Сыныбы, пәні,
мерзімі
|
6-сынып, қазақ әдебиеті, 19
қазан 2017 жыл № 14
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Абай Құнанбайұлы «Отыз
бірінші қара сөз»
|
Сілтеме
|
Күнтізбелік жоспар, қазақ
әдебиеті оқулығы, интернет желісінен материалдар,
BilimLand
|
Жалпы
мақсаттар
|
Абай қара сөздерінің
тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның
философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, отыз бірінші қара
сөзінің мазмұнын меңгерту. Қарасөздің идеясы мен тақырыбын
ашу
Оқушының азаматтық
бейнесін қалыптастыру.
Шығармашылық жұмысқа жұмылдыру
арқылы таным - түсініктерін
дамыту.
|
Күтілетін
нәтиже
|
Ақыл мен ғылымның адам
санасына сіңуіне кедергі келтірер ой кеселдерінен бойды аулақ ұстау
қажеттігін түсінеді.
|
Түйінді
идея
|
Ақын қара сөзінің идеясын
түсініп, талдай
біледі
|
Көрнекіліктер
|
Үлестірме қағаздар, АКТ,
сызбалар, бейне фильдер,бағалау
парақтары
|
Оқыту
әдістері
|
Сұрақ-жауап, диалог, топтық
әңгімелер, кластер құру, Блум
таксаномиясы
|
Сабақ
кезеңдері
|
Жоспарланған
іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
1
минут
|
Амандасу.
Түгендеу
Психологиялық
ахуал тудыру.
«Мен қандаймын?».
Әркім өз есімінің дыбысынан басталатын сөзден бойында бар қасиетті
айтып шығу
Топтастыру «Сандар
сөйлейді»
|
Кластер
құру
|
|
«Отыз бірінші қара сөзі»
тыңдау
|
BilimLаnd
|
Жаңа
сабақ
25
минут
|
Ой
қозғау.
Сұрақ-жауап
-
Бұл қара сөздің
идеясы қандай?
- Естіген нәрсені ұмытпаудың, есте сақтаудың жолдарына
тоқталған.
- Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма?
- Иә, бар.
- Егер болса, ол кім?
- Абай. Жеке өз аузынан айтылған пікір. Осындайда кейіпкер ойы мен
автор ойының бір жерден шығып отыратынын байқау қиын емес.
- Абайдың қара сөзі кімнің ойын білдіреді?
- Абайдың әр қара сөзі жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын
білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды.
- Абай бар асыл ойын кімге арнады?
- Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады.
- Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам
тәрбиесі.
Қысқаша
түсінік.
Абайдың қарасөздері
ақынның өз заманындағы қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігін талдауы
десе де болғандай. Мұнда ұлы ақын қазақ халқының берекелі
болашағына кесірін тигізер көптеген проблемаларды
қозғайды.
Топпен
жұмыс.
Сатылай кешенді
талдау
1.Өлең туралы дерек- Абайдың
қарасөздері ақынның өз заманындағы қазақ қауымының
тұрмыс-тіршілігін талдауы десе де болғандай. Мұнда ұлы ақын қазақ
халқының берекелі болашағына кесірін тигізер көптеген проблемаларды
қозғайды.
2.Тақырыбы – Ой.
Зеректік
3.Жанры – шағын
проза
-
Идеясы – адам
санасына сіңуіне кедергі келтірер ой кеселдерінен бойды аулақ
ұстау
Естілген сөзді
ұмытпастыққа себептер:
-
Әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ
керек;
-
Екінші – сол нәрсені көргенде, я
естігенде ғибратләну керек, көңілденіп, тұшынып ынтамен ұғу
керек;
-
Үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше
уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту
керек;
-
Төртінші – ой кеселді нәрселерден
аулақ болу. Егер ой кеселдері кез болып қалса, салынбау
керек.
Ой
кеселдері:
-
Уайымсыздық;
-
Салғырттық;
-
Ойыншы-күлкішілдік, я бір
қайғыға салыну,
-
я бір
нәрсеге құмарлық пайда
болу
-
Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл
мен ғылымды тоздыратұғын
нәрселер
1-тапсырма.
Сәйкестендіру
-
Зеректілік дегеніміз
–
|
ойлау
|
Ең бастысы
–
|
есте сақтайтынды бұрын
білетініңмен байланыстыру
|
Есте сақтаудың басты заңы
–
|
естіген нәрсені есте сақтап,
ол туралы ой қорытып, көкірекке бекітіп
алу
|
Есте сақтауға тиістіні
ойлау,
|
осының бәрі өзіңе қашан,
неліктен керек боларын білу
|
Сөздік
Ғибратлану – үлгі
алу деген мағынада (арабша)
-
Тәрбиелік мәні.
Ойшыл оқырманын естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге
тәрбиелейді.
|
Оқулық
Кесте бойынша
жұмыс
кесте
ұсынылады
|
Бекіту
3
минут
|
«Бес жол өлең»
құрастыру
Ұсынылатын зат
есімдер: Ес, зеректік, ой
Ес
Ынталы,
ұғымтал
Ұғады, ойланады,
бекітеді
Естіген сөзден үлгі
алу.
Ой
|
|
Бағалау
критер.
5
минут
|
Өзін-өзі бағалау.
Мұғалімнің бағалауы
Үй
тапс
(1
ұп)
|
Тақырыбын
анықтауы
(2
ұпай)
|
Идеясын дәлелдеуі (3
ұпай)
|
Тапс орындау (2
ұпай)
|
Өз көзқарасын білдірген жазба
жұмысы (4 ұпай)
|
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім
алушы
- қарасөздегі
адамгершілік өсиет пен кеңесі туралы екендігіне
тоқталады;
- тәрбиелік мәні
туралы пікірін
білдіреді;
- қорытынды
бөлімде шығарма идеясы, тәрбиелік құндылығы жайлы
қорытындылайды
|
Бағалау
парақтары
|
Үйге тапсырма 1
минут
|
«Абай қара сөзін
оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу және «отыз бірінші» қара
сөзін жаттау.
|
|
Рефлексия
2
минут
|
Пирамида-3 Нені
үйрендік? Нені білдік? Нені білгім келеді?
Адамгершілік
Зеректілік
Ой
кеселдері
|
Үш ерекшелігін
қорғайды
|
Қорытынды
1
минут
|
Абайдың өз сөзімен
айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл
ұғар
|
|