Материалдар / Асық ойынының ережесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Асық ойынының ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
30964
21 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1. Ереже асықтан Жарыс өткізу шарттарын реттейді.

Асық ойыны балалардың бойында қазақ халқының тарихи- мәдени мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулиды,қазақтың ұлттық ойындарын білуге құштарлығын арттыру мақсатында өткізіледі.

2. Асық ойынында қолданылатын негізгі терминдер:

Асық – арқар, таутеке, қой, ешкі, елік, киіктің асық жілігімен жіліншегінің (сирағының) ортасындағы шағын сүйек;



Алшы – асықтың қырынан тұрғанда ойығы үстіне, алтегістеу, тәйке жақ беті астына қарап түскен қалпы;


Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы түскен қалпы;






Бүк (бүге) – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түскен

түрі;




Шік (шіге) – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түскен түрі;





Омпы (омпа,оңқа) – асықтың ашасы бар жағының жерге

қадалып түскен түрі;






Шоңқа – асықтың омпыға қарсы жағымен жерге қарап

түскен түрі;






Кеней (кенай) – жаппай ойынға немесе ұтысқа

салынатын жай қарапайым асық;









ІІ. АСЫҚ ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

1. Асық ойынының кезеңдері және кезеңдердегі ойын түрлері

Асық ойыны әр өлкеде әр түрлі ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталған ойын түрін – «үй ішілік» немесе «тақта ойыны» және «далалық» немесе «алаң ойыны» деп екіге жіктеуге болады.

Осыған орай асық ойыны жалпы 3 түрі:

тақталық ойынның 1 түрі, алаң ойынының 2 түрі бойынша өткізіледі.

Ойын жарысы келесі екі кезеңнен тұрады:

І кезең - өңірлік іріктеу кезеңі;

ІІ кезең – ақтық кезең.

Әр кезеңдегі сайыс жеке жарыс ұстанымы бойынша және төменде көрсетілген ойын түрлерінен өтеді:

1. «Қаржу» (тақталық ойын) ойыны;

2. «Бес табан» (алаң ойыны) ойыны;

3. Шыр «Алшы» (алаң ойыны) ойыны.

Әр ойын түріне әр топтан бір баладан ғана қатысады.

«Алшы» ойынына топ капитандары қатысады.

Екі кезеңдегі жеңімпаздар ұпай немесе асық саны бойынша анықталады.

Өңірлік іріктеу кезеңі аудандарда, облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында өткізіледі. Іріктеу кезеңін ұйымдастыру мен өткізуді өңірлердегі жергілікті атқару

органдары, үйлестіру жұмыстарын спорт мекемелері жүзеге асырады.

Өңірлік іріктеу кезеңдері аудандық және облыстық деңгейлерде өтеді.

Аудандық іріктеу кезеңдеріндегі жүлделі 1-ші, 2-ші, 3-ші орындарды иеленген балалардан топ (команда) жасақталып, облыстық жарыстарға жіберіледі. Облыстық іріктеу кезеңдеріндегі жүлделі 1-ші, 2-ші, 3-ші орындарды иеленген балалардан топ (команда) жасақталып, ақтық кезеңдегі жарыстарға жіберіледі. Аймақтық және республикалық деңгейдегі ойындарды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырушылар

жүзеге асырады.


2. Ойын тәртібі

Әр ойын түріне қатысушылар өтінімі жасалады. Алаң ойыны барысында қатысушылар тізімдегі кезек бойынша төртеуден ортаға шығады. Алдымен тізімдегі алғашқы төрт ойыншы шығып бастайды. Әрқайсысына тізімдегі орнына сәйкес «1», «2», «3», «4» сандары белгіленген сақалар таратылып беріледі. “Тақталық” (үй ішілік) ойын басталар алдында ойын жургізуші олардың сақасын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе – екінші, бук түссе – үшінші, шік түссе - төртінші болып асық ататын болады. Егер екі баланың, үш баланың, немесе төртеуінің де сақасы бір қалыпта түссе, кезек ретін нақты белгілегенге дейін сақалар қайта иіріледі. Ойын соңында ең көп ұпай немесе асық жинаған бала жеңімпаз болып танылады.

Ойыншы ортаға шақырылған жағдайда дайын тұруы керек. 2 минуттан артық кешіксе, ойыннан шығарылады. Ойын барысында дөрекілік танытқан, тәртіпке, ережеге бағынбаған ойыншы ойыннан шеттетіледі. Бас төреші қажет деп тапса, тәртіп бұзған ойыншыны жарысқа қатыстырудан бас тартуға құқылы. Осындай жағдайда ойыннан шығарылғандарға ешбір орын берілмейді.




3. Ойын түрлері

ҚАРЖУ (қақпақыл)

Бұл ойын үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – көн киіз немесе кілем үстіне төреші бес асықты арасын алшақтатып шашып тастайды (1 сурет). Ойыншы өзінің қолындағы қолайлы асығын жоғары лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі бір асықты іліп алып, жоғарыдан түсіп келе жатқан өз асығын жерге түсірмей қағып алады, жаңағы жерден алған асықты жерге қойып, тағы да өз асығын жоғары лақтырып, жерден екінші асықты іліп алып, жоғарыдағы өз асығын қағып алады. Осылай үшінші, төртінші, бесінші асықты алады. Осы бес асықты қателік жібермей қаржып алар болса, 10 ұпай беріледі.









1 сүрет

Егер қолына ұстаған бес асықтың біреуін түсіріп алса, 1 ұпай шегеріледі. Екеу болса, екі ұпай шегеріледі. Егер жоғары лақтырған асығын 3 рет ұстай алмаса, ойын тоқтатылады

Бірақ ойыншы бұған дейін жинаған ұпайына иелік ете алады. Бірінші кезеңде қалай ойнағаны есепке алынбай-ақ қатысушы екінші кезеңге жіберіледі.


Екінші кезең – көн киіздің екінші бетінде киізді жиектеп орналасқан 8белгі болады. Осы белгілерге сегіз асық тігіледі. Екі-алшы, екі–тәйке, екі бүк, екі-шік. Бұлар қарама-қарсы орналастырылады. Ойыншы өз қолындағы асығын жоғары лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі екі алшы асықты шеберлікпен теріп алып, жоғарыдағы өз асығын жерге түсірмей қағып алуы керек. Осылай жұп асықтарды қате жібермей қаржып алса, 20 ұпай беріледі. Ойын қателіктеріне қарамай аяғына дейін жүргізіледі. Бірақ бір ойыншы екі жұп асықты бір рет қана қаржып ала алады. Қаржый алмаса, 5 ұпайдан айырылады да, келесі жұп асықты қаржып алуға әрекет жасайды. Бірінші және екінші кезеңде қалай ойнаған есепке алынбай-ақ, қатысушы үшінші кезеңге жіберіледі.

Үшінші кезең – көн киіздің екінші бетінде киізді жиектеп 9 асық орналастырылады. Ойыншы өз қолындағы асығын жоғары лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі асықтарды үш- үшеуден теріп алып, жоғарыдағы өз асығын жерге түсірмей қағып алуы керек. Осылай үшеуден 9 асықты қате жібермей қаржып алса, 30 ұпай беріледі. Ойын қателіктеріне қарамай аяғына дейін жүргізіледі. Бірақ бір ойыншы үш асықты бірден бір рет ғана қаржып ала алады. Қаржый алмаса, 10 ұпайдан айрылады да, келесі үш асықты қаржып алуға әрекет жасайды. Жеңімпаз үш кезең қорытындысы бойынша анықталады.


«БЕС ТАБАНДЫ» топаймен ойнайды.

Алаңға көмбе сызығы сызылады. Осы жерге әр бала 10-15см аралығында 2 топайдан тігеді. Көмбе сызығынан бес табан өлшеніп сызық сызылады.Бұл бес табан сызығы болады. Бес табан сызығынан 3 метр қашықтықта атыс сызығы сызылады.

Осы сызықтан балалар кезек-кезек көмбедегі топайды қатты құлаштап атып, тігілген кенейлерді көмбедегі сызықтан әрі қарай 5 табан сызығынан шығаруы керек. (сүрет №2)

Ойыншылар екіге бөлініп сақаларын иіріп ату кезегін анықтап алады, содан кейін атуды бастайды. Көмбеден шыққан топай атқан баланікі болып есептеледі. Егер ол көмбеден шығара алмаса, сақа тиген топай қайта тігіледі де келесі бала атады.

Ойын осылайша жалғаса береді. Ең көп топай жинаған бала жеңімпаз болып табылады.


ШЫР «АЛШЫ»

Ортаға диаметрі 8 метр шеңбер сызылады . Шеңбердің ортасынан бөле көмбе сызығы сызылады.

Ойыншыларға бір сақа, 4 кенейден беріледі. Ойыншылар сақасын алып қалып, қалған бір кенейден көнге тігеді. Оны шыр дейді. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдалып алынады. Ойыншылар сақада көрсетілген номер кезегімен ойын бастайды.

Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет.

«Алшы ойынында» 1 алаңға 4 ойыншыдан шығады. Бірінші бала сақасын ешкім көздей алмайтындай жерге алысырақ тастайды. Екінші баланың да, басқасының да солай тастауына болады. Оны «жаттым» дейді. Бірақ тастаған сақа атуға ыңғайлы жатса, кезектегі түптегі қарсылас көздеп атуға құқы бар. Тигізсе «өлді» дейді. «Өлген» сақаның иесі келесі кезекке дейін ойыннан шығады. Алдыңғы баланың одан да әрі маңында жатқан сақаларды атып «өлтіруге» еркі бар. Болмаса, бір сақаны «өлтіргеннен» кейін, сол жерден «шырды» атып бұзады. Сақасының жұбына қарай құлаған асықтарды жиып алып, енді біртіндеп кенейлерді атады. Жұп түссе – ұтысын алып, ойынды жалғастыра береді. Бөлек түссе, сол жатқан жерінде жатады. Егер сақасы кенейлермен жұп түспей- ақ алшы түссе, ойыншының қайта атуына болады. Тәйке түссе, алыстау басқа жаққа «жатуға» болады. Бұл заңдылық сақаны сақа көздегенде де сақталады. Тимей кетіп, бүгінен не шігінен түссе, сол жерде жатады. Қарсылас ойыншы кезегін алғанда, оны оп-оңай өлтіре салады. Бұл ойында сақаны атып «өлтіріп» не «шыр» бұзып, жұп асықтарды көбірек ұтып, көбірек ұпай жинаған ойыншылар жеңімпаз деп танылады. «Шыр» түбінде ең соңғы баланың сақасы ғана жата алады. Оның пайдасы, қарсыластар сақаларын атып, ұзап кетеді де, «шырға» тигізе алмай қалады. Кезегі келгенде «шырды» бұзып, жұп – асықтарды жиып алады. Ыңғайлы кенейді жақын жатқан сақаға қарай атып жақындап, кенеймен жұп түссе, оның сақасын «өлтіруге» болады. «Шырды» бұзып, бар кенейді ұтқан бала жеңімпаз

атанып, ойынды басындағыдай қайта жалғастырады. Кенейі біткендер ойыннан ұтылып шығып қалады. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды.


3Shape1 Shape4 Shape3 Shape2



сүрет















III.Асық ойыны жарысына қатысу тәртібі

Ойынға өңірлік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болып табылатын оқушылар және ересектер қатыса алады. Ойынға қатысушылар өз топтарын ажыратып тұруы үшін жарысқа қатысушы топтар біркелкі киім үлгісін қолдануы тиіс. Ойыншылар ұлттық нақыштағы киім үлгісін қолдануына болады.

Киімнің жеңі, етегі асық атуға, иіруге, лақтыруға кедергі келтірмейтіндей ықшам болуы

шарт. Ойынға қатысу үшін өтінімдер белгіленген уақытқа дейін

қабылданады. Поезд, автобус номірі, делегациялардың келу және қайту күні, уақыты туралы ақпаратты; жауапты тұлғалардың қолымен және мөрімен бекітілген нақтыланған

делегация тізімін ұсынылған нысан бойынша (

1 қосымша) беруі қажет. Ойыншыларда міндетті түрде жеке басын куәландыратын

құжаты болуы шарт.

1. Делегация құрамы

Әр өңірден келетін делегация құрамы 5 адамнан аспауы тиіс: Жетекші-бапкер – 1 адам; Қатысушы – 4 адам.

Барлық ұйымдастыру мәселелерін шешуді, олардың тұрғын жайы мен тамақтану шығыстарын жарысқа жіберуші жақ көтереді.

Ұйымдастыру комитеті жоғарыда аталған адамдардың чемпионат өтіп жатқан залдарға, чемпионаттың ашылуы мен жабылуына кедергісіз өтуі мақсатында аккредиттеуді олардың келуіне өтінім делегацияның негізгі құрамымен берілген жағдайда ғана кепілдендіреді.


ІҮ. ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ

Ойынның төрешілер құрамын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Туризм және спорт басқармалары бірлесіп бекітеді.

Төрешілер құрамын бас төраға басқарады.

Бас төреші жарыстың ойдағыдай өтуіне жауапты. «Тақта» немесе «Алаң» басындағы төрешілердің шешіміне наразылық туса, әділ төрелік жасайды. Жарыс өтетін орынның техникалық дайындығын тексереді. Жауапты хатшыны тағайындайды.

Техникалық хатшы – төрешілер алқасының хаттамасын әзірлейді. Бәсекеге түсетін топтарды жіктейді. Жарыстың уақытын белгілейді. Бас төрешінің шешімдерін жеткізеді және ұсыныс жасай алады. Журналистерге ақпараттық мәлімет таратады. Жарыс барысында орын алған ескертпелерді жазып алады. Техниқалық хатшы чемпионаттың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін және дипломанттарын анықтауға қатыспайды.

Төрешілер – тақта немесе алаң басында тұрып ойынды бастауға, тоқтатуға үкім береді. Қолына сары және көк түсті екі шағын жалауша ұстайды. Ойыншыға «Баста» деп айтып, көк жалаушаны көтереді. Бұл ойын басталғанының белгісі. Ойыншы қателік жібергенде «Тоқта» деген бұйрық беріп, қолындағы сары жалаушаны көтереді. Осылай келесі ойыншыға «Баста» сөзі айтылып ойынды жалғастыруын ұсынады.

Осы ойын басындағы төреші асық ату, асық қаржу, асық тастау кезінде ереженің қатаң сақталуын қадағалайды. Әрі жеңімпазды анықтайды. Ұпай санын белгілеп, хатшыға хабарлама жасайды.

1. Төрешілердің асық ойынында қолданылатын ым – белгілері:



Бүк – жұмылған қолды алға созып саусақтардың бүгілген жағын төмен қарату.


Ш ік – жұмылған қолды алға созып саусақтардың бүгілген жағын

жоғары қарату.


V. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

Төрешілер құрамы Чемпионаттың жеңімпаздарын (1,2,3- орындар) белгілейді. Жеңімпаздар ұпай саны бойынша анықталады.

Жеңімпаздар ресми рәсімдерде асық бейнеленген алтын,күміс және қола медальдармен және чемпионат рәміздері бейнеленген дипломдармен марапатталады. Төрешілер құрамының шешімі қайта қарауға жатпайды. Әрбір алаңның жүлдегерлері «алтын сақа» жүлдесі иегері атағын жеңіп алуға қатысады. Жарыс соңында төрешілер алқасының шешімімен «алтын сақа» жүлдесіне қатысушылар ішінен ерекше мергендік көрсеткен спортшы «сұрмерген» атағына ие болып марапатталады. Аландағы төрешілер матадан тігілген көк, сары түсті білекқап киіеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!