабағы шайдай ашылатын қазақ емес пе, бір тоқтасын
алып ұрып, қолын қусырып отырып күтіпті келгендерді. Сол үйдің келіні де
сөз сайысында бағын сынап, баптанып жүретін бір керім екен, ас желініп
болып,Битабар би бата қайырмақ болып қолын енді ұмсына бергенде:
- Аға, бір сауалым бар еді, рұқсат етсеңіз қояйын деп едім, - депті
сыпайы ғана тіл қатып.
- Қоя ғой,-деген екен сонда Битабар қыздың қайсарлығына таң қалып.
- Қазақ дәстүрімен әлгінде осы отырған барлығыңызға сыбаға сүйек
таратылды. Сол сүйектің біреуінің бір өзінің бақандай алты атауы
бар, сол қайсысы?
Келісті келіннің сүйкімді сауалына Битабар би қапелімде сасып қалып,
ойланып отырып қалыпты. Бірақ, қанша отырса да қайтарар жауап
таппай:
- Апырай, келін шырақ, ағаңды қатты састырдың, жарайды
жеңілгенім болсын, жауабын өзің айта салшы,-депті қызара-бөртіп.
- Айтайын, бірақ басқа-басқа, оны білмеу жігіттерге үлкен сын.
Ол-өздерің бала кезден жастанып жатып ойнаған кәдімгі асық қой,-
депті қылықты келін Битабар биді сүріндіргеніне мәз болып.
- Рас-ау асықтың «әлші», «тәйкі», «шік», «бүк», «омпа», «жанта»
деген алты атауы бар екен-ау,- депті Битабар би сонда еріксіз
мойындап.
Жалпы, асық ойынының бала психологиясына тигізер әсері аз емес. Асық
ойнының кез-келген түрінің ойнау ережесіне мұқият зерделеп қараған адам,
оның сан қилы тактикасына таң қалуы да мүмкін. Кез-келген бала атаулы үш-
төрт жасынан асық ойнауға әуестене бастайды десек,сол кезден бастап
өмірдің қалтарыс-бұлтарысына да бейімделе бастайтыны анық.
Айталық, асық ойнының «Ұтыс» деп аталатын түрінде әр бала (яғни, әр
ойыншы) қайткенде ұтып алу үшін қолынан келген бар амал-тәсілдерін
қолданады. Қулыққа да барады, құрмалдық та шалады. Сөйтіп, ойын
аяқталғанша, әр ойыншының тұла бойында нетүрлі психологиялық-
практикалық процесс жүріп жатады.
Негізі асық ойнының қай түрі болмасын белгілі бір мақсатқа құралады.
Қалай болса солай ойнай салуға болмайды. Қалай болса солай ойнаған бала


Page 11

10

міндетті түрде ұтылады. Ал, ұтылған адамның көңілінің қошы қандай
болатыны айтпаса да түсінікті. Бұл - баланың мінез-құлқы мен жалпы даму
эволюциясына кері әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан, әр ойын алдында кез-
келген ойыншы өзін психологиялық тұрғыдан дұрыстап дайындап алғаны
жөн. Бұл - баланы болашақта қандай да істі қолға алмасын, жауапкешілікпен
қаруға үйретеді.
Бір қызығы - асық ойнының түрлері көп болған сайын, оның ойнау
ережесі де әртүрлі боп келеді. Айталық, асық ойнының бір түрін бір-бірімен
көрші отырған ауылдың балалары әртүрлі ойнайтын да кез болады. Ал, ол
кездегі ауыл балаларының ойнайтын асық ойнының түрлері мыналар:
«Ұтыс» (бұл ойынның «Әлші», «Тәйкі» деген екі түрі бар ), «Арқаласпақ»,
«Ханталапай», «Хан болып шық», «Бес асық», «Атжарыс» т.б



















Page 12

11

«Асық ату» ойыны курсының тақырыптық-күнтізбелік
жылдық жоспары
1-сынып
(34сағат)
№ Сабақтың тақырыбы Сағат
саны
Теория Тәжірибе Орындалуы
1 Дене шынықтыру және
спорт Қазақстан
Республикасында.
ҚР-да асықтың тарихына
шолу.
Анықтама.
1 1
2 «Асық ойынының балаға
беретін тәрбиелік
маңызы»
Асықтың түрлері.
1 + +
3 Асық дайындығы,
спорттық ұлттық ойынды
дамыту.
Асықтың атаулары.
1 + +
4 Асық ойыны барысында
қолданылатын құралдар
мен әдістер.
Ойынның бірінші түсінігі.
1 + +
5 Асықпен танысу 1 1
6 Иіру жаттығуы 1 1
7 Өз сақасын таңдау 1 1
8 Асықты ату жаттығулары 1 1
9 Жалпы ережелері. 1 + +
10 «Хан болып шық» ойыны 1 + +
11 «Хан болып шық» ойыны 1 1
12 «Ұтыс» ойыны 1 + +
13 «Ұтыс» ойыны 1 1


Page 13

12

14 «Алшы» түрі 1 + +
15 «Алшы» түрі 1 1
16 «Тәйкі» түрі 1 + +
17 «Тәйкі» түрі 1 1
18 «Омпы» ойыны 1 + +
19 «Омпы» ойыны 1 1
20 «Арқаласпақ» ойыны 1 + +
21 «Арқаласпақ» ойыны 1 1
22 «Атжарыс» ойыны 1 + +
23 «Атжарыс» ойыны 1 1
24 «Бес асық» ойыны 1 + +
25 «Бес асық» ойыны 1 1
26 «Барынды сал» 1 + +
27 «Барынды сал» 1 1
28 «Ханталапай» ойыны 1 + +
29 «Ханталапай» ойыны 1 1
30 «Құмар ойыны» 1 + +
31 «Құмар ойыны» 1 1
32 Асықты ату жаттығулары. 1 1
33 Асықты ату жаттығулары. 1 1
34 Анықтамалық тест. 1 + +






Page 14

13

«Асық ату» ойыны курсына арналған күнтізбелік жұмыс жоспары:
2-сынып
(34 сағат)
1. Теориялық сабақ: «Асық ойынының балаға беретін тәрбиелік
маңызы» (1сағат)

2. Сабақтың тақырыбы: «Хан болып шық» ойыны (4 сағат).
А) Үйрету сабағы (1 сағат)
Ә) Жетілдіру сабағы (2 сағат)
Б) Бекіту сабағы (1сағат)

3. Сабақтың тақырыбы: «Ұтыс» ойыны:
1. «Алшы» түрі (4 сағат)
А) Үйрету сабағы (1 сағат)
Ә) Жетілдіру сабағы (2 сағат)
Б) Бекіту сабағы (1сағат)

4. Сабақтың тақырыбы: «Ұтыс» ойыны:
2. «Тәйкі» түрі (3 сағат)
А) Үйрету сабағы (1 сағат)
Ә) Жетілдіру сабағы (1 сағат)
Б) Бекіту сабағы (1 сағат)

5. Сабақтың тақырыбы: «Омпы» ойыны (3 сағат)
А) Үйрету сабағы (1 сағат)
Ә) Жетілдіру сабағы (1 сағат)
Б) Бекіту сабағы (1 сағат)

6. Сабақтың тақырыбы: «Арқаласпақ» ойыны (3 сағат)
А) Үйрету сабағы (1 сағат)
Ә) Жетілдіру сабағы (1 сағат)
Б) Бекіту сабағы (1 сағат)

7. Сабақтың тақырыбы: «Атжарыс» ойыны (4 сағат)
А) Үйрету сабағы (1 сағат)
Ә) Жетілдіру сабағы (2 сағат)
Б) Бекіту сабағы (1 сағат)


Page 15

14


8. Сабақтың тақырыбы: «Бес асық» ойыны (3 сағат)
А) Үйрету сабағы (1 сағат)
Ә) Жетілдіру сабағы (1 сағат)
Б) Бекіту сабағы (1 сағат)

9. Сабақтың тақырыбы: «Барыңды сал» ойыны(3 сағат)
А) Үйрету сабағы (1 сағат)
Ә) Жетілдіру сабағы (1 сағат)
Б) Бекіту сабағы (1 сағат)

10. Сабақтың тақырыбы: «Ханталапай» ойыны (3 сағат)
А) Үйрету сабағы (1 сағат)
Ә) Жетілдіру сабағы (1 сағат)
Б) Бекіту сабағы (1 сағат)

11. Сабақтың тақырыбы: «Құмар» ойыны (3 сағат)
А) Үйрету сабағы (1 сағат)
Ә) Жетілдіру сабағы (1 сағат)
Б) Бекіту сабағы (1 сағат)


1-2 сынып оқушыларына арналған үйірме сағаттарын бөлу кестесі.

Бағдарлама
түрі
Сыныптар Оқу тоқсандары Жылдық
I II III IV
Үйірме
жұмысы.
Ұлттық ойын
«Асық»
1

8 8 10 8 34
2 8 8 10 8 34



Page 16

15



Сабақ жоспары.
Сабақ тақырыбы: Өз жүрісінді алу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту,
бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылықтарын ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке,
ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу,
қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар
қатарына қостыруға ой туғызу.
Міндет: Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп,
ізденіс жұмысын жасап, асықтың түрлерімен ерекшеліктерін білу.
Көрнекілігі: асық, презентация.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
II. Ой қозғау:
Асық ойынының жылдық жұмыс жоспары
І-тоқсан ІІ-тоқсан ІІІ-тоқсан ІV-тоқсан

Оқу
бағдарламасы
сағат саны
12345678910111213141516171819202122232425262728293031323334
1
Теориялық
сабақ.Асық
ойынының
тәрбиелік
маңызы 1*
2
"Хан болып
шық" ойыны 4үжжб
3"Әлші" ойыны4 үжжб
4"Тәйкі" ойыны3 үжб
5"Омпы"ойыны3 үжб
6
"Арқаласпақ"
ойыны 3 үжб
7
"Ат жарыс"
ойыны 4 үжжб
8
"Бес асық"
ойыны 3 үжб
9
"Барыңды сал"
ойыны 3 үжб
10
"Ханталапай"
ойыны 3 үжб
11
"Құмар"
ойыны 3 үжб
Білім негіздері34** * * * * * * * * *


Page 17

16

- Асық туралы не білеміз?
- Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны
- Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі.
- Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған
- Компьютер ойындары баланы ашушаң, қатігез, мейрімсіз етеді көз жанарын
бұзады. Қазір екі баланың бірі көзілдірік киеді, ал Асық ойыны бұрын
батырларымызды мергендікке тәрбиелеген.
III. Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық
жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға
негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ
халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп
өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып
келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе
жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан
нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа
тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та
болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген
мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген
кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. – Ойын
барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу •
лақтыру, ату т. б, жатады.
Жаңа сабақ Өз жүрісінді алу
1.Бес асық ойыны .Өз жүрісінді алу үшін сақалар жарысы болады.
2.Асық ату ойынында өз жүрісінді алу үшін сақалар жарысы болады.
3.Ханталапай ойыны өз жүрісін алу үшін сақалар жарысы болады.
IV. Асық атаулары:
1. Құлжа - арқардың аталығының асығы
2. Сақа - арқардың асығы
3. Жабайт – еліктің асығы
4. Асық - қой мен ешкінің асық жілігінен
5. Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы
V. Асыққа байланысты ырымдар:
А. Келінінің аяғы ауырлап босануға тақағанда, енесі не атасы ырымдап асық
жинап жүреді. Атаның құдай ұл берсе деп тілегені. Оны жасырып оңаша
келінге сездірмеуі мүмкін. Ондағы ойлары көз тимесін, келін аман - есен,


Page 18

17

босанса екен деп тілек тілеуінің бір тәсілі.
Ә. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын тағуы мүмкін,
ауырмасын - көз тимесін және айбатты, қайтпас қайсар, болсын дегені. Қыз
баланың бесігіне - еліктің асығын, әдемі сұлу ел қызығар көркі болсын
дегені.
Б: Ерте кездегі табиғаттың қатал, аңдардың олжаға оңай ілікпейтіндігін,
аңшының адал еңбегі, ер азаматтың қайраты мен жау жүректілігі екендігін
жақсы білеміз. Сондықтан да аңның асығы қадірлі болады.
Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады:
1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». /барлығын бірден ұтасың /
2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағанасы/ (тәйкі)
3. Екбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/
4. Шалқасынан түскені «ішік» /іші көрініп жатуы/
5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» / омақаса құлаған /
6. Таза тұрмай - алшы тұрғаны қисайып, не тәйкі қисайып тұрса «қырта» дау
туғызатын /қырынан жату/ деп аталады
VII. Ойнату
VIII. Сәйкестендіру тесті:

IХ. Жеңімпазды анықтау
X. Үй тапсырмасын беру: Барлық асыққа байланысты қазақ халқының
мақал – мәтелдерін біліп келу.
Қорытындылау.


Page 19

18

Анықтама
Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын
түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп
танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын
әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке,
ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі, қой асығы
демеңіз, қолайыңа жақса сақа ғой немесе асығы алшысынан түсті.., т.б.
тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген
жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс
бар. Мұндай фразеологизмдер асықтың айырықша символдық мәніне
қатысты қалыптасқаны анық.

Асықтың түрлері
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан
асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп.
Атап айтқанда:
Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек
қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.
Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.
Шүкейт – жас малдың асығы.
Қойлық – қойдың асығы.
Ешкімек – ешкінің асығы.
Құлжа – құлжаның асығы.
Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.
Топай – сиырдың асығы.
Жабай – ірі асықты айтады.
Қолқар – арқардың асығы.

Асықтың атаулары
Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.
Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.
Бүк – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.
Шік – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.
Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік
тұрып қалуы.
Шоңқай(жанта) – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.


Page 20

19


Асық ойыны барысында қолданылатын құралдар мен әдістер

Көн киіз – асықтың «тақта» ойыны барысында қолданатын жұқа әрі икемді
асық атуға, қаржуға қолайлы құрал. Бұл асық ойынының түрлеріне
байланысты 50Х50, 80Х80, 100Х100 см көлемінде болады. Көн киіздің
дөңгелек шеңбер түрінде қолдануға болады. Ондай жағдайда көн киіздің
диаметрі 50, 80, 100 см. Көн киіздің жиегін жіңішке ұлттық нақышты
оюлармен көмкерген дұрыс.
Тақта – көн киіз шағын тақтаның үстіне орналасады. Тақта дөңгелек немесе
4-6 қырлы болады. Ойыншылардың қимылына кедергі келтіретіндей үлкен
болмауы шарт. Тақта ойыншылардың қалауына немесе
ұйымдастырушылардың ұсынысына қарай отырып болмаса түрегеп тұрып
ойын жүргізуге қолайлы болу керек.
Асық иіру – ойыншы асықты иіргенде көп асық қолына сыймайтын болса
екі-үш бөліп иіруіне болады. Иіріп тасталған асық көн киіздің сыртына
шашырап кетпеуі қажет. Ондай жағдайда көннен тыс жатқан асық ойыннан
да тыс қалады. Былайша айтқанда ойыншы өз мүмкіндігіне толық ие бола
алмайды.
Асық иірудің әдісі – ойыншы асықты жай шашып тастамайды аса ептілікпен
иіреді. Асықты қос қолдап немесе бір қолмен иіріп тастайды. Қолды
төңкеріп немесе көн киіздің ортасын көздеп шиырлата иірген асық дұрыс
орындалған болып есептеледі. Егер ойыншы асықты дұрыс иірмесе төреші
тарапынан ескерту алады. Ескертуді қатарынан үш рет алған жағдайда
асықты келесі ойыншыға ауыстырады.
Асық ату – бұл асық ойынының ең бір ептілікті қажет ететін тұсы. Ойыншы
қажетті асықты атқанда екі қолдың он саусағының кез-келгенін пайдаланады.
Бірақ ату кезінде саусақты сүйретіп немесе жай түртіп атуға болмайды.
Бұлай істеген жағдайда асық келесі ойыншыға ауысады.
Асық атудың әдісі – ойыншы көндегі асықтың орналасуына қарай
асықтарды атады. Асықты атуға ыңғайлы саусақ бүгіліп, екінші бір
саусақтың тіреуінен шертіліп барып асыққа тигені дұрыс.
Асық атау барысындағы қозғалыс есебі – ойыншылардың жас
айырмашылығына қарай асық атау кезіндегі қозғалыс есебі үлкен рөл
атқарады. Мысалы, «тақта» ойыны барысында ойыншы тақтаны айналып
жүріп қажетті асықты атуға болады. Немесе өзінің отырған орнынан
қозғалмай-ақ ойынды жалғастыруға болады. Бұл жағдай ойыншылардың
шеберлігіне байланысты ойынның алдында төрешілер тарапынан белгіленіп
беріледі.
Қаралық – ойыншы асық ойыны ережесіне сай келмейтін іс-әрекеттерді
қолданғанды айтады. Бұл төрешілер тарапынан ескерту беру арқылы жөнге
келтіріледі.
Шеңбер – бұл асықтың «алаң» ойыны кезінде көп қолданады.
Ойыншылардың сыртқы түзілім шегі.


Page 21

20

Су – ойыншылардың алаңға тігілген асықты ату кезіндегі бағыты. Ойынның
түріне қарай 1, 2, 3, 4 бағытта болады.
Сөре – асық тігілген кіші шеңбер. Онда ойыншылар көнге салған асықтар
орналасады.
Қарақшы – алтын сақа орналасқан нүкте.
Кезек – асық ойыншылардың ойынға кіру реті.
Кезекті анықтау – кезекті төрешілер анықтайды. Ойыншыларға асық иірту
арқылы немесе жеребе бойынша кезек тоқтатады. Мысалы «тақта» ойынына
4 ойыншы қатысатын болса төреші ойыншылардың көнге тастайтын
асықтарын (4-5 асық) иіртіп кімнің асығы көп алшы түседі, соған қарай кезек
тоқтатады.
Қаржу (қаршу) әдісі – асықты жоғары серпіп тастап, сол аралықта көндегі
асықты іліп алып, жоғары серпілген асықты жерге түсірмей қаржып алу
арқылы атқарылады. Асықтың санына немесе түріне қатысты қаржыйды.
Шеңбер сыртында тұрып асық лақтыру – белгіленген орында тұрған
сақаны атып алу үшін ойыншы қолындағы асығын дәлдеп лақтыруды
айтады. Ойыншы асықты оң немесе сол қолының бас бармағы мен сұқ
саусағына қысып ұстап, сақаны дәлдеп лақтырады.

Енді көпке танымал кейбір ойындарды тереңірек талдап көрелік.
«Хан болып шық»
Асық ойнының кең тараған және өте мағыналы түрінің бірі – «Хан
болып шық». Бұл ойын – егер дұрыстап көңіл бөліп ойнаса, тәрбиелік мәні
өте зор ойын. Баланы ыждағаттылыққа,алдына белгілі бір мақсат қоюға және
сол мақсатына жетуге жетелеуге үйретеді. Ойынға екі не одан да көп
ойыншы қатысуға болады.
Ойынның ойнау ережесі:әуелі ойын алаңы ұзын сызықпен екіге
бөлінеді. Оны шартты түрде ойын сызығы дейміз. Ойын – осы сызықтың
бір жағында ғана (айталық, сол жағында) өтеді. Ойын өтетін жағын бұрыннан
айтылып келе жатқандай көн дейміз. Көннің оң жағында тұрған балалардың
(ойыншылардың) бір бала сақаларын жинап алып,жерге иіріп тастайды.
(Ойынға бес ойыншы қатысып отыр деп есептейік). Мұндағы мақсат:
ойынды бірінші кім бастайтынын, одан кейін кімдер қостайтынын анықтап
алу.
Сонымен, жерге иіріліп түскен сақалардың бірі «алшы» (не «тәйкі») тұра
қалып, қалғандары «шік», не «бүк» болып жатыр. Демек, «алшы» тұрған
сақаның иесі ойынды бірінші боп бастайды. Ендігі жерде, қалған төрт сақа
иіріледі. Сөйтіп, соңғы бір сақа қалғанша иіріле береді.


Page 22

21

Білмейтін адамға түсінікті болу үшін, «сақа иіруді» таратып айтайық:
А) Бірінші иіргенде бір сақа «әлші»,бір сақа «тәйкі» тұрып, қалғандары
жатыр делік. Демек, «алшы» ойынды бастайды, «тәйкі» екінші боп көнге
шығады.(Ескерту: «ойынды бастайды» - көнге бірінші боп шығады деген
сөз).Әрі қарай қалған үш сақа иіріледі.
Ә) Бірінші иіргенде екі не үш сақа «алшы» тұра қалулары мүмкін.Ондай
жағдайда әуелі тек осы үш сақаны қайтадан иіріп, қайсысы бірінші, қайсысы
екінші, қайсысы үшінші болатынын анықтап алғанша, қалған екі сақа күте
тұрады. (Ескерту:сақа етіп ешкі не киік асығын пайдалануға болмайды).



Енді ойын ережесін таратсақ: Сонымен, ойынның бастаушы және
қостаушылары белгілі болды. Сол белгілі болған ретіне қарай олар кезек-
кезек көнге шығады. Ал ойын сызығының бойында (яғни, сызықтың үстінде)
аралары шамамен3-4 см. Қашықтықпен 5-6 асық тігіледі. Көнге
шыққандардың ішінен ойын сызығынан ең алыс қашықтықта жатқан сақаның
иесі әлгі 5-6 асықтың бірін көздеп атады. Егер, сызық үстіндегі асықтың
біріне дәл тигізіп, оны әрірек ұшырып жіберсе, 10(он) ұпай еншілейді. Ойын
тоқтап, басынан басталады.
(Ескерту: сақа тиіп, әрірек ұшып кеткен асықтың жатқан жері мен көн
сызығының арасы табан өлшеміне жетсе, ойын тоқтатылмайды. Әлгі жатқан
асық өлік деп есептеліп, көнде тұрған қалған ойыншылар енді сол өлікті
атады).
Егер көнге шыққан қай-қай ойыншының асығы әп дегеннен «әлші» тұрса,
оған бірден он ұпай беріліп, ойын қайтадан басталады.
Егер көнге шыққан қай-қай ойыншының асығы «тәйкі» түрса, ол сол
бетінде ойын сызығының үстінде тұрған асықтардың бірін атады. Тигізген
асығын табан өлшемінен әрі асырып жіберсе оған он ұпай беріліп, ойын
қайтадан басталады. Ал, тигізе алмаған жағдайда (немесе тигізген асығы
«өлік» болса), келесі кезекте оның он ұпайын басқа бір ойыншы еншілеп


Page 23

22

кетуі мүмкін. (Ескерту: осы он ұпайды басқа ойыншы еншілеген жағдайда,
оның өзінің атып тигізгені бар, бірден жиырма ұпай беріледі).
Бұл ойынның басты мақсаты: 100 (жүз) ұпай жинап,ойынды бірінші
болып бітірген ойыншы – ХАН болады. Ойын әрі қарай жалғаса береді.
Екінші болып бітірген ойыншы – УӘЗІР болады. Үшінші бітірген ойыншы –
БАС БАТЫР болады. Осылайша: БІРІНШІ, ЕКІНШІ, ҮШІНШІ БИ,
төленгіт барып кел-шауып кел, құл, құлдың құлы болып кете береді.
(Осы ойында Хан болған ойыншы келесі ойында «сақа иіру» анықтамасына
қатыспайды, ойынды бірден бірінші боп бастайды).
Бұл – кез-келген басқа елге «Біздің осындай ұлттық ойынымыз бар»
деп ұялмай көрсетуге болатын тамаша ойын. Тамашалығы сол – балаларды
кішкентай кезінен бастап болашақта кім болатынына ұмтылуына баули
бастайды; баланың дұрыс қалыптасуына кәдімгідей ықпал етеді. Өйткені,
балалар ойынды бас жағында бітіргендерге берілетін жақсы атақтар үшін
барын салып ойнайды; ойын барысындағы қимыл-әрекеттеріне
жауапкершілікпен қарауға тырысады. Балаларды жастайынан дұрыс өсуіне
баулитын мұндай ойын кез- келген өзге ұлт өкілдерінің қызығушылығын
туғызары даусыз.

«Ұтыс ойыны»
Енді Ұтыс ойынынан таратып көрелік: мұның Алшы, Тәйкі деген екі
түрі бар.
1.Алшы ойыны.Әуелі, «Хан болып шық» ойынындағы секілді ойынға
қатысушы балаларды сақалары иірліп, көнге бірінші болып кім, одан кейін
кімдер шығатыны анықталып алынады. Ойын басталмас бұрын әр ойыншы
көнге, яғни, ойын сызығына бір-бір асықтан тігеді. Содан, ойын басталады.
Көнге кезек-кезек шығып жатқан ойыншылардың бірінің сақасы «алшы»
тұра қалған жағдайда, ол көнге өзі үшін бір асық қалдырып, қалғандарын
қалтасына салып (яғни, ұтып) алады. Сөйтіп, ойын басынан басталады. Егер,
көнге кезек-кезек шығып жатқан ойыншылардың бірінің сақасы «тәйкі» тұра
қалған жағдайда, ол сол бетінде көн сызығында тұрған асықтардың бірін
көздеп атады. Тигізген асықты көн сызығынан табан өлшемінен әрі асырып
жіберсе, ол ұтқан болып есептеліп, көнге өзі үшін бір асық қалдырып,
қалғандарын қалтасына салып алады. Ойын басынан басталады. (Ескерту
егер ол тигізген асығын көн сызығынан табан өлшемінен әрі асырып түсіре
алмаса (яғни, өлік болса), не мүлде тигізе алмаса, көнге айып ретінде бір
асық тігіп қояды. Ойын әрі қарай жалғаса береді).


Page 24

23

Сонымен, көнге барлық ойыншылар шығып болған соң, көн сызығынан
ең алыс қашықта жатқан ойыншы көн сызығында тұрған кез-келген асықтың
бірін көздеп атады. Егер, ол тигізген асық көн сызығынан табан өлшемінен
әрі асып түссе, ол ұтқан болып есептеліп, ойын басынан басталады; ал, асық
жатқан жер мен көн сызығының арасы табан өлшеміндей ғана болса, ол
асық өлік деп есептелініп, қалған ойыншылар енді сол асықты (өлікті) атады.
Ойын осылай жалғаса береді.
2. Тәйкі ойыны. Бұл ойынның Алшы ойынымен ережесі бірдей
болғанымен, ептеп айырмашылығы бар. Мысалы, көнге шыққан ойыншының
сақасы тәйкі тұрған жағдайда, ол өзі үшін көнге бір асық қалдырып,
қалғанын ұтқан есебінде қалтасына салып алады. Ойын басынан басталады.
Егер көнге шыққан ойыншының сақасы әлші тұрса, онда қалған ойыншылар
көн сызығының қасында тұрып, кезек ретімен сол сақаны атады. Қайсысы
тигізсе (қалай тигізсе де), сол ұтқан болып, ойын басынан басталады. Әрі
қарай осы бағытпен ойналады. Байқап отырған шығарсыздар, екі ойынның
ережелері бірдейге жақын; тек бірінде Алшы қожайын болса, келесі бірінде
Тәйкі қожайындық етеді. (Ескерту: осы екі ойынға да ортақ қатаң тәртіп:
көн сызығына тігілген асықтарды бірыңғай алшы, не бірыңғай тәйкі тігуге
болмайды – ондай жағдайда ойыннан сырт тұрған (яғни, ойнамай тұрған)
кез-келген бала көн сызығындағы асықтарды түгел «шұр-р» деп, сыпырып
ала алады).
Енді, осы екі ойынның мүлде басқаша ойналу тәсілін қарастыралық:
1.Алшы ойыны.
№1-сызық________________________________________________________
№2-сызық________________________________________________________
№3-сызық________________________________________________________
№1- сызық пен №2- сызықтың арасы 1 метр, №2- сызық пен №3- сызықтың
арасы 30-40 сантиметр. №2- сызық – КӨН сызығы.
Сақалары иіріліп, бастаушы-қостаушылары анықталғаннан кейін, ойын
басталады. Ойыншылар көннен №1-сызыққа қарай, одан әрі асырып шығады.
Кейін кезек-кезек ата бастағанда, көндегі тұрған асықты №3- сызықтан бері
асырып жіберулері тиіс. Бар айырмашылығы осы. Яғни, бұрынғыдай сақа
тиген асықты табан өлшеміне салып жатпайды. Бұл- сақа тиген асық «өлік»
болды деп дау-жанжал шығармас үшін өте пайдалы. (Әрине, сақа тиген асық
№3-сызыққа сәл жетпей қалса – онда өлік болғаны)


Page 25

24

Қалған ойнау ережесі жоғарыдағы Алшы ойынының бірінші нұсқасында
айтылғандай өрбиді.

2.Тәйкі ойыны.
Бұл тәйкі ойынының жоғарыдағы Тәйкі ойынымен ойнау ережесі біп-
бірдей болғанымен, бір-ақ айырмашылығы бар. Ол –мынау: айталық, кезегі
келген ойыншы көндегі тұрған көп асықтың бірін атты. Егер сақа мен сақа
тиген асықтың екеуі де шік (әйтпесе,бүк) жатса, демек ұтқаны. Ол ұтқан
асығын алады да, әрі қарай ата береді. Мақсат: сақа мен сақа тиген асық
бірдей жатулары керек. Сөйтіп әр ойыншы кезек-кезегімен көндегі асық
біткенше ата береді. (Бір ойыншы асық біткенше атып, ұтып кетуі мүмкін).
Омпы ойыны.
Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Бұл
ойынға асығы бар ойыншылар қатысады. Оны тегіс алаңда, жазық жерде,
тіпті бөлме ішінде де ойнай береді. Екі ойыншыдан он ойыншыға дейін
қатысса ойын қызықты өтіп, ешкімді жалықтырмайды. Негізгі мақсат –
неғұрлым көп асық ұтып алу.
Ойын ережесі. Ойнаушылар арасы 20 адым көмбе сызады да көмбенің тең
ортасына сызық бойына ойыншылардың әрқайсысы екі асықтан көнге тігеді.
Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады.
Балалар сақаларын иіріп, кезектері бойынша бірінің артынан бірі қатарға
тұрады да, кезек-кезек сақаларымен, он адым жердегі омпыны атып түсіруге,
сөйтіп асық ұтып алуға кіріседі. Егер бір ойыншы ортадағы тұрған омпыға
бірден тигізсе, онда көндегі бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай,
тұрған асықтардың кез келгеніне тигізсе сол тигізген асығын ғана алады.
Көндегі асық таусылған сайын ойыншылар асықты қайтадан тігіп отырады.


Page 26

25


Арқаласпақ ойыны.
Бұл ойынды екі ойыншы ойнайды. Сақаларын иіріп, кім бірінші атуды
бастайтынын анықтап алған соң, ойын басталады. Қостаушы сақасын
әрірекке лақтырып жібереді. Бастаушы оның сақасын көздеп атады. Егер,
тигізсе – қостаушы оны сақасы жатқан жерге дейін арқалап апарады да,
қайтадан өз сақасын әрірекке лақтырып жібереді. (Келісімге байланысты
кезектесіп ойнауға да болады, яғни, енді Бастаушы сақасын анадай жерге
лақтырып жібереді де, Қостаушы оның сақасын көздеп атады). Бастаушы
тағы да атады. Тигізе алмай қалса, ойын кезегі Қостаушыға өтеді. (Ескерту:
сақаны анадай жерге лақтырып жібергенде, белгілі бір қашықтықтан әрі
асырмау керек: мысылы 4-5 метр).
Осы ойын-кезінде күллі қазақ балаларының сүйікті фильміне айналған
«Менің атым Қожа» кинокартинасында керемет көрініс тапқан. Қожа
өзінің Сұлтан деген тентек, тілазар досымен қойлы ауылға келе жатып,
жол қысқартпақ ниетпен арқаласпақ ойнайды. Сонда, әйтеуір бірдеңе ойлап
таппаса ішкені бойына тарамайтын Сұлтан оның арқасына мініп алып,
біразға дейін түспей қоятыны бар. Көпке дейін көз алдыңнан кетпейтін
тамаша эпизод.
( Ескерту: бұл ойынды сиырдың топайымен (асығымен) ойнаған
ыңғайлы).









Page 27

26

«Атжарыс» ойыны.
«Асығың алшысынан түсіп, бәйгеден атың озып келсін, балақай».
Ойын мәтелі.



Жоғарыдағы шеңбер-сурет шартты түрде беріліп отыр. Өйткені ойын
барысында диаметрі 1-1,5 метр боп сызылатын шеңберді айналдыра 30-40
асыққа дейін қойылады. (Ескерту: сол шеңберді айналдыра асық орнына
көлемі асық шамалас қиыршық тас та қоюға болады).
Бұл енді ойынның төресі. Болашақ шабандоз балалар ат жарыстың не
екенін осы ойыннан бастап үйрене бастайды десек қателеспейміз. Өйткені,
осы ойынды мықты үйреніп өскен бала, кейін шабандоз болып, бәйгеге
шапқанда да тақымды қай жерде қысып, қай жерде бос ұстау; тізгінді қай
жерде тартып, қай жерде жіберу секілді қарапайым элементтерін оңай
меңгереді. Себебі, осы ойын барысында сақаны – сенің бәйгеге қосқан атың
(яғни, асығың) қай тұсқа келгенде қалай шиіру керек – бәрі де үлкен
есеппен жасалады. (Бұл сөйлемнің толық мағынасы – ойын ережесін
түсіндіру барысында ашылады).
Сонымен ойын ережесін таратсақ: әуелі диаметрі 1-1,5 метр болатындай етіп
үлкен шеңбер сызылады. Содан, шеңберді айналдыра араларын 5-10
сантиметрдей етіп қиыршық тастар қойылады. Тастар әр түске боялған.
Бірінші тас (шеңбер - суретке қараңыз) – СӨРЕ (старт) ; он екінші тас –
МӘРЕ (финиш).
Тастардың түрлі-түске боялатын себептері:
А). Ақ түс (атың озды – үш тас; яғни, үш жерге қойылады) – бұл тастың
тұсына келген атың алға қарай және үш меже (яғни, үш тас) жылжып барып
тоқтайды. (Ескерту: егер, үш меже алға жылжып келіп тоқтағанда қара не
қоңыр тастың тұсына келіп қалса, бір меже кейінге шегеріліп тұрады);
Ә). Қара түс (атың өлді – екі тас) – бұл тастың тұсына келген жарыс
аттары өлген болып есептеледі; яғни, ойыншы ойыннан (жарыстан) шығады;


Page 28

27

Б). Көк түс (қара басты – екі тас) – бұл тастың тұсына келіп тоқтаған
аттар кейін қарай үш меже шегініп. ( Ескерту: егер, үш меже кейін
шегінгенде ақ не қара тастың тұсына келіп қалса, солай тұра береді; яғни, ақ
тас пен қара тасқа қойылатын шарттар бұған жүрмейді);
В). Қоңыр түс ( алып қашты – бір тас) – бұл тастың тұсына келген аттар
да өздері алып қашқан болып есептеліп, жарыстан шығады.
Қалған тастар боялмайды.
Енді тастардың орналасу тәртібі:
Ақ тас – үшеу; біреу – екінші, біреуі – төртінші, біреуі – жетінші межеге
(Ескерту: меже – шеңберді айнала тұрған тастар ) қойылады.
Қара тас – екеу; біреуі – бірінші, біреуі – тоғызыншы межеге қойылады.
Көк тас – екеу; біреуі – алтыншы; біреуі – сегізінші межеге қойылады.
Қоңыр тас – біреу; бұл – бесінші межеге қойылады.
(Ескерту: нағыз ойын кезінде диаметрі 1-1,5 метр шеңберді айнала 30-40
тас тұрғандықтан, боялған тастардың саны бұдан әлдеқайда көп болады.
Мысалы: ақ тас алтау, қара тас төртеу, көк тас жетеу, қоңыр тас бесеу;
бұларды ойыншылар ақылдасып отырып, әр жерге қояды).
Жарыстың орындалу ережесі:
Сонымен, ойын басталады. Ойын үлкен шеңберде өтіп жатыр. Шеңберді
айналдыра 40 тас қойылған. Ойынға 15ойыншы, яғни, 15 ат қатыстырғалы
отыр. Әр ойыншыда екі-екі асықтан бар; біреуі – сақа, біреуі – бәйгеге
қосылатын ат.
Барлық басқа ойындар секілді, алдымен сақалар иіріліп, бастаушылар
мен қостаушылар анықталады. Сосын, ойын басталады.
Ал, аттардың қалай жүретіні (демек, қалай шабатыны) былайша
анықталады: иірген сақаң әлші түссе –5 жүріс; тәйкі түссе – 4 жүріс; шік – 3;
бүк – 2; жанта – 0; омпа – 8; (Ескерту: сақаны иіргенде омпаға көп тұра
бермейтіндіктен, оған үлкен жеңілдік беріліп отыр; бірақ «Алмақтың да
салмағы бар» демекші, омпа қай тастың қасына келіп тоқтаса да, сол тасқа
қойылатын шартқа бағынады; мысалы: қара тастың тұсына келсе – өліп
қалады).


Page 29

28

Сонымен, ойын басталды. Көкала шаңды көкке көтерген алақұйын
аламан бәйге естеріңізде шығар. Бұл жерде де сол аламан бәйге басталады.
Аттың құлағында ойнайтын шабандоз бала бәйгеге шабу өнерін ең алғаш осы
жерден бастап үйренеді десек, еш қателеспейміз. Кішкентайынан осы
ойынды мұқият ойнап үйренген бала өсе келе ат жалын тартып мініп,
бәйгеге шапқанда да, анабір абдырап, сасқалақтамайтыны да содан. Неге
дейсіз бе? Таратып айтып көрейік, ендеше.
Сонымен, бәйге басталды.
Бұл – қалай болса солай сақаңды иіріп қойып, құр бекер шеңберді айналып
шығу емес. Мәреге жеткенше талай-талай шешуі қиын мәселелер бар
алдыңда. Бәйгеде де солай емес пе? Тақымды қай жерде қысып, қай шамада
босаңсыту керек; тізгінді қай жерде тартып, қай жерде жіберу керек? Бұл
жолы да солай. Ойын (яғни, жарыс) – аяғына дейін, демек, ең соңғы ат мәреге
жеткенше ойналады. Өйткені, сөреден мәреге жеткенше жолда бірталай
бөгет бар. Бәйгеге қосылған он бес аттың нешеуі мәреге аман-есен жететіні
әлі белгісіз. Міне, осы жерде ойыншылардың біліктілігі, алғырлығы,
байқағыштығы және ұстамдылығы байқалады. Атың қай тастың тұсына
келгенде сақаны қалай иіру керектігі осы тұста ескеріле бастайды. Сақа сыры
– иесіне мәлім. Қатты немес жай иіру, жерге жай ғана тастай салу секілді
әрекеттер іске қосыла бастайды. Себебі, айталық: сенің бәйге атың тұрған
тастан кейінгі екі межеден соң қара тас тұр. Ал, сенің сақаң иіргенде бүк
түспес үшін сақаны қалай, қандай күшпен иіру керек?
Осындай ерекшеліктеріне мән бере отырып қарасаң, ойын алаңында керемет
аламан бәйге өтіп жатқанына көзің жетеді. Біреуінің аты мәреге жете бере
шаң қауып, «өліп» жатады, біреуінің тым жақсы «шауып» келе жатқан аты
әлденеден үркіп ала қашып, жарыстан шығып қалып жатады, тағы біреуінің
бірталай жерге барып қалған сәйгүлігі кенет кері қарай «жылжып кетеді (Бұл
көріністі аты кері шауып кетті деп емес, артындағы аттар қуып жетіп, басып
озды деп түсіну керек), енді біреулер баяғыда мәре сызығын қиып өтіп,
аттарын суытып жүреді...
Міне, осы тірліктердің барлығы да кәдімгі шын аттар шабатын үлкен
бәйгелерде де болып жатады. Ендеше, кез-келген қазақтың қара баласы
үзеңгіге аяқтарын салмай тұрып-ақ, оған дейін бәрі біліп келеді.






Page 30

29

Жерде отырып ( немесе, үстел үстінде) ойнауға болатын ойындар:
«Бес асық» ойыны.
Бес асық – ұтыс ойыны емес, ермек ойыны. Бұл ойынды үлкендер де ,
кішілер де, тіпті, қыздарға да ойнауға болады. Негізі, екі адамға ойнауға
қолайлы. Ойыншылар әуелі сақаларын иіріп, кім бастайтынын анықтап
алады. Жерде бес асық шашылып жатады. Бастаушы анықталғаннан кейін ол
жерден бір асық алып жоғарырақ лақтырып жібереді де, ол айналып жерге
түскенше тез қимылдап жерден бір асық алып және жерге түсіп келе жатқан
асықты қағып алуы керек. Үлгерсе – ұтқаны. Ойын әрі қарай жалғасады.
Осылайша, келесі кезекте үш асық, одан кейін төрт асық алып үлгеруі
керек. Ұқыпты мұқият және үлгеріп істесе – ұтқаны. (Не жерден өзіне керекті
асықты алып үлгірмей, не жоғардан түсіп келе жатқан асықты тосып алып
үлгірмей қалса, ойын тоқтатылып, ойын кезегі келесі ойыншыға өтеді.
Ескерту: Бір ойыншы үш не төрт асықты жинап үлгермей, ойын кезегін
келесі ойыншыға берді дейік. Келесіде, яғни, оған кезек келгенде, ол сол
келген жерінен әрі қарай жалғастырады).


«Барыңды сал» ойыны.
Бұл ойынды да балалармен қоса ересектерге де, тіпті, қыздарға да ойнауға
болады. Ойынға алдын ала жан-жағы жонылған, табаны қайралған төрт асық
дайындап алады. Бұл ойынға әр түрлі жүлделер (сыйлықтар) тігіледі.
(Бұрынырақта балалар асық тігіп ойнаса, үлкендер лақ, қозы, қой-ешкіге
дейін тіккен; ал қыз-келіншектер «Келесі бастаңғыны кім өткізетінін
анықтауға» ойнаған). Ойын аяқталған сайын жүлде жаңартылып отырады.
Ойын ережесі: Әдеттегідей, әуелі сақаларды иіріп, кезек ретін анықтап
алады. Ойын басталғанда, бастаушы әлгі дайындап қойған төрт асықты
ортаға иіріп кеп (шашып) жібереді. Егер, шашып жібергенде төрт асық
бірыңғай не әлші (төртеуі де), не тәйкі, не шік, не бүк түссе, ол ойыншы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
06.11.2020
1925
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі