Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Абайдың жетінші қарасөзі" 6-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні. Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: ...Абайды оқы, таңырқа! Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||
Сабақ тақырыбы |
Абайдың «Жетінші қарасөзі» |
||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
Т/Ж.6.1.2.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру А/И. 6.2.1.1. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау Б/С.6.3.4.1. Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау |
||||||||
Сабақ мақсаты |
1. Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіну 2. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасай алу 3. Қарасөзде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни көзқарас, хабарлама жасау |
||||||||
Бағалау критерийі |
- Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсінеді, анықтайды; - Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме табады, талдау жасайды; - Қарасөзде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни көзқарасын тұжырымдайды, хабарлама жасайды |
||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика мен терминология: автор үні, оқырман сезімі, шығармадағы құндылық.Оқушылар түсінеді және сипаттайды. Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің ойымша..., Қорытындылай келе... Шығармадағы тірек сөздер: ішсем,жесем, ұйықтасам деп, бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ. |
||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылықтар:
Құндылықтарға баулу адамгершілік, төзімділік, еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік, жалпы адамдардың әлеуеті және қоршаған адамдардың әлеуеті туралы көзқарасымыздың қалыптасуына негіз болады. Сондай-ақ құндылықтар дегеніміз біздің сенетін дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға деген қарым-қатынасымызды және мінез-құлқымызды анықтайды. |
||||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, өзін-өзі тану |
||||||||
Алдыңғы білім |
Абай қарасөздерін осыған дейінгі сабақтарда қарастырғандықтан, жалпы ақпарат бар және осы тақырып аясында ой тұжырымдай алады. |
||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы 2 минут 3 минут Білу Түсіну 5 мин |
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Топқа бөлу: Әр оқушының бір заты алынып, қорап ішіне салынады. Мұғалім заттарды араластырып төрт партаның үстіне ретсіз қояды. Әркім өзінің заты тұрған партаға барып отырады. « Жүректен жүрекке» әдісі Топ бір-біріне тілектерін білдіріп, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. 2. «Пазл» әдісі Алдыңғы білімді пысықтау мақсатында сұрақтар жазылған таратпа қағаздар таратылады. Әр сұраққа жауап беру арқылы Пазлды жинау нәтижесінде «Жеті 7» сөзі шығады. Оқушылар бүгінгі өтетін тақырып Абай Құнанбайұлының «Жетінші қарасөзі» екенін біледі. Бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен таныстырылады. Т/Ж Тыңдалым алды жұмыс Интерактивті тақтадан Абайдың «Жетінші сөзін» тыңдату. 1-Тапсырма. ТЖ «Уақыт тізбегі» әдісі арқылы әр топқа сұрақтар беріледі. Оқиға желісін айту арқылы қарасөзде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселенің идеясын анықтайды. 1 топ - Абай «Жетінші қарасөзінде» адам анадан қандай мінезбен туады? 2 топ - Ақын тән құмарына нелер жатқызады? 3 топ - Ақын тән құмарына нелер жатқызады? 4 топ – Жетінші қарасөзде айтылған басты әлуметтік-қоғамдық мәселе қандай?
мәселе оқиға оқиға оқиға оқиға
Бағалау критерийі: - Жетінші қарасөзінен адам анадан қандай мінезбен туатынын анықтайды; - Ақынның жан, тән құмарына нелер жатқызатынын айтады, талдайды; - Жетінші қарасөзде айтылған басты әлуметтік-қоғамдық мәселені айқындайды. Дескриптор: -Жетінші қарасөзінен адам анадан қандай мінезбен туатынын анықтай алады; - Ақынның жан, тән құмарына жататын қасиеттерді айта алады, талдай біледі; - Жетінші қарасөзде айтылған басты әлуметтік-қоғамдық мәселені айқындай алады. ҚБ: Өзара бағалау:
|
«Пазл» жинақтау Интерактивті тақта Үлестірме қағаздар Қазақ әдебиеті 6 сынып (68-69бет) «Арман ПВ» баспасы Авторлары: С. Тұрсынғалиева, Р. Зайкенова Бейнетаспа htt://.sk.nis.edu.kz. сайт Билимлент |
|||||||
Сабақтың ортасы Талдау 4 мин 5 мин Жинақтау 3минут 5 минут Қолдану 4 минут 4 минут |
2-Тапсырма ТЖ «Қос диаграмма» әдісі Қарасөздердің көркем әңгімеден айырмашылығы бар ма?
Бағалау критерийі:
Дескриптор:
3- Тапсырма А/И «Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы жетінші қарасөздегі белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау. Берілген сұрақтардың жауабын кестеге толтыра отырып, жетінші қарасөзді тұжырымдау. 1-2 топ – Абай неліктен «Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? - дейді» 3-4 топ – Не себепті «Бала күнімізде жақсы екенбіз»-дейді?
Бағалау критерийі:
ҚБ: БАС БАРМАҚ! 4 – Тапсырма ТЖ «Ақпаратты сүзіп ал» әдісі арқылы Абайдың «Жетінші қарасөзінің» мазмұны бойынша тірек сөздерді теріп жазу.
Бағалау критерийі:.
Дескриптор: - Жетінші қарасөзіндегі тірек сөздерді анықтай алады; Кестеге түсіре алады. Қ.Б: «Геометриялық фигура» әдісі арқылы бағалау 5-Тапсырма ТЖ Б/С Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. 1-2 топ - Шығармада қандай көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі және құндылықтары туралы айтылады? 3-4 топ – Олар не себепті құндылықтар болып табылады? Шығарма мазмұны бойынша берілген кестені толтырады.
Бағалау критерийі:
Дескриптор:
ҚБ: «КҮН. БҰЛТ. ЖАҢБЫР» 6-тапсырма. ТЖ Бір ауыз сөз» әдісі 1. 4 жақсы, 4 жаман қасиетті жазу. Барлық тірек сөздерді қатыстырып өлең жолын құрастыру. ТЖ «Пирамидалық талқылау» әдісі 2. Ақынның жетінші қарасөзіне ой тұжырымдау Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі шығарма туралы өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа ортақ түйінді ой жазады. Менің ойымша..., Қорытындылай келе...
Бағалау критерийі: -Шығармадан жақсы, жаман қасиеттерді жазады, өлең құрастырады; -Ақынның «Жетінші қарасөзіне» қорытынды ой тұжырымдайды. Дескриптор:
Қ.Б Топ өзара бағалайды. |
Интерактивті тақта Постер Қазақ әдебиеті 6 сынып (68-69 бет) «Арман ПВ» баспасы Авторлары: С. Тұрсынғалиева, Р. Зайкенова
Интерактивті тақта
Кесте толтыру, флипчарт Маркер, постер
Дәптермен жұмыс Маркер, постер
|
|||||||
Сабақтың соңы Бағалау 5 мин |
Рефлексия ТЖ «Қ.Қ.Қ» әдісі
Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісі Өзіңізді бүгінгі тапсырмаларды орындауда, сабақты меңгеру бойынша қай сатыдамын деп ойлайсыздар? Оқушылар бүгінгі сабақты түсінгені бойынша стикерлерді«Жетістік баспалдағына» жабыстырады. 1 саты - Маған түсініксіз. 2 саты - Әлі де оқу керек. 3 саты - Барлығы түсінікті.
Үйге тапсырма: «Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы» тақырыбында эссе жазу. Ойыңызға нақты дәлелдер келтіріңіз. Эссенің сөз саны 120 сөз. |
Интерактивті тақта, Постер, стикерлер
|
|||||||
|
|||||||||
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||
Ықшамсабақтың жоспарын жасауда тапсырмалар сараланып алына отырып, спиральді қағидат сақталды. ҚМЖ құруда мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталады. Саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Сабақтың мақсаты «Блум» таксономиясы сатысы негізінде оқушыдан дербес шығармашылықпен жауап күтілетін ашық типтегі тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады. «Уақыт тізбегі» әдісі арқылы ресурс және мәтін арқылы оқушыларға түрлі ақпаратты қол жетімді ету шаралары ойластырылады. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау барысында «Ақпаратты сүзіп ал»,«Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы тапсырмалар беруде баршаға бірдей түрлі жаттығулар ұсынылады, оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Тапсырмалар бойынша саралау барысында материалды қолдану деңгейі біртіндеп күрделенеді. Тапсырмалар күрделірек болғанымен, бастапқы деңгейді нәтижелі орындаған оқушылар үшін қиындық туғызбайды. Диалог негізінде саралау барысында оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Әр оқушының қабылдау деңгейіне сай сөздік қор және қолданылатын тілдің мүмкіндіктері бейімделеді. Барлық оқушыға «Табыс сатысы» әдісі арқылы диалог аясында тиімді сыңдарлы кері байланыс беріледі. Оқушыға жеке қолдау көрсету диалог ресурсымен байланысты, себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі үшін арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сараланады. Қабілетіне, деңгейіне қарамастан әр оқушыға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Сабақты жоспарлау барысында қанша тапсырма ұсынылатындығы және оларды орындау жылдамдығы ескеріледі. Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау « Бас бармақ », «Жетістік баспалдағы», «Геометриялық фигуралар» әдісі арқылы өзара бағалау мен өзін-өзі бағалайды. Оқушылар қалыптастырушы бағалаудың аталған түрлерінің мәнін жылдам түсініп, тапсырманы нәтижелі орындайды. Сабақ барысында оқушылардың нәтижелі жұмыс жасауда өзін қалыпты сезіну, алаңсыз жұмыс жасаудағы қозғалыс пен тыныштық қажеттілігін ескеруде оқыту ортасы қалыптастырылады. «Тұжырымдамалық карта, «Пирамидалық талқылау», «Қос диаграмма» әдісі тапсырмаларын орындауда ынтымақтастық оқыту тәсілі бойынша шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына өз үлесін қосады. Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ауқымды пікірталас жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік беріледі. |
Жоспардағы сараланып алынған тапсырмалардың орындалу нәтижесін бағамдау үшін, әр тапсырмадан соң бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылады. Оқушылардың дағдысының қалыптасу және білім меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін жеке, топтық жұмыс түрлері ұсынылады. Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары: қалыптастыру, ынталандыру, уәждеу. Жоспар құруда тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру, оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау негізінде қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрі алынады. «Бас бармақ»
әдісі бойынша оқушылар тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біледі де, өзара бағалайды. «Геометриялық фигура» әдісі арқылы оқушылар өзара тапсырмаға жауап беру нәтижесінде: жұлдыз(өте жақсы), тіктөртбұрыш (жақсы), үшбұрыш (қанағат) фигураларымен бағалайды.
«КҮН. БҰЛТ. ЖАҢБЫР»
әдісі бойынша бағалау да оқушылардың оқу жетістігіне жетуіне ықпал етеді. «Табыс сатысы» әдісі бойынша топ өзара бағалау жүргізіледі. Сабақты қаншалықты деңгейде меңгергенін стикерлер жабыстыру арқылы тиімді кері байланыс жүргізіледі.
Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді. Өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар, сыныптастарын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді. |
Сабақ барысында оқушы денсаулығына қауіп тудыратын іс-әрекеттер болмайды. Оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрету үшін қалыпты құрылған оқу ортасы болады; Ол ортада топтық және жұптық жұмыстар жүргізуге толық мүмкіндік жасалады; Сыныпта интербелсенді тақтаны қолдануда қауіпсіздік ережесі сақталады. «Мәңгілік ел» идеясы, сабақ бойында тақырыпқа байланысты кіріктірілген пәндерден алынған ақпараттар құзыреттілікті дамытуға бағытталады. |
|||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Сабақты оқушылар қаншалықты меңгергенін білу мақсатында «Қ.Қ.Қ әдісі» бойынша рефлексия жүргізіледі.
«Табыс сатысы» әдісі бойынша кері байланыс жасауда оқушылар бүгінгі сабақты түсінгені бойынша стикерлерді «Жетістік баспалдағына» жабыстырады. 1 саты - Маған түсініксіз. 2 саты - Әлі де оқу керек. 3 саты - Барлығы түсінікті.
Сабақты талдау, рефлексия, кері байланыс жасау мұғалімнің жұмысын жетілдіре түседі. Келесі сабақты жақсартып, онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді, тапсырмаларды, ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. |
||||||||
Сабақ мақсаты қолжетімді болды. Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Оқу мақсатына жетпеген оқушылар болған жоқ. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Сабақ кезеңдерінде уақыт тиімді пайдаланылды. Сабақ жоспарынан ауытқу болған жоқ. |
|||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек? |