Материалдар / Ашық сабақ: Ақтамберді жырау "Балаларыма өсиет" толғауы 8- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Ақтамберді жырау "Балаларыма өсиет" толғауы 8- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға,студенттерге,оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
2058
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 17


Бөлім:Дананың сөзі - ақылдың көзі Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет» толғауы

Оқу мақсаты

8.А/И2.Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау


Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.

Бағалау критерийі

Автор бейнесін анықтау арқылы тілдік қолданысын талдайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар қолдана алады:

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісі жайында ойларын айтады;

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдап жаза алады;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында шығармашылықпен жеткізеді.

Пәндік лексика мен терминология: өсиет, кепиет, бірлік, татулық, береке, тілек, разылық, араз болсаң алты ауыз.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын...

Жырау көзқарасы мына жолдардан анық байқалады:

Құндылықтарды дарыту


Отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс

Ақтамберді жырау толғауларындағы автор бейнесін ашуда әдебиет теориясымен, тарихпен байланыс болады.

Бастапқы білім


Алдыңғы сабақта оқушылар Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы үзінділерін өз көзқарастарын дәлелді жеткізуде тиімді қолданып, тапсырмаларды шығармашылықпен орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

1.Миға шабуыл

«Сезім мүшелері» әдісі

Оқушылар алдымен «Сезім мүшелері» әдісі бойынша шеңберге тұрады. Барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Мұғалім хош иісті балауыз шамын жағады. Сынып бөлмесіндегі балауыз шамнан шыққан хош иіс пен жылы лептің оларға қалай әсер еткенін, бүгінгі сабақтан не күтетінін сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады, бір-біріне жылулық пен жақсы көңіл- күй тілейді. Барлығы бүгінгі сабақ барысында бір сөзбен әрқайсысына сәттілік тілеп орындарына отырады. Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Автор бейнесін анықтау арқылы тілдік қолданысын талдайды.


  • Автор бейнесін анықтайды;

  • Автордың тілдік қолданысын талдайды.


Балауыз шамы,интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

28 минут

2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма «Теннистік сұрақ» әдісі

Сынып оқушылары алдымен Ақтамберді жыраудың «Балаларыма өсиет» аудиожазылымын тыңдайды. Аудиожазылымды тыңдап болғаннан кейін алдын ала таратылған өлең нұсқасынан бір қысқа және бір көлемді үзіндіні таңдап алады. Екі қатарға қарама-қарсы қарап отырады. Бірінші «Өлеңдегі басты тұлға кім?, Автор ойын бірінші жақтан жеткізудің ерекшелігі неде?, Автор өзінің идеясын нақты жеткізуде тілдік құрылымды қалай қолданған?, Автор нені толғана жырлады?», сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе қарама-қарсы отырған оқушыға қояды. Осы ретпен бір-біріне сұрақ қою арқылы автордың өлең идеясын жеткізуде тілдік құрылымды қалай қолданғанын анықтап, зерттейді. Бір оқушы ізденіс сұрақтарын үш оқушымен алмастырып, ой бөлісуі керек. Сұрақтардың жауабын екі жақтағы оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады. Барлық оқушылар бір-бірімен ой алмасып, сұрақтарды талдап болғаннан кейін барлығының жұмыстарын біріктіріп, бір зерттеу жұмысын жазып шығарады. Жұмысты мұғалімге тапсырады.

Мұғалім деңгейі жоғары оқушыға жұмысқа сараптама жасап, қорытындысын шығаруды ұсынады. Деңгейі орта оқушыға автор көзқарасын өз сөзімен үшінші жақтан сипаттап жеткізеді.

3. Мағынаны тану

Көзқарас-Атау-Тақырып

  • К – Көзқарас

Автордың көзқарасын анықтау маңызды. Ақындар бір тақырыпқа байланысты қарама-қарсы көзқараста шығарма жазуы мүмкін. Сөздердің мағынасына назар аудар, яғни, толғауда қолданылған сөздерден автордың көзқарасын анықта.

  • А-Атау

Толғауға талдау жасап болғаннан кейін, атауына қайта назар аудар. Толғаудың аты туралы не ойлайсыз?

  • Т-Тақырып

Толғаудың тақырыбы? Көтерілген мәселе туралы автордың ойы? Автордың көзқарасы қандай? Неліктен? Шығарманы оқырманның түсінуіне көркемдегіш құралдар қалай әсер етеді?

3-тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Оқушылар топпен «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы шығармадан дәлелді үзінді келтіре отырып, сөйлемдерді жалғастырып, тұжырымды ойларын айтады.

Ақын өзегін өртеген ....

Ақын арманы ...

4. Бекіту

4-тапсырма «Теңдеу» әдісі

Бұл тапсырманы орындау кезінде «Теңдеу» әдісі қолданылады. Сынып оқушыларының барлығына толғау үзіндісі жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар толғау үзінділерінен жыраудың көңіл- күй сезімін ерекше ашатын жолдарды тауып айтады. Ойларын «Мысалы...» деген сөзбен байланыстырып отырады. Бірінші жұп толғау үзіндісінің 1шумағын оқиды да, «мысалы автор...» деген сөзбен аяқтайды, ары қарай екінші оқушы оның сөзін өз сөзімен толықтырады. Екінші жұп осы ретпен тапсырманы ары қарай орындауды жалғастырады. Барлығы өз көқарастарын білдіріп, талдап болғаннан кейін ең соңғы оқушы «Сонымен автор көңіл күйі арқылы ... жеткізеді» деген сөзбен ойды аяқтайды. Тапсырма соңында оқушылар автор атынан кейіпкерге жеке эмпатиялық хат жазады.

5.Салыстыру

5- тапсырма

«Бірге ойлаймыз» әдіс-тәсілі

Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әрқайсысы шығармадан тарихпен байланысты үзінді таңдап алып оны жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи жағдайлармен салыстырады. Шығарма үзіндісін дәлелді қолданып, өз көзқарастарын сенімді жеткізіп айтады.

6.Бағалау

Оқушылар автор бейнесі мен автордың тілдік қолданысын талдап,өзіне айрықша әсер еткен тұстары бойынша шығармаға баға береді.

Маған қатты әсер етті

себебі ..............................................................................................................................................

Мені таңғалдырды

себебі ..............................................................................................................................................

Топ мүшелері кестені екінші топтың спикеріне тапсырады. Әр топтың спикерлері жеке үстелдерге отырып, сабақ барысындағы тапсырмаларға бағалау критерийі бойынша сараптама жасап, нәтижесін шығарады.

Мұғалім топ спикерлеріне қабілеті қабілеті жоғары оқушыларды бағыттайды.

Асыл арна. Danalik_Dariyasi. Ақтамберді Жырау. Даналық дариясы

https://www.youtube.com/watch?v=HtlHXKFZi7I

https://everything.kz/article/28410019-balalaryma-siet

үзінді жазылған үлестірме қағаздар



Сабақтың соңы

5минут

Кері байланыс: «Борт журналын» толтырыңыз.

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Тақырып бойынша бүгін не білдім?



-мәтіннен;

-сабақтан;

-сыныптасымнан;

-мұғалімнен.


Бағалау парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау


Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы«Көзқарас-Атау-Тақырып», «Аяқталмаған сөйлем»,«Теннистік сұрақ» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Теннистік сұрақ» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Мұғалім үстелдердің топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушылардың еркін қозғалып, бірінің жұмысын екіншісі анық көретіндей етіп қойылуын қадағалауы керек.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!