Материалдар / Ашық саабақ "Нан өмірдің өзегі"1сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық саабақ "Нан өмірдің өзегі"1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Наның дастарқанға қалай келетіні ,оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру. Еңбек адамдарын сыйлай білуге,нанды үнемдей білуге,жинақылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
603
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Нан - өмірдің өзегі

Мақсаты: наның дастарқанға қалай келетіні ,оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру.
Тәрбиелік: еңбек адамдарын сыйлай білуге,нанды үнемдей білуге,жинақылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, мақал-мәтелдер

Тәрбие сағатының барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Кіріспе бөлім.
Ардақты нан , ана мінез асыл нан
Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан.
Бір күлшеңді мың есе артық дер едім,
Бар дүниенің інжу, гауһар тасынан.
3. Ой - қозғау:
Балалар біздің дастарханымызға нан қалай келеді?
Нан, үш - ақ әріптен тұратын сөз адам баласы үшін ең қадірлі де, қасиетті ұғым, онда өмірдің өзегі деп аталатын үлкен мағына бар.

«Ас адамның арқауы».Нан адам өмірінің өзегі. Жерге шыр етіп түскеннен нансыз тұра алмайсың.Нан жарқыраған алтын емес,бұрқыраған ақша емес.Бірақ нанға баға жетпейді.
Нанның 200-ден астам түрі бар.Қазақ халқы да ұннан неше түрлі нан пісірген.Ақ, қара, сары, қоңыр, бөлке, қалаш, тоқаш, сәйке, үзеңгі, бұрама, шиыртпақ, бәліш, бәтер, қаттама, көмбе, бауырсақ, күлше, жаппа, таба нандар жатады.
Елімнің құдіретін асырап тұрған, менің де, сенің де,оның да мерейін үстем ғып тұрған - Ол нан!
Ән: «Қазақы дастарқаным».

- Балалар, нан неден алынады?
- Бидайдан.
- Олай болса, бидайды ортаға шақырамыз.
Бидай:
Мен өстім биік,
Күн көзін сүйіп.
Масағының ішіне,
Алтын дәнін түйіп.

- Бидайдан не аламыз?
Нан туралы тақпақтар айтылады.
1921-1922 жылдары ашаршылық кезінде халық бір үзім нанға зар болды.Қыста қардың, жазда жауынның болмауы құрғақшылықты әкелді. Ал құрғақшылық ашаршылақты әкелді.1921 жылдың күзінде 20 млн. астам адам аштыққа тап болды.Мал жаппай қырылды.Халқымыз осындай қиын кезеңдібасынан өткізді.Сол кезде Қазақстанда 2832000 адам аштыққа ұрынды.
Қаңғып қалған балаларға ерекше назар аударылды. Оларды аман алып қалу үшін арнайы коммисия құрылды.

Сергіту сәті:

Нан қоқымын шашпаңдар,
Оны аяқпен баспаңдар.
Қоқымдарды жинап ап,
Тауықтарға тастаңдар.

Нан туралы мақал-мәтелдер айту:

1. Нан - тамақтың атасы,
Ынтымақ - көптің батасы.

2. Қамбасында дәні жоқтың,
Дастарханында наны жоқ.

3. Тістем нанның қадірін,
Тарыққанда білерсің.
Анық достың қадірін,
Зарыққанда білерсің.

4. Қоныс көркі - там,
Дастархан көркі - нан.

5. Нанға құрмет - елге құрмет.

6. Дастарханында наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.


Ассоциация әдісі: Қазақта нанның қандай түрлері бар?
НАН

Таба
Қатырма
Шелпек
Бауырсақ

- Республикамызда астықтың мол екендігін біз Елтаңбамыздағы масақтың суретінен білеміз. Біз оны мақтанышпен айта аламыз.
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар. Нанда адамның еңбегі мен ары бар. Нан өмірдің ана сүті, арқауы. Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

Қорытынды.

Балалар атақты күрішші аталарың Ыбырай Жақаев нан жайлы ойын былай білдіреді.«Егер менен әлемдегі ең асыл не? дей қалса, бөгелместен «НАН»деп жауап берер едім. Себебі нан әлемнің жарығы күннен нұр алады, адамға күннің нұрын құяды. Оның өмірін күндей жарқыратады» - деген сөздермен аяқтаймын.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!