Ашық сабақ. Ажырайтын және ажырамайтын бөліктер. Қ.Өміралиев атындағы жббм

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Ажырайтын және ажырамайтын бөліктер. Қ.Өміралиев атындағы жббм

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары жақсы жазылған. Сабақ мақсаты оқу мақсатына сай, нақты, қолжетімді. Кері байланыс ұсынылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім

????????????

Сабақтың тақырыбы

Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер.


Мұғалім

Елеуов Нұржігіт Амангелдіұлы

Сынып

10 «Ә»

Күні

16.04..2024ж

Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.6.2.1

Ажырайтын (бұранда) және ажырамайтын біріктірулерді және оны кескіндеуді білу


Сабақтың мақсаты

Ажырайтын (бұранда) және ажырамайтын біріктірулерді және оны кескіндеуді біледі

Құндылықтарды

дарыту


Дұрыс шешімдер қабылдау және қоғам өміріне қатысу үшін шығармашылық және сыни ойлау;

Коммуникативті болу, командада әрекет ету және жұмыс істеу үшін әртүрлі құралдарды шығармашылық түрде пайдалану;

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Күліп қағып қолымды,

1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бір қысайын

Амандасып өзіңмен,

Құшақтасып алайын.

Өткен сабақ пен аңаны байланыстыру

Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді.

Ой шақыру:

Оқушыларды бұрандама және сомынының кескіндемесін немесе басқа да бұрандалы бекіту бұйымдарды қарастыруға шақырыңыз. Бұйымдардың мақсатын талқылап, сабақ мақсатын бірге тұжырымдаңыздар.

- Бұйымдар қалай деп аталады?

- Олар не мақсатта қолданылады?

ЕББҚ оқушыға сұрақ:

- Олар бөлшектерді өзара қалай байланыстырады, мысалдар келтіріңдер?



















Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.

ҚБ






Жарайсыңдар!

Керемет!

Тамаша!


«От шашу»















Сұрақтар

Сабақтың ортасы

30 минут

«Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер» тақырыбында бейнесабақ көрсетемін.

Дереккөздер:

Тетікбөлшектерді біріктірулер ажырайтын және ажырамайтын болады. Жеке тетікбөлшектерге ешбір ақаусыз бөлшектеуге немесе оларды жинауға болатын біріктірулер ажырайтын деп аталады. Оларға мынадай біріктірулер жатады:

- бұрандалы бекіту тетікбөлшектерінің (болттардың, шпилькалардың, винттардың) көмегімен жасалатын біріктірулер;

- бұрандасыз тетікбөлшектердің (штифттардың, шплиттардың, шпонкалардың) көмегімен жасалатын біріктірулер;

- құбырларды фитингтардың көмегімен біріктірулер.

Ажырайтын біріктірулер қозғалатын және қозғалмайтын болады. Қозғалатын біріктірулерде тетікбөлшектер өзара қозғалыста болады. Мысалы, домкрат винттары, білдектердің, пресстердің винттары. Қозғалмайтын біріктірулерге болттардың, фитингтердің және тағы да басқа бекіту бұйымдардың көмегімен біріктірулер жатады. Ажырамайтын біріктірулерде тетікбөлшектер ақаусыз ажыратылмайды. Бұндай біріктірулер пісіру, тойтарып шегелеу, дәнекерлеу, желімдеу, пресстеу арқылы жасалады.

Бұранда деп білікте немесе тетікбөлшектің тесігінде жазық контурдың (бұранда профилінің) цилиндрлік (немесе конустық) бет бойымен бұрама қозғалысының нәтижесінде пайда болған бетті айтады. Профильдің бетке қатысты орны өзгеріссіз болады. Бұранда оңқай және солақай болады. Егер білік тесікке сағат тілінің жүріс бағытымен бұралатын болса, бұранда оңқай болады. Ал егер білік тесікке сағат тілінің жүріс бағытына қарсы бұралатын болса, бұранда солақай болады. Солақай бұрандаға қарағанда оңқай бұранда көп қолданылады.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Бөлшектердің біріктірулері ажырайтын және ажырамайтын болып табылады. Ажырайтын біріктірулерге бөлшектерін және бекітетін элементтерін бұзбай бөлшектеуге болатын біріктірулер жатады.

.

Ажырамайтын біріктірулерді бөлшектерін бұзбай бөлшектеуге болмайды

Практикалық жұмыс №1 Жеке жұмыс

Бұрандамалы біріктірудің  кескіні.

Практикалық жұмыс №2 Жұптық жұмыс

Бейненің құрамын және тетікбөлшектерді біріктіру жолдарын талдаңыз:

1) 1, 2 - біріктірілетін тетікбөлшектер

3) Тетікбөлшек - Бұрандама

4) Тетікбөлшек - сомын

5) Тетікбөлшек - тығырық

Кезеңдері:

A) Жеке тетікбөлшектердің кескіні

Б) Бұрандама тесіктін ішінде

В) Бұрандама тығырықпен және сомынмен тесіктін ішінде

Г) Бұрандамалы біріктірудін аяқталған сызбасы

Бейнесабақ көреді, тақырыпты түсініп алады.











Тақырыпқа қатысты ақпараттармен танысады.






























Мұғалімді мұқият тыңдайды.







Берілген тапсырманы орындайды.

«Домбыра» бағалауы арқылы

өзін өзі бағалайды.


Жұбымен бірігіп, тапсырманы орындайды, пікір бөліседі, ортаға салады.


«Екі жұлдыз, бір тілек» бағалауы арқылы өзара бағалайды.

Дескриптор

Өлшемдері сақталып, сызба дұрыс орындайды

Сызықтың түрлерін сақтайды

Шарттылықтар мен ықшамдауларды сақтайды












Дескриптор

Өлшемдері сақталып, сызба дұрыс орындалды

Сызықтың түрлерін сақтайды

Тіліктегі сызықтауды дұрыс орындайды

Шарттылықтар мен ықшамдауларды сақтайды

«Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер» тақырыбында бейнесабақтың сілтемесі



http://rx-fly.ru/architecture/drawing/36-sborochnye-chertezhi-obschie-svedeniya-o-soedineniyah-detaley.html


Дереккөздің сілтемесі

http://rx-fly.ru/architecture/drawing/41-chertezhi-boltovyh-i-shpilechnyh-soedineniy.html



Құрастырмалы бірлігінің әртүрлі сызбалары, сабаққа презентация, сызу пәні бойынша әдістемелік нұсқаулықтар және оқулықтар.

Сабақтың соңы

7 минут

Қорытындылау

«Конверттегі сұрақтар» әдісі

1. 1, 3 және 5- тетікбөлшек қалай аталады?

2. Үстіңгі көріністегі үлкен шеңбер ненің кескіні болып табылады(Cурет 217, г)?

ЕББҚ оқушыға тапсырма:

3. Үстіңгі көріністе көрсетілген алтыбұрышты тетікбөлшек нөмірін атаңыз (Cурет 217, г)

Кері байланыс

«Рефлексиялық шеңбер»

*Сабақ басында көңіл-күйің қандай болды?

*Тапсырма орындау барысында қиындықтар болды ма? Неліктен?

*Бүгін не білдің? Не жаңалық болды?

*Саған сабақта не ұнады? Неліктен?

*Сабақ соңында көңіл-күйің қандай болды?

*Сен түсінбеген сұрақтар бар ма?

*Өзіңнің топтық жұмысқа қатысуыңды қалай бағалайсың? Неліктен?



Сұрақтарға жауап береді.









Бүгінгі алған білімдері туралы ойларын айтады

ҚБ

Жарайсыңдар!

Керемет!

Тамаша!

Кері байланыс



Тексерілді:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.08.2024
277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі