ОҚО Сарыағаш ауданы
Еңкес елді
мекені
№21 Яссауи атындағы жалпы
орта мектебі
Ашық тәрбие
сағаты
Сабақтың
тақырыбы: «Абай
даналығы».
Сынып жетекшісі:
Орманова
Зарина.
Сыныбы: 6
«б».
2017-2018 оқу
жылы
Сабақтың тақырыбы: Абай
даналығы.
Сабақтың
мақсаты:
1. Оқушыларды ұлы кемеңгер
ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Абай дана, Абай дара.
Абай ақынымызды дәріптеу.
2. Оқушылардың сөйлеу,оқу, есту, өмірге деген құштарлығын ояту
.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден
бойларын алыс ұстауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, бейнебаяндар, буклеттер, қара
сөздер.
Сабақтың
барысы
Оқушыларды реттеу, сапқа
тұрғызу,
Мұғалімнің кіріспе
сөзі
- Оқушылар, біз бүгінгі
сабақта ұлы ақын Абайды танимыз, шығармашылығымен танысамыз,
өмірбаянымен танысамыз.
Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты
үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды
оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды
оқымағандар».
- Балалар сендер қай
топтағылармыз деп ойлар
едіңдер?
- Біз бірінші топқа жатамыз.
Ұлы бабамыз Абай атаның шығармаларымен танысып
жатырмыз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң – арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан,- деп Абай атамыз айтқандай, үлкенге
сыйлы,кішіге мейірімді ата-анаңның үмітін ақтауды, Отаныңның
мақтаны боласың.
Жүргізуші: Ой қозғау.
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, Абай
есімін естігенде есімізге не
түседі?
Жүргізші: Оқушылар енді
сендерге Абай бабамыз туралы бірнеше сұрақтар қояйын,сендер жауап
беріңдер.
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай
ақынның атынан жарияланып
отырды?
2. Абай ақын туралы алғаш
мақала жазған кім?
3. Абайдың азан шақырып қойған
аты кім?
4.Абайдың қанша күйі бар?
Аттарын ата
5.Абайдың соңына жетпей қарған
поэмасы.
6.Абай Леермонтовтан қанша
шығарма аударған
7.Абайдың әжесінің және
шешесінің аттарын ата.
8. Ділдәдән туған
балалары.
9. «Қазақтың бас ақыны
-Абай Құнанбаев» деп атаған
кім?
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын
атын ата
11.Абай өлеңдер жинағы қай
жылы және қай қалада басыылп
шықты?
12. « Абай жолы» романының
авторы кім?
13. Абай ескерткіші алғаш қай
қалада қойылды?
14.Абай қандай қызға ғашық
болды?
15. Шәкәріммен Абай арасында
қандай туыстық болды?
Жүргізуші: Оқушылар енді
Абай ақынның және Абай ақынға арналып жазылған өлең шумақтарына
орын берсек:
Дилнура. Абай – ақын, Абай
– дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер.
Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып
өсті.
Балнур. Жиырмасыншы
ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбылдан «Абайдың ақындығы
туралы не айтасыз?» дегенде: «Абай ақын ғана емес, ол ғұлама» деп
жауап берген екен.
Нурхан. Мынау тұрған
Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?- деп жырлапты жыр алыбы
Жамбыл.
Нурасыл. Абай 1845
жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде
дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі
Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып
жүрміз.
Ерсултан. Абайдың
атасы Өскенбай дала халқының әділ биі
болған.
Қарлығаш. Абайдың
әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен
беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып
сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты
шыққан.
Арай. Абай 10-12
жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасындаСемейдегі
Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың
Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап,
әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп
сайлайды.
Оразғали. Абай – ақыл,
қайрат, жүректі бірдей ұстаған адам.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай
ата.
Бекжан. 14 жасында
сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа
заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі
тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін
адам болмаған.
Карлығаш. Ендеше, біз
абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз. Біраз өлеңдерін, қара
сөздерін оқып талдадық. Өмірімен
таныстық.
Жұпар. Абайдың орыс
әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен
Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай уылында қонақта болып, Абайды орыс
әдебиетімен таныстырған. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой,
Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді»
аударды.
Оқушылардың қарасөздерді
оқуы.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым,
ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен
оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара
сөз)
Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын
десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң,
саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат
көрсетер ме?(Жиырма бірінші қара
сөз)
Жүргізуші: Оқушылар ары қарай
Абай өлеңдерін жалғастырсақ.
Нұрсейіт
Ғылым тaппай мaқтaнбa
Oрын тaппaй бaптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге аcық бoл.
Aдам бoлам десeңіз.
Тілеуің, өмірiң алдыңда,
Оған қайғы жeсeңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Нұрхан: Күз мезгіліне байланысты:
«Күз»
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Айдана: Жаз мезгіліне
байланысты «Жаз»
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Бехруз: Қыс мезгіліне
байланысты: «Қыс»
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Оразкул: «Абай ақын – Ұлы
ақын»
Абай атам- данышпан, ұлы ақын,
Қазақ халқын танытқан әлемге айқын.
Елін, жерін, Отанын әнге қосып,
Өлеңімен жырлаған халқын жақын.
Орыс халқы мақтанса Пущкинменен,
Абай атам- ұлы ақын, еңбегі ерен.
Қос ақынның оқысаң өлеңдерін,
Махаббатың артады елге деген.
Балнур: «Абай
ата»
Ата сөзі- қазақтың бойтұмары,
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай орны,
Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.
Өнер- білім, ғылымды қадірлеумен
Қазақ елін ақиқат жолға қойды.
Бүгінгі сабақты Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың өлеңімен аяқтасақ деп
отырмын.
Қасиетті қара сөздерден ғибрат
алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған
бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл
қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны
жадымызда ұстаймыз.