Материалдар / Ашық сабақ Абай Он жетінші қарасөз

Ашық сабақ Абай Он жетінші қарасөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пән мұғалімдеріне жаңа тәсілдер арқылы сабақ өткізуге көмек береді деген ойдамын
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 8-сабақ

Бөлім:

І бөлім: Қалың елім, қазағым

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Муханова З.К

Күні:

02.10.24ж

Сынып: 10 д

Қатысушылар саны: 16

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Он жетінші қарасөз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.4.1 – Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру.

10.2.2.1 – Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар Абайдың 17-қарасөзіндегі идеяларды ғаламдық тақырыптармен байланыстыра алады.

Шығармадағы авторлық идеяларды өмір шындығымен салыстырып талдау дағдыларын дамытады

Құндылықтарға баулу



  • бірлік және ынтымақ

  • әділдік және жауапкершілік

  • еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

  • жасампаздық және жаңашылдық

Күтілетін нәтиже:


  • Оқушылар мәтіндегі негізгі ойларды қазіргі заман мәселелерімен байланыстырады.

  • Абайдың қарасөзіндегі идеяларды өмірден мысалдармен түсіндіріп, олардың өзектілігін анықтайды.


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут

























Сабақтың

ортасы

5 минут


























8 минут



























Оқушылармен амандасу, жағымды көңіл –күй қалыптастыру үшін:

«Қара нардай елдің жүгін көтерер қайратты жігіттер,қарақаттай қап-қара қасы қиылған сұлу қыздарым,амансыздар ма,бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен кірісеміз деген ойдамын;бір-бірімзге қол соқсақ...

Ойтүрткі

Суреттер көрсету «Ақ пен қара»экран

1.Мына суреттерге қарап не айта аласыздар?

2.Әлемдегі жаратылыста ақ зат жақсы ма,қара зат жақсы ма?

Мұғалім «Дүниедегі ақ пен қара »әңгімесін баяндайды

Міне ,балалар,Абай атамыз өзінің баласының ақылдылығына риза болып,қолына қалам алып,ненің жақсы ,ненің жаман екенін ажырата білуге үйрететін өнегелі сөздерін жазып кеткен екен.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырады;

Ендеше,экранға назар аударайық.

Жасанды интеллект

Мұхтар­ Әуе­зовтің Абай қарасөзі туралы сөзі: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан.

1. «Ғақлия», қарасөз деген ұғымдарға түсінік береді

Абайдың 17-қарасөзін бейнебаян көрсету арқылы тыңдатады


  • Абай қарасөзде қандай негізгі мәселелерді көтереді?

  • Ақыл, білім және еңбек ұғымдары қалай сипатталады?

  • Қарасөздің негізгі идеясы не?


1-Тапсырма :Қарасөзден алынған үзінділерді қазіргі заманның мәселелерімен байланыстырып талдау

Тапсырма: Абайдың 17-қарасөзінде көтерілген ақыл, қайрат және жүрек туралы ойларды талдап, олардың қазіргі қоғамдағы маңыздылығын өз сөздеріңмен түсіндіріңіз.

  • Ақыл, қайрат және жүрек бір-бірімен қалай байланысады?

  • Қазіргі қоғамда бұл қасиеттердің қандай рөлі бар деп ойлайсыз?

  • Осы үш қасиеттің болмауы қандай мәселелерге әкелуі мүмкін?

1-топ«Ақыл»

Ақыл айтыпты: "Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?" - депті

2-топ: «Қайрат»  

Қайрат айтыпты:"Ей, ғылым, өзің де білесің, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, ғылым, өзіңді білуге, ерінбей-жалықпай ізденіп, үйреніп, орнына келтірмек – менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?" - депті.

3-топ: «Жүрек»  "Мен –  адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?" - депті.

2-Тапсырма Бірінші топ: Ақылдың рөлі.

Екінші топ: Еңбек және адамның дамуы.

Үшінші топ: Адамгершілік және жүректің рөлі.
Әр топ өз талқылауын сынып алдында таныстырып, қорытынды жасауы керек.

Мақсаты: Топтық жұмыс арқылы оқушылар қарасөздің әр түрлі аспектілерін тереңірек талқылайды және өз ойларын еркін жеткізеді.

Үш топқа суреттер беріледі,(компьютер,цифрлық технология, атом бомбасы),(Спортсмендер,құрылысшылар),(Харекет қоры, үлкенге көмек қолын созу, кішіге қамқор болу бақытты бала суреті)сол суреттердің қайсысы өздерінің топтарына сәйкесін тауып, қазіргі қоғамдағы өмір шындығымен салыстырып, баяндау

Үйге тапсырма:Қарасөзді оқып, . «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» атты өлеңін жаттау

Рефлексия:

Стикерлерге өз тобының атауына сәйкес жақсы тілектер жазғызу

Қорытынды:

Абай

«Ақыл ,қайрат,жүректі бірдей ұста ,Толық адам боласың елден ерек»



Оқушылар амандасып ,қол соғады







Тақтаға ілінген ақ пен қара парақтарға қарап, сұрақтарға жауап береді





Әңгімені тыңдайды,өз пікірлерін білдіреді








Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен танысады




Ғақлия», қарасөз деген ұғымдарға түсінік алады


Бейнебаян көреді

Сұрақтарға жауап береді












Абайдың 17-қарасөзінде көтерілген ақыл, қайрат және жүрек туралы ойларды талдап,әр топ олардың қазіргі қоғамдағы маңыздылығын өз сөздерімен түсіндіреді.











.
















































Үш топ суреттер бойынша өздерінің топ атауына сәйкесін тауып, қазіргі қоғамдағы өмір шындығымен салыстырып, баяндайды









































Ауызша

мадақтау арқылы

бағалау

Жарайсың!


Керемет !

Ойлы шешім!





Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!




































































Дескриптор

Білім алушы

-өз ұғымын қазіргі әлемдік мәселелермен байланыстырады.-

-тақырыпты талдайды















Дескриптор

-әр топ шығармадағы авторлық идеяларды қазіргі қоғамдағы өмір шындығымен салыстырады;

-Суретке сәйкес тақырып қойып, баяндайды




Оқулық

10-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл











ОҚЫТУДА

ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР


суреттер



Жасанды интеллект



Маркерлер




Слайдтар




стикерлер



Бағалау парағы
















1-топ Ақыл айтыпты: "Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?" - депті








2-топ: «Қайрат»  

Қайрат айтыпты:"Ей, ғылым, өзің де білесің, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, ғылым, өзіңді білуге, ерінбей-жалықпай ізденіп, үйреніп, орнына келтірмек – менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?" - депті.








3-топ: «Жүрек»  "Мен –  адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?" - дептіДүниедегі ақ пен қара














Абай атамыз өзінің ұлы Әбішті сынамақ болып, Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған еді. Ол іркілместен: « Ақ зат асыл ғой» - депті.

- Неге, қара зат асыл емес пе? – деді.Әбіш бетіне қарап күлді де:

- Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Сонда әкесі Абай:

- Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе, - деді,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал, шашы қара болады. Қартайса ағарады, жас күнде ақыл, білім, қайрат көп болады. Шаш, сақал ағарып қартайғанда ақыл, білім, қайрат азая­ды. Мұхаммед пайғамбар құдайдың дидарын көруге қараңғы түнде барыпты дейді, күндіз ақ, жарықта бармапты. Түн қара емес пе? Сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дейді.

Сонда Әбіш: «Оның бәрін қалай білдіңіз?» - дейді.

- Ақылмен білдім, - деді ол.

- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!

  • Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма? - деді.

Әкесі баласының тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскеген екен Абай атамыз.









Он жетінші қарасөз Ғылым, Ақыл, Қайрат, Жүректің диалогінен тұрады. Абайдың бұл қарасөзі оның ғылым, ақыл, жүрек туралы өлеңдерімен мағыналас болып келеді. «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» атты өлеңі мен он жетінші қарасөздің мазмұны бір. Ақын өлеңде айтқан пікірін қара сөзде дамытып, аша түседі. Бұл Абайдың өз идеясына беріктігін, қандай проблеманы көтерсе де, мәселені жүйелі түрде қарастырып, оны оқырманының ой-санасына жеткізуді мақсат ететіндігін, алған бағытынан ауытқымайтынын дәлелдейді. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі, яғни адамның адамды сүюін, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі (ақыл, қайрат, жүрек) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді Абай.









































Абайдың 17-қарасөзіндегі "Ақыл, Қайрат, Жүрек" идеяларының қазіргі заманның ғаламдық мәселелерімен байланысын анықтаңыз. (Мысалы, білім, экологиялық мәселелер, адамгершілік дағдарысы, соғыстар)..



Абайдың 17-қарасөзіндегі авторлық идеяларды (Ақыл, Қайрат, Жүрек) қазіргі қоғамдағы өмір шындығымен салыстырып, оның өзектілігін анықтаңыз,







Қарасөздің мәнін ашатын білім, өнер туралы бес мақал-мәтел жазыңдар.

Үлгі:

1.Өнер — қанат, білім — санат.

2. Өнерлі ел налымас, өнерсіз ел жарымас.





Shape1




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ