Материалдар / Ашық сабақ Әбу Сәрсенбаев 5-сынып немесе Әбу Сәрсенбаев
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Әбу Сәрсенбаев 5-сынып немесе Әбу Сәрсенбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
білімділік: оқушыларға Әбу Сәрсенбаевтің өмірі, шығармашылығы, «Туған жер», «Сен құрметте оны, қарағым!» өлеңдері жайлы толық мәлімет беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2020
1111
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Абдиева Гүлзифа Қалмурзаевна

Науай облысы Учкудук қаласы №9 жалпы білім беретін мектебі қазақ тілі оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Әбу Сәрсенбаев «Туған жер»,

«Сен құрметте оны, қарағым!» өлеңдері. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Әбу Сәрсенбаевтің өмірі, шығармашылығы, «Туған
жер», «Сен құрметте оны, қарағым!» өлеңдері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Әбу Сәрсенбаевтің өмірі, шығармашылығы, «Туған жер», «Сен құрметте оны, қарағым!» өлеңдері жайлы түсіндіремін.

Қайран сол сәби кезім, ерке кезім.

Тек жеті-ақ жыл, тек жеті жыл еркеледім.

Сен неге, қатаң тағдыр жұлып алдың

Күлкімді көкірегімнен ерте менің! —

деп ақынның өзі айтқандай, тек жеті-ақ жасында «сүйенер бәйтерегі бір түнде құлаған» бала Әбу күнкөріс тауқыметі өз басына түсіп, он жасынан көк теңізге шығуға мәжбүр болған. Ендіәке жолын шарасыз қуған оны жағада жесір ана, тумалары күтетін болды.

Оның алты жастан алпысқа дейінгі армансыз тыңдағаны -теңіз үні, асқақтата жырлағаны — теңізшілер сыры. Ірі де іргелі шығармаларының тақырыбы — Атырау айдыны. Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, асығыс майданға аттанған кезде:

Қош, еркін, кәрі Атырау толқындары, Ақынның қиялындай толқымалы, -деп туған жермен қоштаса, окоптарда жазғандары жорық, Отан туралы болды.

Әбу Сәрсенбаев 1905 жылы Атырау облысының Теңіз ауданында туған. Оның «Толқында туғандар» романы, «Капитан ұлы» повесімен қатар «Дүлей теңіз», «Ақ Жайық», «Балықшы әні», «Матрос жыры», «Ақша бұлт», «Туған жер», «Сен құрметте оны» өлеңдері жұртшылыққа кеңінен танымал. Ақын:

Келер ұрпақ айға қонсаң, сен ертең,

Мен баспалдақ болдым деп-ақ қуанам, —

деп жастарға зор үміт артады, ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуге үлкен мән береді. Туған жер

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,

Алабыңнан арманыма нәр алдым.

Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі

Алтын арай таңғы жұпар самалдың.


Лирика — ақынның сезімін, көңіл күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман-аңсарын, өмірге деген көзқарасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын сыр қып шертетін өлең.

Ақын Әбу Сәрсенбаев:

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,

Алабыңнан арманыма нр алдым.

Түнығыцнан жүзіп іштім сендегі

Алтын арай таңғы жұпар самалдың, —

деп оқушыны туған жерге деген өз сезімімен ортақтастырса, ал оның «Сен қүрметте оны,қарағым!» өлеңінде бабадан атаға, атадан әкеге, одан балаға мирас болар адамгершілік қасиетті бүгінгі үрпақтың бойынан көру үміті жатыр. Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабак соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  2. Үйге тапсырма: Өлеңдердің қалағанын жаттап келу



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!