Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Әлемге мәшһүр жазушы-Дулат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы кісі туралы ақпарат алғысы келгендерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:«Әлемге мәшһүр жазушы-Дулат»

Мақсаты:а) білімділік: Дулат Исабеков  шығармашылығы  мен өмірі жайлы түсінік беру.

ә) дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын дәл, нақты жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, шығарма жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

б) тәрбиелік: оқушылардың ата-ананаң қадірін білуге қастерлеуге,құрметтеуге, үйрету, атасына деген сүйіспеншілігін ояту, сезімдерін қалыптастыружәне халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Портрет, кітап көрмесі

Техникалық құралдар: слайд, интерактивті тақта, бейнетаспа.

Жазушының өз даусымен балалық шаққа саяхаты, Елбасымыз Н.Назарбаевтың үш жазушымен кездесуі видио проектормен оқушыларға таныстыру.

Кітапханашы:Құрметті кітап сүйер қауым бүгінгі жазушы , драматург жерлесіміз Дулат Исабековтың 75 жасқа толуына арналған «Әлемге мәшһүр жазушы-Дулат» атты кешімізге қош келдіңіздер!!!

1-оқушы:Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. Жазушы, драматург. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1966). Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967–1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968–1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971–1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976–1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық редакциялық коллегияның бас редакторы (1980–1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988–1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992–1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып істеген. Қазір «Мәдениет» журналының бас редакторы.
2- оқушы:слайд (Д. Исабековтың шығармашылығы туралы)
Алғашқы әңгімесі «Жолда», «Замандастар» атты жинақта 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер», (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тілінде аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды.
3-оқушы:
«Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Бонапарттың үйленуі», «Мұңлық-Зарлық», «Амал мен айла» т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас» (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), «Дермене» (реж. А.Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж.Ұ.Қолдауова) көркем фильмдері түсірілді. Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының (1985, «Мұрагерлер» пьесасы үшін), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1992), Халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты (2006).

4-оқушы: Қазан айының 1-7 жұлдызында «Қазақ өнерінің фестивалі» деген атпен жазушы, драматург Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т.Жургенов атындағы Қаз ҰӨА –ның профессоры Дулат Исабековтың шығармашылығына негізділген фестиваль өтті. Бір аптаға жоспарланған фестивальдің әрбір күні кездесулермен басқосулардан тұрды. Британ ұлттық кітапханасына «Гауһартас»,«Біз соғысты көрген жоқпыз» атты кітаптары ағылшын тілінде оқырмандарға ұсынылды.

Слайд «Балалық шаққа саяхат»

Оқушылар жазушы Дулат Исабековтың оқыған шығармаларынан үзінді оқиды.

6- оқушы: Мәдениет қызметкері Мыңжасар Дәрменовтың «Жігіт едің бір кездері» өлеңі.

Жазушы, драматург Дулат Исабековқа арнау.

Жігіт едің бір кездері дудар шаш.

Дулат аға құтты болсын 75 жас.

Бірге жасап әуенімен Гаухар тас,

Ғасыр асып қосыңызшы жасқа- жас.

Дарынды ұлы шөпке аунаған қаршадай

Күтіп отыр Монтайтас пен Аршабай

Прозаның қас шебері ағатай

Жүріңізші шабыттанып шаршамай.

Жаратылған семсеріңдей намыстың

Мәңгі жаса дарында ұлы Арыстың

Елдің сөзін сөйлеп жүріп биіктен

Билікпенен тайсалмастан алыстың.

75 деген жеті жасар қазанат,

Ерттеп мінер Дулатсынды азамат.

Елдің мұңы күндіз- түні жүреді,

Ағамыздың ет- жүрегін мазалап.

Үстем болсын мерейіңіз мәңгілік,

Алдыңыздан атсын күнде таң күліп.

Гаухар тасың сезіміңді аялап,

Әуен жүрсін санаңызда жаңғырып.

Жазушы, драматург Дулат Исабековқа арнау.

Драма. Жәркен Бөдешұлы

Сыртың суық соншама,

Жайдай өткір жанарың.

Төбеңе құс қонсада,

Ашылмайды қабағың.

Салмағың сап еңсеңе,

Қилы заман , зар ғасыр.

Ерімей ,жаз келседе де,

Самайыңда қар жатыр.

Мынау жалпақ ғаламда-

Талай жұмбақ , талай сыр.

Жалтақ ,қорқақ наданға

Суық көзбен қарайсын.

Шындықты айтқан адамды

Шың батырға балайсың.

Қисық, қыңыр заманды

Тезге салдың, жарайсың.

Қазақ деген қайран жұрт,

Сағым қуған, сар тісті.

Сахнаны майдан ғып,

Сансырамай тартысты.

Слайд: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың үш жазушымен кездесуі.

Көрме, библиографиялық шолу.

7-оқушы:ХХ ғасырдың 60 - жылдарынан қазақ прозасының дамуына өз үлесін қосқан   қаламгерлер   қатарында  ерекше  орыны  бар  жазушының бірі – Дулат Исабеков. Егер, 60 – 80-жылдар прозасының хал-ахуалы туралы пікір айтар болсақ, ол іштей қайшылықтарға толы. Осы кезде әдебиет аулына келген, өндірте жазған, өз туындыларымен қоғамға серпіліс әкелген сол кездегі жазушылардың бірі де

Дулат Исабеков. 

Бүгінге дейін Д.Исабеков шығармаларының тақырыбы, стилі, образдар құрылымы, композициясы туралы бағалы пікірлер көптеп айтылды, зерттеулер де  жасалды. Мәселен, жазушы шығармаларының жанырлық ерекшелігі, сюжеттік-композициялық құрылымы, стилі, ондағы кейіпкерлердің адамгершілік сана табиғаты, көркем уақыт пен кеңістік проблемалары, авторлық позиция және тағы басқа да мәселелер М.Хамзин , Т.Есембеков , М.Қанафина ,  С.Таханов және т.б. еңбектерінде жан-жақты талданды.

8- оқушы: Д.Неталиева «Д.Исабеков повестеріндегі ұлттық мінез сипаты» атты зерттеу еңбегінде  Д.Исабеков повестеріндегі ұлттық мінезді әдеби дәстүр мен жалғастық аясында анықтап, талдаған. Қ.Хамзинаның «Қазақ повестеріндегі көркем уақыт және кеңістік» атты диссертациялық еңбегінде уақыт пен кеңістікті кескіндеу барысында 60 – 80 - жылдардағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерімен бірге Д.Исабековтің де   бірталай шығармаларындағы адам концепциясына көңіл бөлінген. М.Қанафина «Проблемы творческой индивидуальности Д.Исабекова» деген еңбегінде жеке тұлға мен жағдай арасындағы тартыс, жеке тұлға мен қоғам арасындағы тартыс жайында сөз етіп жазушының «Қарғын» романына осы тұрғыдан және ұлттық характердің берілуі тұрғысынан келіп, жан-жақты саралаған. Ж.Жарылғапов өзінің  «70 – 80-жылдар қазақ прозасындағы адам концепциясы» атты диссертациялық жұмысында жазушының бірқатар шығармаларына экзистенциализм тұрғысынан баға берген.

9- оқушы:Ол-терең интелектуал жазушы.Әрбір шығарма оқырманаға ой тастап, мәгілік сұрақтарға жауап іздеді»,- деді «Художественная литература» баспасының директоры , жазушы Георгий Пряхин.

«Дулат Исабековтың шығармалары қазақққа , орысқа, жалпы әлемге ортақ.Себебі, ол шынайы суреткер»,-деді Николай Анастасьев

«Исабековтың шығармаларын оқып отырғанда таң қалғаным, трагедиялы кейіпкерінің өзі оқырманның өмірге құштарлығын оятады. Мұндай образ жасау тек қана шебер суреткердің ғана қолынан келеді»,деді әдебиетші Ксения Храмцова.

Сөз иесі дарыған адамдарды халық Аллатағаланың айырықша шапағатына бөленген жандар деп ұғады.Оларға үлкен үміт артады, көңіл түпкірінде жатқан ойды жарыққа шығарады деп біледі.Бүгінде ел мүддесі, жер тағдыры, ұлттық құндылықтарға байланысты мәселелерді баспасөз беттерінде де Үкімет алдында да ашық айтып, өткір қозғап жүрген зиялы қауымдардың бірі-Дулат Исабеков.Биылғысәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзара пікір алысып, кездесуге шақырған үш жазушының бірі-Дулат аға болды.Екі жарым сағатқа созылған осы әңгімедене бірқатар көкейкесті мәселелер қозғалды.

Қазақстанның Халық жазушысы Дулат ИсабековҚазақстан Мемлекеттік және платиналы «Тарлан»сыйлықтарының лауреаты атанды.

Д. Исабековтың айтқан нақыл сөздері:

Қазірге қазақтың алдында ең өзекті деген екі мәселе тұр. Ол –тіл мен жер.

***

Біз көзімізді ашқаннан жыр-қиссаларды тыңдап өстік.Мектепте оқып жүргенімде, 71 өлең,жыр жаттап өскен екенмін.Жыр дастардарды, кітапты оқып өскен бала жауыздыққа жоламайды.

***

Тіліміз, рухымыз, қайсарлығымыз сақталса, қазақтың намысы биік болса, халық аштыққа да, суыққа да, жалаңаштыққа да төзе біледі.

***

Жазушыға қажет қасиеттер-азаматтық, ұлтжандылық, әділдікке араша түсу.

***

Мен кейде қазақтың өткен проблемасынан гөрі өтетін проблемасы көппе деп қорқамын.Өйткені, қазіргі геосаяси жағдайды жақсы білеміз, ұлттық санын жақсы білеміз.Әскеріміз мынау, территориямыз кең,байлығымыз көп.Оның бәрі мақтаныш, бірақ, сол мақтанышқа көз алартып отырған адамдар көп.Мәселеміз көп болама деп қорқып отырғаным сол.

***

Кешегі Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бөкейхановтың, Міржақып Дулатовтың,Мағжан Жұмабаевтың «Оян ,қазақ»деп тастаған ұрандары,айтқан сөздері ойымызда,асыл сөз ретінде жаттаймыз.Білеміз де, олардық өсиетін орындамаймыз. Соңғы жылдары пендешілікке, ұсақтыққа ұрынып бара жатқанымыз қабырғамызды қайыстырады.

***

Көрініп тұрған әділетсіздікке айқай салмау, араша түспеу- бұл әділетсіздікті қолдау деген сөз.

***

Біздіңәрі ерекшелігіміз, әрі қиындығымыз-ұлтымыздың азиялық ұғым, шығыстық түсінік басым.Сол шығыстық ұғымды ала отырып, әлемдік тенденцияны ұмытпау. Жалпы Б. Брехтың сөзімен айтқанда *Әрбірұлттың шығармасы алдымен ұлтжанды болуы керек.

Кітапханашы:

Қорыта келгенде Дулат Исабековтің әлемі сахнадағы айырықша қолтаңбасымен көрерменнің есінде мәңгі қалады деп ойламын. Оның шығармашылығы өз оқырманың, көрерменнің рухани тұрғыда нәрлендіре алатындығымен де өміршең дер едім.

Дулат Исабеков есімі қазақ тарихында , қазақ әдебиетінде мәңгі қалатынына ешкім күмән келтірмесі анық.Талай кейіпкерге жан бітірген жазушы қалың оқырманға мыңдаған шығармаларымен повестерін тарту етті.Алаш жұртына ардақты жазушы өмір жолында кездескен қиындықтарды жеңіп өтіп келер ұрпаққа ағалық ақыл кеңесін айтудан жалыққан емес.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2944
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі