Материалдар / Асық ату. Қауіпсіздік ережесі. Ойын ережесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Асық ату. Қауіпсіздік ережесі. Ойын ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ:Асық ату. Қауіпсіздік ережесі. Ойын ережесі. Мақсаты, міндеттер 1) Ұлттық «Асық» ойынын оқушылармен кеңінен талқылау 2) Оқушылардың асық ойынына деген қызығушылығын арттыру 3) Дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
4450
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«АСТАНА ПРОФИ» ҚАЛАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ














Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары



Асық ату. Қауіпсіздік ережесі. Ойын ережесі

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы : Дене шынықтыру


Дайындаған педагог: Қабажай Жандос Серікұлы


2021 жылғы « » сәуір



















1.Жалпы мәліметтер


      Курс, оқу жылы, топ __________________


      Сабақ типі: Аралас сабақ


2. Мақсаты, міндеттер


1) Ұлттық «Асық» ойынын оқушылармен кеңінен талқылау

2) Оқушылардың асық ойынына деген қызығушылығын арттыру

3) Дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеу


      2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Түсіндіру, сұрақ-жауап


3. Сабақты жабдықтау

      3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Н. Ахметов, Қ. Мамырқұлов «ҚАЗАҚТЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ АСЫҚ АТУ ӘДІСТЕРІН ҮЙРЕНУ»

      3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Ноутбук, суреттер, асықтар т.б


4. Сабақтың барысы


а) Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып , түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру , оқу құралдарының түгелдігін қадағалау.

Ә) Үй тапсырмасын тексеру

Тоғызқұмалақ үйрену

Жаңа сабақ

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Ұсақ малдың (қойешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.

Асықтың түрлері:

Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:

Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан  (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.

Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.

Шүкейт – жас малдың асығы.

Қойлық – қойдың асығы.

Ешкімек – ешкінің асығы.

Құлжа – құлжаның асығы.

Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.

Топай – сиырдың асығы.

Жабай – ірі асықты айтады.

Қолқар – арқардың асығы

Асықтың тұрысының атаулары:

Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.

Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.

Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.

Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.

Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.




Асық ойын түрлері

Асық ойынының түрлері өте көп. Ол әр өлкеде әртүрлі атауларға ие және ойнау әдіс-тәсілдері де өзгеше. Сөйте тұра аталмыш ойын түрі осы барлық ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталмыш ойын түрін – «үй ішілік» және «далалық» деп екіге бөліп жіктеуге болады. «Үй ішілік» — ойын түрі  қазіргі заманауи жағдайға икемделіп – «тақта ойыны» деп аталса, ал, «далалық» түрі – «алаң ойыны» делініп жүр.


Асық ойынының «тақталық» түріне:

«Хан» немесе «Ханталапай», «Хан ату», «Құлжа ату»;

«Құмар»;

«Қақпақыл»;

«Қаржу» немесе «Қаржымақ»;

«Сасыр»;

«Төрт асық»;

«Бес тас»;

«Бес асық»;

«Иірмекіл» т.б. жатады.

Асық ойынының «алаңдағы» түріне:

«Арқаласпақ»;

«Алты атар»;

«Омпа»;

«Кетсін бір»;

«Шыр»;

«Бәйге»;

«Алшы»;

«Бес табан»;

«Көтеріспек (Атбақыл)» т.б. жатады.


Сәйкестендіру:

1.Сақа –6.қорғасын құйылған салмақты сақа асық.

2.Кеней  4.қойдың асығы.

3.Шүкейт – 8. ірі асықты айтады

4.Қойлық — 10.құлжаның асығы

5.Ешкімек — 2.көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар 

6.Көктабан — 5. Ешкінің асығы

7.Топай – 9. арқардың

8.Жабай – 7.сиырдың асығы.

9.Қолқар – 3. жас малдың асығы.

10.Құлжа — 1.асықтың үлкен әрі шымыр түрі.


5. Сабақ бойынша рефлексия

Асық ойыны деген не?

Асықтың қандай түрлері болады?

Асық ойыны қашан шыққан, тарихын білесінбе?

Асық ойыны неше бөлінеді?


6. Үй тапсырмасы

Т/Қ ережелерін жаттау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!