«Адамның алдында ақылға
апаратын үш жол бар :
ойлау жолы бұл ең
жақсысы,ұқсау жолы бұл ең оңай жолы,жеке тәжірибе жолы бұл өте
жауапты деңгей» деген Конфуциидің сөзімен
бастаймыз.
Практикалық жұмыс №
1.
Берілген жұмысты әрбір оқушы
өз дәптерлерінде жеке орындайды. Берілген тапсырманың алгоритмі
төменде көрсетілген.
1)
ABС жазыңқы бұрышын
салыңыз.
2) Жазыңқы бұрыштың
қабырғалары арасында кез келген ВD сәулесін
жүргізіңіз.
3) Осы бұрыштардың ортақ
қабырғасын жасыл түспен, ал бір-бірінің жалғасы болып табылатын
қабырғаларды көк түспен ерекшелеңіз.
Осылайша, әрбір оқушының
дәптерінде сызба орындалды. Оқушылардың бұл жұмысты орындау
процесін мұғалім қадағалап отырады және соңында бірқатар сұрақтар
қояды.
Сұрақтар:
- Қанша бұрыш пайда
болды?
- Пайда болған бұрыштарды атап
шығыңыз.
- Бұрыштардың атаулары
қандай?
- Сыбайлас бұрышқа кім
анықтама береді?
Оқушылардың бірнеше
талпыныстарынан кейін мұғалім сыбайлас бұрыштардың анықтамасын
тұжырымдайды.
Анықтама. Егер екі бұрыштың бір
қабырғасы ортақ болып, ал қалған қабырғалары толықтауыш жарты
түзулер болса, онда мұндай бұрыштар сыбайлас бұрыштар деп
аталады.
Практикалық жұмыс №
2.
Оқушылар берілген жұмысты
төменде көрсетілген алгоритм бойынша
орындайды.
1) Екі қиылысушы түзу
жүргізіңіз.
2) Берілген түзулерді
белгілеңіз.
3) Түзулердің қиылысу нүктесін
белгілеңіз.
4) Алынған бұрыштарды
транспортирмен өлшеңіз.
5) Нәтижелерді дәптерге
жазыңыз.
Анықтама. Егер бір бұрыштың
қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларының толықтауыш жарты түзулері
болып табылса, онда мұндай екі бұрышты вертикаль бұрыштар деп
аталады. Осыдан кейін оқушылар мұғаліммен бірге презентация
слайдтарын қарастыра отырып, сыбайлас және вертикаль бұрыштар жайлы
теоремаларды дәлелдейді.
ҚБ
тапсырмасы: Топпен
жұмыс
С ызбаны
қолданып,анықта:
Е
А
O
В
G
H
АОН бұрышына сыбайлас
бұрышты ВОН, АОЕ
ВОGбұрышына сыбайлас
бұрышты АОG,
AOE бұрышына вертикаль
бұрышты ВОН
AOH бұрышына вертикаль
бұрышты ВОЕ
Дискриптор:Білім
алушы:
топтар өзара бағалау
жасау.
жеке жұмыс
жасау:оқулықтан
№1.67, №1.70 №1.73,№1.79
есептерді өз беттерінше орындау.тақтаға
орындау.
смайликтер арқылы
бағалау
|