Ашық сабақ " О о дыбысы мен әрпі" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ " О о дыбысы мен әрпі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жаңартылған бағдарлама мазмұнда жазылған. Сабақ жоспары: мақсаты дұрыс қарастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: сауат ашу

Мектеп: № 83 ЖОМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Менің мектебім.


Сабақтың тақырыбы:

О о дыбысы мен әрпі.


Күні: 20.03.2018ж

Мұғалімнің аты жөні: Амангельдиева Ж.


Сынып: 1 Г

Қатысқандар: 27

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру



Барлық оқушылар орындай алады:

Мектепке баратын жолды, О о дыбысы мен әрпін біледі;


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады.


Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылай алады, түсіндіре алады.



Бағалау критерийлері

О о дыбысы мен әрпі дауысты дыбыс екенін біледі.

Мектепке баратын жолды айта алады.

Құндылықтар

Әдептілік, сыпайылық ұғымын түсіну.

Кешірім сұраудан арланбау.

Пән аралық байланыс

Жаратылыстану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Алдыңғы оқу:


О дыбысы мен әрпін біледі;

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

4 минут












5 минут









4 минут

Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Ұйымдастыру кезеңі.

- Ал, балалар, ойнайық.

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық:

«Оюда» бармын,

«Допта» бармын,

«Түнде» жоқпын.

Мен сонда қандай дыбыспын? (О)

«О» дыбысын 3 рет хормен қайталап айтқызу. Осы дыбыспен сөздер ойлау.


1 тапсырма. «Жолда жүру ережесі»

Тыңдалым. (Ұ)

Мектепке келетін жолыңда кездестірген заттарды есіңе түсір. Қайсысында «О» дыбысы кездеседі деп балалардан сұраймын. Олардан «Жол, автобус, т. б» жауаптарды аламын. Осы жауаптарды алғаннан кейін аудиожазбаны тыңдатамын, оқушылардың мәтіндегі оқиғаға көзқарастарын сұраймын.

Айтылым (Т)

  • Балалар кешірім сұрау үшін қандай сөздер қолданды?

  • Арал мен Оралдың мұндай іс- әрекеттеріне қалай қарайсыңдар?


Мақсат: Мектепке баратын жолда кездесетін заттардың қайсысы О о дыбысынан басталатынын немесе сөз арасында келетінін айту.







Ою суретін көрсету

Доп суреті көрсету

Түн суреті көрсету






Дескриптор

  • Мектепке баратын жолды біледі

* әдептілік ережесін түсінеді

* қатені уақтылы жүндеуді орындай алады.


Ортасы

8 минут

2 тапсырма. «О» дыбысы қандай дыбыс?

Модельдеу. Тыңдалым.

- «О» дыбысы қандай дыбыс?

«О» әрпінің баспа түрімен, жазба түрімен таныстырамын. Таныстырып алып «О о» дыбысына байланысты таныстырылым қоямын. Оқушылар дыбыспен таныса отырып, алдымен ауада жазып, әріп элементтерін жазылымда қалай орындалу тәртібін білетін болады.



«О о» әрпіне АКТ арқылы таныстырылым.










5 минут






3 минут






Дескриптор:

Оқылым. Оқулықпен жұмыс.

Сөздердерде О о дыбысы қай буында кездеседі?

Сөздерді үлкен етіп А4 парағына жазып көрсетемін, алдымен бір буынды сөздерді оқиды, соңынан екі буынды сөздерді оқиды.


Жазылым. Дәптермен жұмыс.


Мақсат: Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.



әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру, көркем жазу.

Сөздердерде О о дыбысы қай буында кездесетінін айтады.





А 4 парағы






Сауат ашу жұмыс дәптері.










4 минут

3 – тапсырма. «Ойлан, Ізден, Бөліс».(Ж)

- Сөздердің мағынасын түсініп, талқылай аламыз ба? Суретпен жұмыс: оқушылар - бишілер

Бұл тапсырмада сыныптасымен бірге жұптық жұмыс орындау, яғни бірге іздену қажет. Суретпен жұмыс орындайды. Жұпта талқылайды.


Мақсат: Берілген сөздерді талқылап, қолдану аясын түсіндіре алады.


Оқушылар,

Бишілер суреті

Дескриптор

Суретке қарап, түсіне алады.

Ол суреттерді салыстыра алады.

Жұпта талқылап, түсіндіріп айта алады.











Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

1-тапсырма. «Жолда жүру ережесі»

Мақсат: Мектепке баратын жолда кездесетін заттардың қайсысы О о дыбысынан басталатынын немесе сөз арасында келетінін айту.


2-тапсырма. «О» дыбысы қандай дыбыс?

Мақсат: Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.


3-тапсырма. «Ойлан, Ізден, Бөліс»

Мақсат: Берілген сөздерді талқылап, қолдану аясын түсіндіре алады.

Кері байланыс

2 мин

  • Мектепке баратын жолым қандай?

  • «О» дыбысы қандай дыбыс екен?

  • Өз беттеріңше іздену іске асты ма?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Критериалды бағалаудың қалыптастырушы бағалау түрі.

«Бас бармақ» әдісі.

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік.

Жаратылыстану қоршаған әлемдегі іс-әрекетті бақылау.

Мектеп ішіндегі қауіпсіздік

Көркем суреттер.

Рефлексия
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2019
458
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі