400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек. Бұл ҚМЖда сабақ жоспары толық жазылған. бұл сабақ жоспарында мұғалім өзгертіп әуре болмайды
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру ұйымының атауы

41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп

Пәні:

Геометрия

Бөлім:

Үшбұрыштар

Педагогтің аты-жөні:

Конкаева Г.З.

Күні:

14.12.2023

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.1.1.23 теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану;

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы: теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолданады;

Оқушылардың басым бөлігі: теңбүйірлі үшбұрыштың элементтерін пайдалана отырып, кескіндейді;

Оқушылардың кейбірі: теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолданып дәлелдеуге берілген күрделі есептерді шығарады;


Бағалау критерийі

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдана алады;

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың элементтерін пайдалана отырып, кескіндей алады;

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолданып дәлелдеуге берілген күрделі есептерді шығара алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу;

2. Оқушыларды түгендеу;

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен бағалау түрлері айтылады.




















Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер,

интербелсенді тақта

«Сұрақ-жауап»

3 минут

Пысықтау сұрақтары:

  1. Үшбұрыш дегеніміз не?

  2. Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі.

  3. Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісі.

  4. Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі.

  5. Үшбұрыштың медианасы, биіктігі, биссектрисасы дегеніміз не?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Қолпаштау арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу

7 минут


Жаңа сабаққа кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын теңбүйірлі үшбұрыштар өмірде кездесетіні туралы айтамын.

Теңбүйірлі үшбұрыштар – өмірде.

Теңбүйірлі үшбұрыштарды қоршаған ортада қай жерлерде кездестіреміз?

Толықтыру мақсатында интербелсенді тақтада суреттер көрсетіледі және түсінік беріледі.






Екі қабырғасы тең үшбұрышты тең бүйірлі үшбұрыш деп атайды. Тең қабырғаларын үшбұрыштың бүйір қабырғалары деп, ал үшінші қабырғасын оның табаны деп атайды.

Теорема 1: Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болады

Теорема 2. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда ол үшбұрыш теңбүйірлі үшбұрыш болады.

Теорема 3. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесінен табанына жүргізілген биссектрисасы оның әрі медианасы, әрі биіктігі болады.

Видеоролик көрсетіледі:

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/7-synyp/tengbujirli-ushburyshtyng-belgileri-men-qasietteri





Оқушылардың жауаптары тыңдалады.


















































Оқушылар видеороликтегі керек мағлұматтарды жазып алады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


























































https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/7-synyp/tengbujirli-ushburyshtyng-belgileri-men-qasietteri


1-тапсырма

8 минут


Топтық жұмыс.«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

Мақсаты: берілген тапсырманы топ ішінде талқылайды жәнеынтымақтастық, бірін –бірі тыңдау дағдылары қалыптасады.

Берілген суреттер бойынша тапсырмаларды орындайды.

Тікбұрышты, теңқабырғалы, теңбүйірлі үшбұрыштарды таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.


1-топ:



2-топ:

3-топ:

Дескриптор:Білім алушы

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданады;

  • Теңдеу құрады;

  • Теңдеуді шешеді;

  • Есептің жауабын табады;

























Смайлик арқылы оқушылар топ ішінде сағат тілінің бағытымен өзара бағалайды.

Интербелсенді тақта,

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

2-тапсырма

Жеке жұмыс

  1. инут

«Қобдишадағы тапсырмалар» әдісі.

Оқушыларға қобдишадағы тапсырмалар таратылады.


1. Теңбүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрышы . Табанындағы бұрыштарды табыңдар.


Дескриптор:Білім алушы

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданады;

  • Табанындағы бұрыштарды табады.


2. Табаны кесіндісі болатын, төбесі торкөздердің бір түйінінде орналасқан теңбүйірлі үшбұрышты кескіндеңдер.

Декриптор:Білім алушы

  • Теңбүйірлі үшбұрыш салады;


3. және теңбүйірлі үшбұрыштарының ортақ табаны. түзуі оны нүктесінде қиып өтеді. Дәлелдеңіз:

Дескриптор:Білім алушы

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың белгісін қолданады;

  • болатындығын дәлелдейді;

  • болатындығын дәлелдейді;

  • болатындығын дәлелдейді.












Дұрыс жауабы интербелсенді тақтада көрсетіледі. «Көршіңді тексер» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Интербелсенді тақта

3 тапсырма

7 минут



Жұптық жұмыс. «Жұптар тізбегі» әдісі. Функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырма.


Желкені теңбүйірлі үшбұрыш тәріздес кеме берілген. Биіктігі 6 метр, ал табаны 4 метрге тең желкен жасауға қанша м2 мата қажет?



Дескриптор: Білім алушы

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданады;

  • Ауданын табады;


Тапсырма сипаттамасы:

  • Мазмұны – кеңістік және аудан

  • Құзіреттілік саласы – қолданужәне есептеу

  • Контекст – білім

  • Қиындық деңгейі – орташа

  • Жауап форматы – теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданып ауданын табады

Бағалау объектісі –

нақты есептеулер.

Дескриптор арқылы бағаланады.

Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы

Рефлексия

5 минут


Рефлексия.


Үй тапсырмасы:

Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 2,5 м, ал табаны 1,3 м. Осы үшбұрыштың бүйір қабырғасын табыңдар.


Дескриптор: Білім алушы

  • Теңбүйірлі үшбұрыш екенін дәлелдейді;

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиетін қолдану арқылы есепті шығарады.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.11.2024
221
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі