Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ. "Ағайынды Жұбановтар - ел мақтанышы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қалалық жас туристер стансасы» МҚКҚ
Ашық сабақ тақырыбы:
«Ағайынды Жұбановтар – ел мақтанышы»
Өткізген:
«Әдеби өлкетану» үйірме жетекшісі
Даулеталина Айкерім Қонақбайқызы
Ақтөбе – 2022 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Ағайынды Жұбановтар – ел мақтанышы»
Мақсаты:
Білімділік: Ағайынды Жұбановтар өмірі мен шығармашылығымен танысу;
Дамытушылық: Шығармашылық белсенділік арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық өнерді, еліміздің мақтаныштарының үлгі - өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс
Сабақ көрнекілігі: слайд материалдары, портреттер,бейнежазба
І. Ұйымдастыру бөлімі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгелдеу
«Үй жұмысына арналған ұяшықтар» әдісі
(карточкада көрсетілген салт-дәстүрді атау)
Оқушыларды топқа бөлу (Оқушылардың алдына үш түрлі нота таратылады. Бірыңғай ноталар түскен оқушылар бір топ болып бөлініп отырады.)
Топтардың аты:
1.«ҒАЛЫМДАР»
2. «ДИРИЖЕРЛАР»
3. «МУЗЫКАНТТАР»
ІІ. Сабақ барысы:
Миға шабуыл
Экранда көрсетілген Ақтөбе қаласына қатысты суреттерге сипаттама бер. (Слайдта көрсетіледі)
Мұғалім сөзі:
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – тіл білімі саласындағы тұңғыш қазақ профессоры, түркітанушы, полиглот, лингвист, ғалым, ал інісі Ахмет Жұбанов қазақ халқының көрнекті музыка зерттеушісі, қазақ арасынан шыққан тұңғыш профессионалды композитор, алғашқы аспаптардың тұғырын біріктіріп Құрманғазы оркестрінің негізін қалаушысы, профессор, қазақ халқының халық әртісі, КСР ғылым академиясының академигі, өнертану ғылымдарының докторы. Жұбанова Ғазиза - композитор, Қазақстанның және ССРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, профессор Ю. А.Шапориннің композиция класын бітірген.
Осындай жерлес тұлғаларымызды өнеге тұта отырып, оларды есте сақтау жастардың қолында.
Қатысып отырған оқушыларға кітаптың суреті бейнеленген стикер беріледі. (Сабақ соңында кітап қоры болып есептелінетін болады.)
№1 тапсырма.
3 топқа Жұбановтар туралы мәлімет беріледі.
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов (19 желтоқсан 1899 жыл, Темір ауданы, Ақтөбе облысы – 25 ақпан 1938 жыл) – тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры (1932), түркітанушы, педагог
лғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. 1918 жылы Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейін төрағасы болады. 1920 жылы Орынбор қаласындағы Құсаиния медресесін бітіреді. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді. 1920 жылы “Ай” атты журнал ұйымдастырып, оның бетінде М.Горькийдің “Сұңқар туралы жыр”, “Дауылпаз туралы жыр”, “Хан мен ұлы”, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. Ақындық, жазушылық өнерімен де танылып, өлең, пьеса, т.б. жазған. Мысалы, “Мақпал – Сегіз” дастанының желісі бойынша Жұбанов Тілепбергеновпен бірігіп жазған пьесасы Ақтөбедегі кеңес-партия мектебінің, педагог техникум оқушыларының қатысуымен сахнаға шығарылып, қала жұртшылығына көрсетіледі. “Ай” деген өлеңі жоғарыда аталған журналдың беташары ретінде жарияланды. Көпшілік көкейіне тез қонатын сықақ, фельетондары сахнада, сауық кештерінде айтылып жүрсе, кейбіреулері “Еңбекші Қазақта” жарияланған. 1925 жылы Жұбановтың режиссерлігімен Ақтөбе қаласында М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасы қойылады.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген. Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан А.Қ.Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті деген жалпылама ұғымды ұлт болмысындағы нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдыру үшін тыным таппастан еңбек етті.
А. К. Жұбанов
— қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған
аға буын Материалды көшіріп жариялау композиторлардың бірі. Ол
халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ
музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар
«Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік
сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар. А.Жұбановтың қазақ музыка
тарихына сіңірген еңбегі ұшан -
теңіз.
Ғазиза
Жұбанова (1927-1993) —
сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР
Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының
негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы.
Әлімұлы тайпасының Шекті руынан
шыққан. Гнесиндер
атындағы Мәскеу музыкалық
училищесін П.И.Чайковский атындағы Мәскеу
мемлекеттік консерваториясын, оның аспирантурасын (1957),
профессор Ю.
А.Шапориннің композиция класын
бітірген. Жұбанованың шығармашылығына әкесі А.Қ.
Жұбанов ықпал етті. Әкесінің аяқталмай қалған
“Құрманғазы” радиооперасын қызы аяқтаған (1970).
Жұбанованың өзі – “Еңлік – Кебек” (1975), “Жиырма сегіз” (1981)
операларының, “Аққұс туралы аңыз” (1966;
Қазақстан Мемлекет сыйлығы, 1970), “Хиросима” (1966),
“Қарагөз” (1990) балеттерінің, “Жігер”, “Ақсақ құлан” симфония
поэмаларының, сондай-ақ ол Қазақ драма театрының
репертуарынан берік орын алған “Жалғыз ағаш орман емес”
(Ә.Тәжібаев, 1958), “Бөлтірік бөрік астында” (Қ.Мұхамеджанов,
1959), “Замана осылай басталады” (З.Шашкин, 1960), “Құдағи келіпті”
(Қ.Мұхамеджанов, 1961), “Абай” (М.Әуезов, 1962), “Ана – Жер-ана”
(Ш.Айтматов, 1964), “Қарақыпшақ Қобыланды” (М.Әуезов, 1967)
қойылымдарына музыка жазған. “Қорқытпа мені дауылдан” романсы, “Ақ
сәуле”, “Толқын жел”, “Сенімді дос – ол да бақыт”, “Көктем вальсі”,
“Жыр жазамын жүрегімнен” әндері кең танымал
болған.
«1 қонақ, қалғаны үйде» әдісі. Әр топтан 1 оқушы шығып басқа топқа барып, түсінгенін жеткізеді.
Дескриптор:
-
Мәтінді түсініп оқу
-
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру
« Фишбоун» әдісі (постерде)
Дескриптор:
Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау.
«Сұрақтар жаңбыры» әдісі
Дескриптор:
-
Әр топтан 1 оқушы шығып, корреспондент ретінде сұрақ қояды.
-
Толық мәлімет айтқан топқа стикер таратылады.
Сергіту сәті. «Ақ көгершін» әні. Авторы: А.Жұбанов
№2 тапсырма.
Жеке оқушымен жұмыс
«Интуиция» әдісі
Экранда Жұбановтар әлемі, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы туралы тест беріледі. Оқушылар өзінің интуициясына сеніп, жауап береді. Жауаптар бейнежазбада көрсетіледі.
№3 тапсырма.
«Кім тапқыр?» ойыны
Музыка аспаптары жасырылады. Әр топтан бір оқушы шығып аспапты бейнелеп, өз тобына түсіндіру қажет.
ІII. Сабақты бекіту.
Ребус шешу «Дирижер»
(Слайдта көрсетіледі)
IV. Үйге тапсырма:
Сөзжұмбақ дайындау
Рефлексия.
Тақырыпқа байланысты өзіне жақын тұлғаны таңдап, стикерге пікір қалдырады.