Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге аттестация өту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Денсаулық - зор байлық. Лексика

Мектеп: Н.Баймұратов атындағы орта мектеп

Күні: 27.04.2020 Мұғалімнің аты-жөні: Шамсутдинова А.Х

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы сауықтыру мекемелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

7.2.2.1 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

7.4.3.1 Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктері туралы түсінік алады. Фразеологизм мен мақал-мәтелдерді ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Стильдердің тілдік құралдарын ажыратады; Фразеологизм мен мақал-мәтелдердің мағынасын ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін

ажыратып, антонимдік, синонимдік сыңарларын тауып, қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Публицистикалық және ресми стильдің тілдік ерекшеліктерін ажыратып, фразеологизм мен мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, қолданады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Публицистикалық және ресми стиль, фразеологизм (тұрақты сөз тіркестері), мақал-мәтелдер, синоним, антоним.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Публицистикалық стиль, ресми стиль, фразеологизм- тұрақты сөз тіркестері, эмоционалды мәнін, мақал-мәтелдердің мағынасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Публицистикалық және ресми стиль дегеніміз не?

  • Қандай тілдік ерекшеліктеріне қарай ажыратамыз?

  • Еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерінің өзіндік ерекшелігі қандай?

  • Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мен ұқсастықтары жайлы не айтасыздар?

  • «Халықтың денсаулығы-мемлекет байлығы» деген ұғымды қалай түсіндірер едіңіз ?

Бағалау критерийі

7.2.2.1

  • Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін тілдік құралдар арқылы ажыратады.

7.4.3.1

  • Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін ажыратады.

Құндылықтарға баулу

Өз Отанының көрнекті жерлерін тану арқылы Отансүйгіштікке баулу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Пəнаралық байланыс

география, өзін-өзі тану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Денсаулықты сақтау, денсаулықтың қадірін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Ынтымақтастық атмосфера орнату. Сабаққа деген қызығушылығын оятып, тақырыпты болжау үшін түрлі түсті шипажай, сауықтыру мекемелерінің суреттерін моноблогтан тамашалатып, бүгінгі сабақ тақырыбын анықтату.

Суреттер, моноблог

Сабақтың ортасы







1-тапсырма. Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің, формасының ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.

1-мәтін

Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты- Жетісу,  асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы...

Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде-кем болар. Алакөлдің суы көптеген ауруларға ем. Суға түсіп шыққанда, көңілің өсіп, қанағат табады. Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонау Ресейден, Украинадан, Орталық Азия елдерінен келіп демалып, денсаулығын нығайтып қайтып жатады. Жаздың шуақты ыстық айларында бұл араға кемінде 100-150 мың адамға дейін келіп кетеді.

Қазақстан- шипажайлық қорларға бай өлке. Мұнда 1930-1960 жылдар арасында шипалы су мен емдік балшығы мол көптеген жерлер табылып, зерттеліп, қазір адам игілігіне жаратылуда. 1986 жылдан бастап, Қазақстанда мемлекеттік мәні бар Бурабай, Алма-арасан, Сарыағаш, Меркі, Манкент, Жаңақорған және жергілікті шипажайлар Қапаларасан, Барлықарасан, Ақжайық, Алатау, Оқжетпестер өз қызметтерін бұлжытпай атқаруда. Қайта­лан­бас құй­қалы қыраттар, ойлы-қырлы бе­дер­лер, суы сылдыраған жыралар, бағ­зыдағы бабалардан жалғасқан мұ­ра­лар… Бауларындағы өзгеше өскен ағаштар. Тыны­сыңызды ашатын саябақтар мен саяжолдар, аңқыма жұпар шашатын гүлзарлар... Жоғарыдағы кез келген шипажайдан осындай тамаша көріністерге куә бола аласыз.


2-мәтін

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Шымкент қаласының білім бөлімінің

«№15 Д.И.Менделеев атындағы

мектеп- лицейі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі


БҰЙРЫҚ

2018 жылғы 31 наурыз Мұратбек Аминатты « Тау самалы» облыстық дарынды балалар орталығына жіберу туралы


« Тау самалы» облыстық дарынды балалар орталығына жіберу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1.8-сынып оқушысы Мұратбек Аминатты көркемдік-эстетикалық өнер бағыты бойынша «Тау самалы» облыстық дарынды балалар орталығына жіберілуіне байланысты 11.04.2018-30.04.2018ж. күндер аралығында сабақтан босатылсын.

2.8-сынып оқушысы Мұратбек Аминаттың құжаттарын дайындау сынып жетекшісі Г.Исабековаға жүктелсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі Д.Асқароваға жүктелсін.


Мектеп директоры: А.Аманова

(қол қойып, мөр басылады)


Екі мәтіннің ұқсастығы



Екі мәтіннің айырмашылығы


Түрі



Көзделген аудитория ( кімдерге арналғандығы )



Мақсаты



Мазмұны



Стилі



Тілі



Дескриптор

  • Ұқсастығы мен айырмашылықтарын ажыратады.

  • Идеясы мен стилін табады.

  • Тілдік құралдарды анықтайды.


2-тапсырма. Төмендегі тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді ажыратыңыз. Берілген тұрақты тіркестердің синонимдік, антонимдік сыңарын тауып жаз.

1. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

2. Артық қылам деп, тыртық қылдым.

3. Денсаулық – зор байлық.

4. Тұрақты тіркестер: қабырғаңмен кеңес – (ойлан), бесіктен белі шықпай – (ерте), қас пен көздің арасында – (шапшаң), айы оңынан туды – (жолы болды), асығы алшысынан түсті – (жолы болды).

Айы оңынан туды; асығы алшысынан түсті синоним. Айы оңынан туды – (жолы болды) –аяғы аспаннан келді ( жолы болмау), қас пен көздің арасында – (шапшаң) – көзді ашып жұмғанша (тез, жылдам) синоним. бесіктен белі шықпай – (жас ) ата сақалы аузына түскенше (қартайғанша) антоним; қабырғаңмен кеңес – (ойлан) төбеңе жай түскендей(күтпеген жағдай)

Дескриптор

  • Тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді ажыратады.

  • Тұрақты тіркестердің мағынасы мен синонимдік, антонимдік сыңарын тауып жазады.


3-тапсырма. «Қазақстанның шипажайлары - заман талабына сай» тақырыбында тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді қолданып, өз ойыңызды білдіріңіз.

Дескриптор

  • Фразеологизм, мақал-мәтелдерді орынды қолданады.

  • Өз ойын жүйелі жеткізеді.

Қадамдар:

Жеке оқу.

Жұпта әңгімелеу.

Топта талқылау


https://massaget.kz/mangilik_el/kozayyim/2474/

Сабақтың соңы


«Төртеу түгел болса» сабақты бекітуге арналған оқыта үйрену ойыны. Сынып оқушыларын төрт-төрттен бөліп,

1-2 минут уақыт ішінде әрқайсысы өзіне тиісті бөлімге берілген тапсырманы жазады, уақыт біткен соң, қаламдарын көтеріп, тақтада берілген дұрыс нұсқамен салыстырып, өзара жіберілген қатені жөндейді.

ҚБ. Өзара бағалау.

«ТТБ» кеспе қағазы


Қосымша ақпараттар

Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Қабілетті оқушылармен жұмыс:

Дербес пікір жазу

1.Өзіндік пікір 2.Дәлел 3.Пікірді айғақтайтын мысал 4. Өз пікіріңізге қарсы пікір 5.Дәлелді жоққа шығаратын мысал.6.Өзіңіздің қорытындыңыз.

Көбірек қолдау қажет оқушылармен жұмыс:

  • Семантикалық картамен жұмыс.(Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын, синонимдік, антонимдік сыңарын табады.)

  • «Шығу билетін» ұсыну

Ауызша кері байланыс пен «Басбармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалауды сабақтың өн бойында жүргізу

Өзара бағалау, өзін өзі бағалау.


Сергіту сәті

«Муссон жаңбыры»

Саусақтың ұшымен тықылдату,

келесі алақанды ысқылау,

кеудеге ұру, аяқпен топылдату.

Әрекет кересінше орындалады

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақыт есебінен ауытқу болды ма? Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?


Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.

2.

Семантикалық карта

Тұрақты сөз тіркестері

Мағынасы

Синонимдік т.с.т

Антонимдік т.с.т

Мағынасы

айы оңынан туды

жолы болу

асығы алшысынан түсті

аяғы аспаннан келді

жолы болмау

қас пен көздің арасында

тез

көзді ашып жұмғанша , қас қағым сәт

ұзын арқан, кең тұсау

асықпау

ата сақалы аузына түскенше

қартайғанша

басы жерге жеткенше

бесіктен белі шықпай

жас

Жерден жеті қоян тапқандай

қуану

екі езуі екі құлағына жеткендей

қабағынан қар жауып тұр

ашулану

қабырғаңмен кеңес

ойлан

жеті рет өлше

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!