Тақырыбы: «Абай – дара, Абай – дана
қазақта»
Мақсаты: Оқушыларды Абай Құнанбаевтың өмірімен,
өскен ортасымен, қарасөздерімен, өлеңдерімен, әндерімен,
аудармаларымен таныстыру. Шығармаларын түсініп оқуға, танып өсуге
баулу, өмірін, адамгершілік қасиеттерін үлгі ету.
Көрнекілік: слайд, «Абай жолы» романы кітабы, т.
б. кітаптары.
Барысы: І. Кіріспе бөлім: Мұғалім
сөзі:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап
күлмес,
Мені мен менікінің айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей
білмес,
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп
шалдырған
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған – дегендей бүгін
біз артына өлмейтін сөз қалдырған Абай атамыз туралы сөз
қозғаймыз.
Оқушылармен Абай туралы білетін, оқыған
мәліметтері туралы әңгімелесу.
Абай – дара, Абай – дана
қазақта,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа.
Бар жазғаны даналық боп
саналған
Жалғыздардың жалғызы ол
қазақта.
«Абай жиырма жылдық ақындық еңбегінің ішінде
көптен көп жазғаны қоғамдық тақырыптар болды. Бір өлеңінде үйрен,
ұғын, түзел деп ұстаздық етіп жетектеймін десе, басқа бір өлеңінде
түзелмегенге күйініп, қиналып, ызымен сөйлеп, ұрсып, жерлеп, шенеп
айтады. Тағы бір топ өлеңінде қайғырып, күңіреніп, өкініп сөйлейді.
Барлық шығармаларының нәтижесінде Абай өз дәуірінің барлық болмысын
айқын суреттейді. Қоғамның ілгері басуына, еркін өсуіне бөгет
жасап, аяқтан алып отырған реакцияшыл бектерді сынайды, кекетеді.
Қоғамды ілгері сүйрейді. Мәдениетті боп өсу жолын арман етеді. Ол
үшін қоғамына оқы, үйрен, еңбек қыл, өнер тап деп үндейді. Айтылған
кемшіліктердің барлығын бейбіт жолмен, үгіт арқылы жүзеге асырғысы
келеді» - деп жазады М. Әуезов өз жазбаларында.
ІІ. Негізгі бөлім:
І. «Абайдың өмірі туралы» оқушылар
сөзі.
1 - оқушы: Зерек, ұғымтал, зейінді бала кішкене
күнінен өз ауылында, ағайын - туыс арасында, ел ішінде сан алуан
тартыс, қым - қиғаш уақиғаларға сын көзбен қарап, өзінше мән беріп,
өз ақылымен топшалайды.
2 - оқушы: Ел ішінде жеке рулар, аталар бір -
бірімен жауласты. Олар жерге, қонысқа, мал өрісіне, жайлауға, суға
таласты. Әлді байлар әлсіз кедей рулардан жаз жайлауын, қыс
қыстауын тартып алды. Осының салдарынан жер дауы, жесір дауы,
барымта, құн сияқты тартыстар елді жегідей жеді.
3 - оқушы: Абайдың заманында Қазақстан біржола
патшаның отарына айналып, сауда капиталы қазақ даласына кіре
бастаған мезгіл еді. Осымен қатар Қазақстанда қоныстандыру саясаты
қызу жүргізіле бастады. Бұл жағдайда қазақ рулары ортасында жерге,
суға, шұрайлы жерлерге таласу одан әрі үдей
түсті.
4 - оқушы: Абай ауылы ақын, әнші, күйші, құсбегі,
ділмар, шешен, ертекші, әңгімешілер, тоғызқұмалақшылар бас қосатын
сәулетті өмірдің шам шырағы болған.
5 - оқушы: 10 жасында ауыл молдасы Ғабитханға
оқытты. Ол дін оқуын місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге
ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб,
иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан,
қиссалармен танысады. 14 жасында шығыс классиктеріне арнап өлең
жазды
6 - оқушы: Семей қаласындағы Ахмет Риза деген
имамның медресесіне оқуға түсірді. Бір жағынан орыс мектебінде
оқыды. Әкесі Құнанбай Абайды Семейде оқып жүрген жерінен оқудан
шығарып алып келді. Ел билеу ісіне үйренсін, өз орнымды басса екен
деп ойлады.
7 - оқушы: Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне
араласады. Бірақ ол кедейлерге болысып, байлардың өктемдігіне төзе
алмайды. Әділдікке жақ болады. “ Елге пайдалы, адамгершілігі бар,
әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға
бекіді.
8 - оқушы: Бұрын теңдік ала алмай, зорлық
зомбылық көрген кедейлер ағылып Абайға келеді. Абай жер дауы мен
жесір дауына да белсене қатысты. Пара берушілерді әшкерелеп,
қиянатқа жол бермеді. Бұл әрекеті байларға ұнамады. Олар Абайдың
үстінен жалған арыз түсірді. 1876 - 1886 жылдары Абай құзғындардан
безіп болыстық қызметтен босат деп арыз етеді.
9 - оқушы: Бірақ сотқа 700 - дей куә шақырылып
Абайды қорғап шықты. Абайды ақылдылығы, халыққа кіршіксіз адалдығы
ғана құтқарып қалды. Оның беделіне нұқсан келген
жоқ.
10 - оқушы: 1885 жылы Шар өзенінің бойында
Қарамола деген жерде Орта жүз рулары бас қосқан ұлы дүбір төтенше
съезд болды. Съезге 100 - ден астам ірі билер қатысты. Осы съезде
Абай жаңа негізде заң жазды. Бұл елге «Абайдың 76 статьясы» деп
таратылды. Съезде Абай ұсынған жаңа заң жобасын бірауыздан
қабылдап, төбе би сайлады.
ІІ. Қарасөзін тыңдау. (слайд)
ІІІ. Абайдың қарасөздерінен үзінділер
айту:
1 - оқушы: Биік мансап — биік
жартас.
Ерінбей еңбектеп жылан да
шығады.
Екпіндеп ұшып қыран да шығады.
2 - оқушы: Бақпен асқан
патшадан,
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кəріден
Еңбегін сатқан бала артық.
3 - оқушы: Жаман дос — көлеңке,
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт шалса,
Іздеп таба алмайсың.
4 - оқушы: Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол
5 - оқушы: Ер артық сұраса да азға разы
болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы
болмас.
6 - оқушы: Күллі адам баласын қор қылатын үш
нəрсе бар. Сонан қашпақ керек: Əуелі — надандық, екінші —
еріншектік, үшінші — залымдық деп білесің.
ІІІ. Слайд: Абайдың ата - бабасы, балалары,
алғашқы өлеңі, жазған заңдары, достары, шәкірттері,
аудармалары.
IV. Әндерін айту: «Желсіз түнде жарық ай»
(хормен)
V. Өлеңдерін жатқа айту. Абайдың жатқа айтуға
берілген өлеңдері:
1. «Ғылым таппай мақтанба»
2.«Қалың елім қазағым»
3. «Жасымда ғылым бар деп
ескермедім»
4.«Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін»
5. «Әсемпаз болма әрнеге»
6. «Жаз»
7. «Күз»
8. «Қыс»
9. «Жазғытұры»
10. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша
мақтап»
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Абай – ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің, қазақ
тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, күйші, аудармашы,
саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген
реформатор.
Абай Құнанбаев туралы ақын - жазушылардың
пікірлері.