Ашық сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) дамытушылық: Ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке, бірін - бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбек.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Оқу құралдарын дайындату

-Оқушылар, тақтадан не көріп тұрсыңдар?

Ия, бұл Маңғыстау өлкесі. Бүгін біздер Маңғыстау облысының пайдалы қазбаларымен танысамыз. Әр тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар жаңа пайдалы қазбалардың түрлері ашылып отырады. Ол үшін сендерді үш топқа бөлемін. Барлығымыз топ болып ауызбіршілігімізді, білімділігімізді, бірлігімізді корсетіп сабаққа бар ынтамызбен қатысып отырайық.

І топ «Геологтар» ІІ топ «Кеншілер» ІІ топ «Өндірушілер»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

346-жаттығу.

-лар, - тер, - дар жалғаулары жалғанатын сөздер тауып жазу.

(әр топтағы бір оқушыдан сұрау)


Өткенді еске түсіру

- Зат есім дегеніміз не?
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір
- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?


  1. Пайдалы қазбалардың бірі шығады.(мұнай)


ІІІ.Жаңа сабақ.

348-жаттығу. (ауызша орындалады)

Жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді табу.

Жекеше: арқар, елік, қарақұйрық, ақбөкен, марал

Көпше: құстар, сауысқандар, ала қарғалар, торғайлар.




IV.Топтық жұмыс .

349-жаттығу.

Әр топ керекті сөздерді теріп дұрыс жалғауға апарып жабыстырады.

І топ: - тар

ІІ топ: -лер

ІІІ топ: -дер

СShape1 өздер: балық, сабақ, құжат, парақ, қап, әнші, кенші, суретші, биші, әже, сөз, өзен, гүл, сілеусін, көл.


Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6








  1. Пайдалы қазбалардың бірі шығады.(газ)


Ереже. i.mektep.kz сайтынан «зат есімнің жекеше және көпше түрі» ережісін көрсету.


V. Дәптермен жұмыс.

Күннің жады: Ақпанның он тоғызы

Сынып жұмысы

Кітап (көркем жазу)


350-жаттығу. Жаңылтпашты дәптерге жазу.

Ара, ара, аралар,

Орманның бойын аралар.

Гүлден сорып бал алар,

Бал тәтті ғой, балалар!


VI. Сергіту сәті.





3-Пайдалы қазбалардың бірі шығады (ұлу тас)


351-жаттығу.

Әр топқа тапсырма. Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау.





352-жаттығу. Мәтінді оқып, екінші бөлікті көшіріп жазып, зат есімдерге талдау жасау.

(слайдтан үрлемелі аспаптардың түрлерін көрсету)

Қазақ халқында үрлемелі музыка аспаптары көп. Олар: сыбызғы, сазсырнай, үскірік, керней, қамыс сырнай, мүйіз сырнай.


4-Пайдалы қазбалардың бірі шығады.(ас тұзы)


VII.Ой толғаныс.

«Ойлан, тап» ойыны.

Тест тапсырмалары.
1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?
А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім

2. Зат есім қандай сұраққа жауап береді?
А) қайтті? Ә) кім? не? Б) неше? қанша? С) қандай? қай?

3. Дәптер сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?
А) – лар Ә) – лер Б) – дар В) – тер

4. Жалқы есімді тап.
А) сырға Ә) асық Б) Ақтөбе В) қалам

5. Жалпы есімді тап.
А) Қазақстан Ә) қасық Б) Ақтөс В) Елек

5-Пайдалы қазбалардың бірі шығады. (марганец)


VIII.Сабақты қорытындылау.


-Еліміздің қазба байлықтарын үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге бізге білім қажет! Сондықтан күнде зор ынта-ықыласпен сабаққа зейін қойып тыңдап, ізденіп, талпыну керек. Сонда ғана елімізді гүлдендіріп, дамытатын үлкен азамат болып өсесіңдер!



Үйге тапсырма беру: 353-жаттығу. «Менің оқу құралдарым» тақырыбына әңгіме құрау.

Бағалау.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2025
93
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі