Материалдар / Ашық сабақ Абайдың табиғат лирикасы «Жазғытұры» өлеңі. 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Абайдың табиғат лирикасы «Жазғытұры» өлеңі. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың «Жазғытұры» өлеңі бойынша берілген тірек сөздер, жетекші сұрақтар, өлеңнің тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды. «Жазғытұры» өлеңін тыңдап,теңеу сөздерді тауып,жазба жұмыстарында қолданады. Абайдың «Жазғытұры» өлең жолдарынан деректі және дерексіз зат есімдерді ажырата біледі,жазба жұмыстарда қолданады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2022
791
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


«Абайды оқы, таңырқа!»

Сынып: 6- сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Абайдың табиғат лирикасы «Жазғытұры» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.Т5.Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау.

6.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу.

6ТБ1.Мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Абайдың «Жазғытұры» өлеңі бойынша берілген тірек сөздер, жетекші сұрақтар, өлеңнің тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды.

«Жазғытұры» өлеңін тыңдап,теңеу сөздерді тауып,жазба жұмыстарында қолданады.

Абайдың «Жазғытұры» өлең жолдарынан деректі және дерексіз зат есімдерді ажырата біледі,жазба жұмыстарда қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өлең жолдарынан теңеу сөздерді тауып, өлеңді шағын мәтінмен береді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

«Көктем» тақырыбына шағын әңгіме жазады.

Бағалау критерийі

Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, өлеңнің тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды;

Өлеңнен деректі және дерексіз зат есімдерді тауып, жазба жұмыстарда қолданады;

Өлең жолдарынан теңеу сөздерді тауып, өлеңді шағын мәтінмен береді;

«Көктем» тақырыбына шағын әңгіме жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Берілген тірек сөздер, жетекші сұрақтар, «Жазғытұры» өлеңінің тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды;

«Жазғытұры» өлеңін тыңдап,теңеу сөздерді тауып,жазба жұмысында қолданады;

«Жазғытұры» өлеңі жолдарынан деректі және дерексіз зат есімдерді таба алады;

Көктем тақырыбына қатысты шағын әңгіме құрастырып жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Жазғытұры, масатыдай, анталаса, сыз,жүзі, адамзат, майысып.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

бүршік жарады, құстар сайрайды, бәйшешек, жер жырту, малдар төлдейді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өлеңде қай жыл мезгілі суреттелген?

  • Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Жазғытұры мезгілінде жан-жануарлар қандай күйге түседі?

  • Адамдар қандай еңбек жасайды?

  • Бұл мезгілдің басқа мезгілдерге қарағанда қандай ерекшеліктері бар?

Не себепті көктемде құстар қайта ұшып келеді?

Ишара: Қимылмен жер жырту, гүлді иіскеу, құстардың ұшып келуі көрінісі

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы арқылы оқушыларды еңбекке баулуға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Еңбекке баулу, жаратылыстану, бейнелеу өнері

Алдыңғы оқу

Абайдың «Күз», «Қыс» өлеңдерімен таныс.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

Басы

7 мин.



2 мин.


3 мин.








2 мин.

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Шаттық шеңбері «Гүл сыйлау» шеңберде оқушылар бір-біріне гүл бере отырып,тілек айтады.

Топқа бөлу. (Гүлдің түріне байланысты топтасып отырады, бәйшешек, қызғалдақ, қоңыраугүл)

Ой шақыру:

«Сиқырлы сұрақ» әдісі арқылы жұмбақ өлең жасырылады.

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады,

Ағаш басы бүршік ашып,

Гүл бәйшешек толады,

Балаларым, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Жауабын әр топтан бір оқушы қимылмен жер жырту, гүлді иіскеу, құстардың ұшып келуі көрінісін көрсетеді.

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстыру.






Сабақтың ортасы

25 мин




8 мин




























10 мин






















7 мин


1-тапсырма Т.Ж. Ж.Ж.

Аудиожазбадан Абайдың «Жазғытұры» өлеңін тыңдайды.

Тірек сөздердің көмегімен, сұрақтарға жауап бере отырып,өлеңдегі негізгі ойды анықтайды.

Тірек сөздер:

Жазғытұры-көктем толық шығып, жаз басталар сәт.

Масатыдай құлпырар-кілемдей түрленер.

Анталаса-қимыл-қозғалыс,

Елжірер-мейірленер, жылылықпен қарайды.

«Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы өлең мазмұны бойынша әр топқа ішінде сұрақтары жазылған жасырылған конверт таратылады.

Сұрақтар:

1- топ

- Өлеңде қай мезгіл суреттелген?

- Өлеңде күн көзін ақын неге ұқсатады?

2- топ

- Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Жануарлардың көктемгі тіршілігі қандай?

3-топ

- Бұл мезгілдің басқа мезгілдерге қарағанда қандай ерекшеліктері бар?

-«Жазғытұры» өлеңінде төрт түліктің қандай түрлері кездеседі?

Барлық топ

- Өлеңнің негізгі ойы не?

Дескриптор:

- Өлеңді мұқият тыңда;

- Тақырыпқа қатысты берілген тірек сөздердің мағынасын түсін, негізгі ойды анықта;

-Конверттен сұрақтар алып, жауап беріңдер.


ҚБ. «Бағдаршам» арқылы топтар, жұптар бір-бірін бағалайды.


2-тапсырма. Ж.Ж.

«Жазғытұры» өлеңін тыңдап,теңеу сөздерді тауып,өлең желісімен шағын мәтін

жазу. (көпшілігі)

«Дана үкі» әдісі арқылы теңеу сөздерді қолданып шағын мәтін жазады.

Дескриптор:

- «Жазғытұры» өлеңінен теңеулерді тап;

- Теңеулерді қолданып шағын мәтін жаз;

ҚБ. «Еңбекші ара» әдісі.жұптар арасында


3- тапсырма ТЖ. Ж.

«Сурет бойынша әңгіме» әдісі арқылы «Жазғытұры» өлеңіндегі деректі және дерексіз зат есімдерді қатыстырып «Көктем» тақырыбына сөйлем құрастырып жазыңдар.

Алдарыңдағы суреттерді пайдаланып «Көктем» тақырыбына шағын әңгіме жаз.(кейбірі)

Дескриптор:

-өлеңнен деректі, дерексіз зат есімдерді тауып, осы зат есімдермен сөйлем құрастыр;

- алдарыңда жатқан суретпен мұқият таныс;

-берілген суретті пайдаланып, шағын әңгіме жаз.

ҚБ. Бағалау парақшасы


Аты-жөні

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім

«Көктем» тақырыбына шағын әңгіме жазды

+ /-


























































Сабақтың

соңы

8 мин


4 мин.




770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!