Ашық сабақ 10-сынып Ж.Жабаев "Өтеген батыр" дастаны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 10-сынып Ж.Жабаев "Өтеген батыр" дастаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Бқл материал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

10-сынып, қазақ әдебиеті

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев "Өтеген батыр" дастаны

Сабақтың мақсаты: А)  білімділік: Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған  білімдерін жинақтау, «Өтеген батыр» дастанының мазмұнын түсініп, композициялық құрылысына талдау жасау;

В) дамытушылық: оқушылардың  ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу; өзіндік ізденіске дағдыландыру

С) тәрбиелік:  отансүйгіштікке, батылдыққа, батырлыққа, жақсыдан үйреніп жаманна жиренуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география

Сабақтың әдістері: СТО, АКТ, "Т" кестесі, ой-шақыру, баяндау, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, презентация, аудиожазба

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

1/ сыныпты түгелдеу;

2/ оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық ахуал тудыру.

Төрт жол өлең.

Өсиетім:шындықты, адалды сүй,

Ардақтаған халықты, адамды сүй,

Елдің тіккен іргесін игілікке

Тап бүгінгі бақытты заманды сүй.

Осы өлеңдегі сияқты сүю етістігін зат есіммен байланыстырып айтуымыз керек. М: Мен отбасымды сүйемін немесе өмірді сүйемін. Ендеше жақындарың аман болып, айтылған жағымды дүниелер жандарыңнан табылсын деп тілек айтамын.

3/Балаларды топқа бөлу. Ақын өлеңдерін сәйкестендіру арқылы.

"Абай" және "Махамбет" тобы. Топ басшысын сайлау, бағалау парағын беру.

«Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», « Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Қызғыш құс»

"Қансонарда», «Жазғытұрым», «Сегіз аяқ», «Қыс», "Күз", "қарасөз"

І. Білу. Үй тапсырмасын тексеру

1.Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет.

аудиожазбалар беремін, соған сүйене отырып, оқушылар жалғастырып әкетулері керек.

ІІ Түсіну (Жаңа сабаққа дайындық, жаңа сабақты түсіндіру)

Миға шабуыл. Ережені көрсетемін, балалар оның атауын табу керек.

әдебиет теориясы. Поэманың ережесін жасыру

Елді сыртқы жаулардан қорғау, туған жерді сүю, Отан қорғау мәселесі. Елдің сан ғасырлық тарихын, ерлік дәстүрін, алдан күткен үміті мен аңсар-мұратын көркем жинақтап бейнелейтін әдеби жанр.

Яғни біз бүгін осы батырлықты үлгі ететін шығармамен танысамыз. Ол Өтеген батыр дастаны.

Өтеген батыр туралы мәлімет тыңдау, презентация

Өтеген батыр (1699-1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. «1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты» деген аңыз да бар.

жырдың керекті жерлерін оқыту үзінді.

ІІІ Қолдану

Дастанның мазмұнын меңгерту, дауыстап оқыту үзінді. мазмұныны айтқызу

Шығарманың жоспарын құру. Топтық жұмыс таза параққа.

1.Еліне жайлы қоныс іздеп сапарға шыққан Өтеген батыр.2. Өтеген батыр Жиделібайсын жерінде.3.Еліне оралған батыр.

4.Елін Жиделібайсын жеріне көшуге үгіттеген Өтеген.5.Халықтың қарсылығы.6. Өтегеннің реніші.

Жиделібайсын жері туралы мағлұмат беру.

Жиделібайсын жерін немесе Жамбыл туған жерді картадан көрсету.

Сергіту сәті

Әр топтан бір оқушы шығады. Оған сөз беріледі. Сол сөзді ол мимика арқылы тобына түсіндіру қажет. Мысалы: 1. Батыр, тау, ат (жылқы).

2. Өзен, ту (жалау), мұғалім.

ІYТалдау Дәптермен жұмыс.

композициялық құрылысына талдау жасау

Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау.
1) Оқиғаның басталуы. Өтегеннің жайлы қоныс іздеп шығуы

(қара сөзбен жазылған жері)
2) Оқиғаның дамуы. Жиделібайсын жерін табуы туған жеріне оралуы
«Бір жайлы қоныс іздеп он жеті жыл
Ел-жұртын аман-есен көрді дейді».
3) Оқиғаның шиеленісуі. Елімен кеңесуі
«Егер де айтқаныма көнбесеңдер
Бұл жерді ақырында алар орыс».
4) Оқиғаның шарықтау шегі.
Елінің Өтеген батырдың тілін алмауы.
5) Оқиғаның аяқталуы.
Өтеген батырдың еліне өкпелі болып, Түркістанға кетуі.


Y. Жинақтау "Т" (таразы) кестесі

Абай "Ескендір" поэмасы

Жамбыл "Өтеген батыр" дастаны

Батыр

Бүкіл әлемді билеуге талпынады

Дүниеқор

Сараң

Батыр

Еліне жайлы қоныс іздейді

Жомарт

Мейірімді


Таразыға салу. Фунционалдық сауаттылық жақсы мен жаманды ажырату.

YІ.Бағалау (Рефлексия Блоб ағашы Бағалау)

Үйге: А) Дастанды оқып, талдау, мазмұнын айту

В)Өтеген батырдың портретін жасап, мінездеме жазу

С)Эссе "Мен үшін Өтеген батыр кім?




"Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі" КММ









Ашық сабақ

Тақырыбы: Ж.Жабаев "Өтеген батыр" дастаны











Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі М.Б.Князбаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
511
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі