Материалдар / Ашық сабақ Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы 8 сынып

Ашық сабақ Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Ұзaқ мерзімді жоспардың тарауы:

8.1D Қоректену

Mектеп: «Ақжігіт орта мектебі»


Kүні:


Мұғалімнің аты-жөні: Төлесінова Нұргүл Нұрбекқызы


Cынып: 8


Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Cабақтың тақырыбы


Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы

Oсы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)


8.1.2.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру

Cабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар: Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, адамның асқорыту жүйесіне кіретін мүшелерге түсінік бере отырып дәлелдей алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Адамның асқорыту жүйесін басқа ағзалармен салыстыра отырып талдайды, ерекшеліктерін айқындайды.

Кейбір оқушылар: Асқорыту жүйесіне кіретін әрбір мүшенің асқорытудағы рөлін дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері:

Адамның асқорыту жүйесін басқа ағзалардың асқорыту жүйесімен салыстыра алады, ерекшеліктерін табады.

  • Адамның асқорыту жүйесіне кіретін мүшелерді, орналасуын біледі.

  • Асқорыту жүйесіне кіретін әрбір мүшенің құрылысын талдайды, қызметін нақтылайды.

Асқорыту мүшелерінің асқорытудағы рөліне баға береді.

Tілдік мақсаттар


Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика)

Негізгі сөздер мен тіркестер: асқорыту, асқорыту жүйесі, асқорыту мүшелері, бездер, сөлдер, ауыз қуысы,

жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішектер

Құндылықтарға баулу


Ұлттық идея «Мәңгілік ел» оқушылардың академиялық білім алуы, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқуға оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру. Сондай-ақ, өзін-өзі оқыту, өздігінен білім алуы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, білім беру саласындағы үштілділікті дамытуға бағытталған сабақтың элементтері.

Пәнаралық байланыс


Ағылшын тілінде қаңқа бөлімдерін атау.

Асқорыту мүшелерінде жүрілетін процесстер арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім


Тірі ағзаларға тән ортақ қасиеттері- 6 сынып, қоректену типтері, органикалық заттар -7 сынып.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

0-7 мин


Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.

Сынып түрлі түстерді таңдау әдісімен «Тамақ», «Тәбет» топтарына бөлінеді./ мақалдардың жалғасын тауып топтасады/.


Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.






Үй тaпсырмасын тексеру

True – False " (ақиқат-жалған)әдісі. Оқушыларға интерактивті тақтада тапсырмалар беріледі. Оқушылар берілген ақпараттың дұрыс бұрыстығын анықтайды.

Сұрақтар

Ақиқат

Жалған

Ересек адамда 32 тіс болады.



Әрбір жақ сүйекте 16 тістен орналасқан.



Күрек тістердің екі шетінде пішіні үшкірлеу келген ит­ тістер орналасқан. Олардың саны – 5.



Әрбір тіс 2 қабаттан тұрады



Жаңа туғaн нәрестеде тістері болмайды. Алғашқы тістері 5-6 айында шыға бастайды.



Кесетін жиегі бар тістер – күрек тістер немесе алдыңғы­тістер деп те атайды. Олардың қызметі асты «кесу», яғни тістеуден тұрады. Саны – 8.




Берілетін мақалдар:

  • Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

  • Ас адамның арқауы.

  • Ат –адамның қанаты.

Ас – адамның қуаты.

Өле жегенше, бөле же.



8-сынып "Атамұра" баспасы, Алматы қ.,

2018 жыл,

оқулық авторы:

А.Р. Соловева

Б.Т. Ибраимова



Бағалау парақшалары

Сабақтың ортасы







8- 13 мин
























14-24 мин















































25-32 мин














Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпқа байланысты видеоматериал көрсетіледі.

Ширату тапсырмасы (терминдермен жұмыс)

Қабырғаға жаңа тақырыпқа байланысты қазақ тілінде тірек сөздер ілінеді, әр топтың алдына конвертте ағылшын тілінде сөздер беріледі, берілген уақыт ішінде қабырғадағы сөздердің аудармаларын тауып, қолдарындағы сөздермен сәйкестендіріп бір оқушы ауызша оқып береді;

-Интерактивті тақтада жаңа тақырыпқа байланысты барлық сөздер екі тілде көрсетіліп, мұғаліммен бірге қайталайды.

казақша

ағылшынша

бауыр

Liver

асқазан

Stomach

ішек

Intestine

ұйқыбез

Pancreas












1-тапсырма (топтық жұмыс)

Әр топқа ас қорыту жүйесі бойынша мәтіндер беріледі.

1-топ «Суреттер сөйлейді» әдісі 1. Ас қорыту құрылысының бөлімдерін мына берілген сурет арқылы түсіндіру

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Ас қорыту жүйесінің бөлімдерін анықтайды;

-ас қорыту жүйесінің бөлімдерін атай алады;

- ауыз қуысында орналасқан бұлшық етті мүшені атай алады

-бұлшық етті түтік мүшені атай алады;

- ас қорыту мүшелерін сурет бойынша атай алады;

- ас қорыту мүшелерін жекелей қызметтерін атай алады.


2-топ «Позиция таңдау» стратегиясы

Тұжырым оқылып, оқушылар «иә», «жоқ» және

«мүмкін» деп жазылған плакаттарда өздерінің қандай көзқарасты таңдағанын көрсетеді. Олар өз ұстанымдарын дәлелдеп беруі керек.

Ұсынылатын тұжырымдар:

  • Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшесі.

  • Біз сүтқоректілер класына жататын болғандықтан қарнымыз 4 бөлімді.

  • Бауыр аралас безге жатады.

  • Өңеш – ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшық етті мүше.

  • Ашішек қарын мен тоқішекті жалғастырады.

  • Тоқішекте бүрлер өте көп.

  • Бактериялар тоқішекте өмір сүреді.

  • Асқорыту мүшесінің бірі көмекей.


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Мәтінді толық меңгеріп, асқорыту жүйесіне кіретін мүшелердің құрылысын анықтайды, қызметін сипаттап береді.

Мәтіндегі негізгі ойға сұрақтар құрастырады, сұрақтардың мәнін ашады.

әтіндегі негізгі ойға өз ұстанымдарын дәлелдей алады.



2-тапсырма «Жұптық жұмыс»

«Өз орнын тап» әдісі Берілген кестені пайдаланып, ас қорыту бездері туралы бөлімдерін анықтап,талдап сәйкестендіріңіздер


Бауыр

ауызда көптеген ұсақ, біржасушалы сілекей бездері болады. Адамда тәулігіне 1,5–2 л сілекей бөлінеді.

Асқазан мен ішектің біржасушалы бездері

аралас секреция бездері. Ол қанға инсулин (қандағы қанттың төмендеуі, глюкозаның гликогенге айналуы) және глюкагон (кері реакция, қандағы глюкоза деңгейінің артуы) гормондарын бөліп шығарады.

Сілекей безі

ағзадағы ең ірі без. Ол өт бөліп шығарады.

Ұйқыбез

асқазан және ішек сөлін бөліп шығарады.













29 Қазан 2020
3969
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі