Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Абай Құнанбайұлы "Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ әдебиеті

Күні: 10.10.17.
Сабақтың тақырыбы
: Абай Құнанбайұлы “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ” өлеңі

Сыныбы: 6 «А», «Ә»

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Оқыту әдістері: 1. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулі. Миға шабуыл.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Ой қозғау.
3. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі.
Болжау стратегиясы.
4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі.
Өзін-өзі бағалау.
5. АКТ пайдалану.
Бейнеролик арқылы.
6. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Оқушының өзін-өзі басқаруы.
Құралдар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта, стикер, маркер, слайд, суреттер. Оқулық .

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,сурет,тарих.


Сабақ мақсаты Абай шығармаларымен таныстыра отырып, мәнерлеп оқу қабілеттерін арттыру, өлеңге поэтикалық талдау жасай білуге дағдыландыру.
Оқушылар арасында тұлғааралық байланысты орнату,өлеңнің мазмұнын меңгерту, идеясын ашу.
Негізгі идеялар: Абай Құнанбаевтың шығармашылығын жете білу.

Күтілетін нәтиже: Өлеңді мәнеріне келтіре оқиды.

Өлеңге поэтикалық талдау жасайды.
Шығармаларын біледі.

Сегіз қырлы бір сырлы Абайдың өлеңімен танысады.
Өлеңдегі синонимдік сөздердің мағынасын ашады.

Барысы

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

I. Ұйымдастыру кезеңі :

Қызушылығын ояту: Сәлемдесу Оқушыларды түгелдеу
Түрлі –түсті қағаздармен топқа бөлу І топ. Жазушылар.ІІ топ.Ақындар.ІІІ топ. Суретшілер.

(3 минут)

Психологиялық ахуал

Бір бірімізге қарайық,

Жылы лебіз айтайық.

Бүгінгі күн сәтті болсын,

Отбасымыз аман болсын.

4-5 оқушыдан 4 топқа бөлінеді

II. Өткен білімді еске түсіру:

Миға шабуыл әдісі
Қызығушылық ояту

(5 минут)

Өткен сабаққа шолу.
-Абай Құнанбаев туралы нені білдік?
-Төмендегі сыныптарда қандай шығармаларын оқыдыңдар.
-Ақын өлеңдері өздеріңе ұнай ма, ұнаса неге ұнайды?

Өткен кез-ой елегінде” ойыны арқылы өткен сабақта берілген тапсырманы жатқа айтады, талдайды

Елеске жетелеу

(3 минут)

Ойға жетелеу 3 мин. Экранда аттың суреті көрсетіледі. Балалар бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Мен аттың суретін көрсетіп қойдым.

І топ. Абай кім? Сызбасын толтырады. 
ІІ топ. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»сызба арқылы өлеңдерін топтастырады.
ІІІ топ. Абайдың өлеңін жатқа айтады. Шығармашылық ізденіс жасайды.

ІІІ Жаңа білімді меңгерту

(12 минут)

Қазақ әдебиетінде лириканың қандай түрлері бар және бұл өлең қай түріне жатады? Қай жанрда жазылған шығарма? Модель құру, дәлелдеу, мәтінмен жұмыс. Оқушылар өз болжамдарын айтады. Суретке қарап жауап береді. Сабақпен байланыстырады.

Топпен жұмыс

1 топ. Өлең бойынша жоспарлау.

2 топ. Тақырып бойынша мазмұндау.

3 топ. Өлеңнің көтерген мәселесін айқындау.
Ой толғау, тізбектеп оқу, түсіндіру, талдау.

Поэтикалық талдау

Мағынаны тану.

Топтық жұмыс.

5 минут

Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін мәнерлеп оқимын. Оқушыларға оқытамын.

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Ітоп Поэтикалық талдау.Өлең шумақтарына талдау жасайды. ІІтоп. Мағынаны тану. Экранда берілген мақал – мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын ашады.

ІІІтоп.Жылқы малының жасына топтық талдау жасайды


Сергіту сәті. Шеңберге тұрып жаттығу жасату. «Қара жорға» биі.

Шығармашылық жұмыс.

10 минут

А2 форматты қағаздар мен маркерлер таратып,әр топқа өз шығармашылық жұмыстарын орындату.

Тақырыпқа байланысты тұжырымдамалық картамен жұмыс жүргізеді.

Аудиторияда қорғайды.


Сабақты бекіту: Ой толғаныс. Қораптағы сұрақтар.

Білімдіден шыққан сөз” ойыны арқылы жаңа сабақты қорытамын

5 минут

Экранда көрсетілген сұрақтарға жауап береміз

Әр топ өз ойларын ортаға салып, пікірлерін айтады.

Модель бойынша өз ойларын қорытындылайды.


Бағалау Кері байланыс Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

Бүгінгі сабақ несімен ұнамады?

Ұсыныс -пікір

1 минут
Бағалау парақтарына бағаларын қойып, қорытынды бағаларын шығару.
Бірін-бірі, өзін-өзі бағалау. Коррекция жұмысын жүргізу.
Оқушылардың өздері критерийге қарап, бағалайтын оқушының атын жазып, сыйлық беріп, тілек жазады.

Рефлексия: Тақырып бойынша салыстыруға, өз ойларын растауға, өзгенің ойын тыңдауға қалыптасады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2018
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі