Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Адамдық борышың. Ш.Құдайбердіұлы.3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ 3 сыныпқа арналған. Әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген. Сабақта Семей қаласы, көрікті жерлері, атақты адамдары жайлы қысқаша мәлімет берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы

Адамдық - борышың. Ш.Құдайбердіұлы

Бөлімше

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

3.2.3.1 – шығарманың тақырыбын анықтау және негіз-

гі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу.



Сабақ мақсаттары

  • Барлық оқушылар білуге тиісті: Ақын шығармашылығымен танысып, мағлұмат алады. Шығарманың тақырыбын анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

  • Шығармашылық тапсырма орындайды. Сауатты сөйлеп,өз ойын еркін жеткізуді үйренеді. Негізгі ойды білдіріп тұрған тірек сөздерді анықтайды.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Өлеңді мәнерлеп оқып, талдау жасайды. Шығарма бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындай алады.

Бағалау критерийлері

шығарманың тақырыбын анықтайды.

негізгі ойды білдіріп тұрған тірек сөздерді анықтайды.

шығарма бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындай алады

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, музыка, өзін-өзі тану.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, электронды оқулық, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., бағдаршамдар, постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Ы. Алтынсарин. «Малды пайдаға жарату»

Сабақтың

әдіс-тәсілдері:

1. Ерекше амандасу түрлері.

2. Топтау стратегиясы.

3. Семантикалық карта.

4. Блум түймедағының алты күлтесіндегі сұрақтар.

5. Кубизм стратегиясы.

6. Кластер.

7. «Көңіл-күй аралы» әдісі

8. «Оқушы үні» әдісі

Пайдаланған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету, оқу мен оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

Дереккөздері

Әдебиеттік оқу (3-сынып) оқулығы, әдістеме, электронды оқулық, интернет ресурстары.

Психологиялық ахуал











Топқа бөлу



- Сәлеметсіңдер ме , балалар? Ортаға шығып қыздар қыздарға, ұлдар ұлдарға қарама-қарсы қарап тұра қалайық.

Жер бетінде халықтар әр түрлі амандасады екен.Қане, байқап көрейік.

-Қазақтар қол алысады.

-Италияда құшақтасады.

-Бразилияда бір-бірінің иығын қағады.

-Некарагуада арқасымен қағысады.

-Зимбавльде шынтақпен.

-Австралияда шапалақпен,секіру, бөксемен. Міне, балалар, барлық дене мүшемізбен амандастық.


-Қазір 3 топқа бөліне қалайық.

-Қане, әр топқа бірден топ басшысын сайлайық! Сабақ соңында өз тобын бағалайды. 1-топ басшысы Айерке, 2-топ басшысы Ерали, 3-топ басшысы Айша.

-Топ ережесімен таныс болыңдар.

Бастапқы білім




-Балалар, қазір қай сабақ?

-Үйге қандай тапсырма берілді?

(Әр топтан 1 оқушы үйге жазуға берілген эсселерін оқиды, қалған оқушылардың жазбаларын жинап аламын.)

Өткенді бекіту және қызығушылықты ояту

«Блум түймедағының алты күлтесі» әдісі

-Енді, өткенді бекіту мақсатында мен сендерге «Блум түймедағы» ойынын алып келдім және оның сендерге арнаған жаңалығы бар. Ойнаймыз ба? (Әр топ кезек – кезек сұрақтарды таңдайды.)

1. Қарапайым сұрақтар: «Малды пайдаға жарату» мәтінінің авторы кім?

2. Анықтаушы сұрақтар: Ы.Алтынсарин кім болған?

3. Түсіндіруші сұрақтар: Үйші адам тапқан малын қандай пайдаға асырады екен?

4. Шығармашылық сұрақтар: Сызбаны пайдаланып, мәтіндегі тірек сөздерді ата.

5. Тәжірибелік сұрақтар: Кімнің алдында борыштымыз? Өсім деп неге балаларды айтты жұмысшы?

6. Бағалау сұрағы: Мәтіндегі үйшінің сөзі дұрыс па? Өз көзқарасынды айт.

(Ауызша, АКТ ойын ойнату, бағалау)

Т үймедақ жаңалығы: «24 Хабар» арнасынан берілген «Семей күні» туралы жаңалықты тыңдайды.

Сұрақтар-ға жауап береді

Сабақтың басы


«Білу»

(Слайд арқылы Семей туралы мәлімет беріп өту)

Семей – Шығыс Қазақстан облысының ірі қалаларының бірі. 1718 жылы Семипалатная қамалы ретінде негізі қаланды.

1851 жылы қала гербі бекітілді: «Қалқанның көкшіл бетінде алтын тиелген түйе, оның үстінде күміс ай мен бесбұрышты жұлдыз. Қалқанның жоғары жағында қаланың алтын тәжі бейнеленген»
2007 жылғы Елбасы жарлығымен қала Семей атын иеленді. 

«Семей» деген сөздің өзі көне түркі тілінде «рухани орта» дегенді білдіреді.

Семей қаласы Ертіс өзені бойында орналасқан. Ертіс өзеніндегі жаңа аспалы көпір қала көркіне, мақтанышына, символына айналды.

Қалада орталық саябақ, балалар саябағы, балалар биологиялық орталығы, су бағы, жеңіс саябағы бар.
Қала аумағында бірнеше мұражай: тарихи-өлкетану мұражайлары бар.

Кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет үйлері жұмыс істейді.
Семей қаласында 20 жоғарғы оқу орны,14 колледж, 5 кәсіптік-техникалық мектеп, 82 жалпы білім беретін мектеп және өзіміздің №49 жаңа мектебіміз биыл ашылды.

Қазақ халқының көптеген ғалымдары мен өнер қайраткерлері Семей қаласында дүниеге келген. Ұлы ақын Абай Құнанбаев, ақын-философ Шәкәрім Құдайбердіұлы, академик-жазушы Мұхтар Әуезов. Өнер жұлдыздары, әнші Б.Төлегенова, Р.Рымбаева, айтыскер ақындарымыз С.Тоқтамысова, Р.Зайтовтардың Семейден шыққанын мақтан етеміз! 

  • Биыл, балалар, Семейдің 300 жылдығымен бірге ұлы ақын, жазушы, аудармашымыз Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толып отыр.

-Ендеше, бүгін, сабағымызды қай ақын шығармашылығына арнаймыз?

-Дұрыс, Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық - боырышың » тақырыбын өтеміз.

Сабағымыздың мақсаты:

3.2.3.1 – шығарманың тақырыбын анықтау және негіз

гі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу.


-Бүгін сабаққа кім жақсы қатысса , қаламыздың символын алады.

Сабақ соңында кім көп жинағанын санаймыз.


-Дәптерімізге күнді, тақырыпты, жаңа сөзді жазып алайық.


Сабақтың ортасы


«Түсіну»















«Қолдану»

























«Талдау»



  1. Ш.Құдайбердіұлы туралы кім не біледі?

  2. Жақсы . Енді, 2 бала кітаптан ақын туралы мәліметті оқиық.

  3. Қосымша мәлімет: Ш.Құдайбердіұлы Абай атамыздың ағасы Құдайбердінің ұлы. Әкесі ерте дүние салғаннан кейін Абай ақын бауырына салып, тәрбие берген. Шәкәрім кішкентайынан Абай ақыннан үлгі алып, шәкірті болған.

1.Шәкәрім – Меккеге  барып,қажы  атанған  адам.

2.Шәкәрім  тарихпен  де  айналысады.

3.Шәкәрім  түйеқарын  өсімдігін  қайнатып, қойылтып, оған  ашудас  қосып, қолдан  сия  жасай  білген, өзі  сол  сиямен  жазған.

4.Шәкәрім  төрт  тілге  жетік  болған: орыс,араб, түрік,  парсы.

5.Шәкәрім  өз  тұсындағы  құсбегі, мерген, аңшы  болған.

6.Шәкәрім орыс ағартушысы Л.Толстойды  өзіне  ұстаз  тұтқан, онымен  хат  алысып  тұрған.


Оқулықпен жұмыс.

-Кітабымызды ашып, қолмен «Адамдық - борышың» өлеңін ұстайық.

1. Аудионы тыңдату.

2. Іштең 1 рет оқыту.

3. Хормен оқыту.

4. Тізбектеп оқыту.

  1. 5. Жеке оқыту.


Ойын. Әр топтан бір оқушы шығын текшені лақтырады. Мына тақырыптар бойынша оқушылар өз ойларын айтады. Бағаланады.
1. Халыққа еңбек ету.
2. Білім, өнер үйрену.
3. Өзімшіл болмау.
4. Өміріңді босқа өткізбе!
5. Өміріңді мәнді мағыналы өткіз.
6. Артыңа жақсы із қалдыр.


Сергіту сәті. «Туған қалам,Семейім!» әніне билету.


  1. Қазір, 3 топқа өткенді пысықтау мақсатында тапсырма беремін.

1-топ. Адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазыңдар.

Адамның жақсы қасиеттері

Адамның жаман қасиеттері

...

...



Білімді                                                         мақтаншақ
арлы                                                             білімсіз
еңбекқор                                                      мансапқор
шыншыл                                                      айлакер
өнерлі                                                           жалқау
жомарт                                                         өсекші
ата - ананы сыйлайды                                  өтірікші
сараң

  1. 2-топ. Тірек сөздерді тауып жазу, түсіндіру, сөйлем құрау.





Shape3

Өлеңдегі тірек сөздер








3-топ. «Біздің борышымыз ...» сөздерін аяқтаңдар.


Shape8 Shape7


БShape9 іздің борышымыз

Shape11 Shape10



Топтар бірін-бірі бағалайды, толықтырады.

Бекіту.


«Жинақтау»

Кері байланыс. Қалыптастырушы бағалау

  1. Әр оқушыға қалыптастырушы бағалау тапсырмасы беріледі. Мұғалім барлық баланың тапсырамсын тексеріп, смайлик арқылы бағалайды.

Тірек сөздерді сәйкес мақал - мәтелдермен байланыстыр:

Білім , ақыл

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Ар, намыс

Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Талап

Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.

Өнер

Талапты — тас жарар,
Талапсыз — бас жарар.

Еңбек

Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын



Үйге тапсырма

«Адамдық - борышың» өлеңін жаттау. Сүйікті қаламыздың алдындағы 5 парызымызды жазып келу.

Сабақтың соңы

Рефлексия

-Кім қанша Семей қаласының символын жинады. Жақсы , символ санына қарай сендер сабаққа қалай қатысқандарын көрінді.

Оқушы үнін тыңдау.

«Бағалау»

-Тақтадан көңіл -күй аралын таңдап алыңдар. Неге ол аралды таңдадыңыздар?

-Рахмет, осымен сабағымыз аяқталды.









































Тірек сөздерді сәйкес мақал – мәтелдермен байланыстыр:

Білім,ақыл

Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын

Ар, намыс

Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Талап

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Өнер

Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.

Еңбек

Талапты — тас жарар,
Талапсыз — бас жарар.


Тірек сөздерді сәйкес мақал – мәтелдермен байланыстыр:

Білім,ақыл

Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын

Ар, намыс

Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Талап

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Өнер

Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.

Еңбек

Талапты — тас жарар,
Талапсыз — бас жарар.




Тірек сөздерді сәйкес мақал – мәтелдермен байланыстыр:

Білім,ақыл

Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын

Ар, намыс

Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Талап

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Өнер

Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.

Еңбек

Талапты — тас жарар,
Талапсыз — бас жарар.


Тірек сөздерді сәйкес мақал – мәтелдермен байланыстыр:

Білім,ақыл

Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын

Ар, намыс

Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Талап

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Өнер

Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.

Еңбек

Талапты — тас жарар,
Талапсыз — бас жарар.




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2018
5575
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі