Оқу сабақтарының жоспары
Абай Құнанбаевтың этнопедагогикалық көзқарастары
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы Этнопедагогика
Дайындаған педагог
Мерзімі: 21.04.2023
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ 3 курс, 2022-23 оқу жылы, 322 топ
2. Мақсаты, міндеттер
-
Білім алушыларды Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы этнопедагогикалық көзқарастарын түсінуге ықпал ету.
-
Өлеңдер, аудармалар мен қара сөздерін талдау барысында өзіндік ой тұжырым жасауға итермелеу.
3.Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін күтілетін нәтижелердің және кәсіби біліктердің тізбесі.
-
Талдау барысында шығарма мазмұны бойынша адам мінез-құлқының жақсы және жаман қасиеттерді ажыратады, топта жұмыс барысында бірі-бірі бағалау арқылы тиімді оқу қалыптасады, Абайдың этнопедагогикалық көзқарастарын айқындай алады.
4. Сабақты жабдықтау АКТ, постер, дидактикалық материал, слайд.
5. Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңі Балдық жүйемен бағалау |
Оқытушының әрекеті |
Студент әрекеті |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ басы Білу 50-54 |
Амандасу. Үй тапсырмасын пысықтау Оқытушы білім алушылардан алдыңғы сабақтың тақырыбын еске түсіруді сұрап, түсінбеген сұрақтары болса жауап беруге әзір екендігін айтады.
Оқытушы балалардың жауаптарын тыңдап, мадақтап, мақтап кері байланыс береді, сонымен қатар тың дерек айтқан баланы ерекше атап өтеді. |
Студенттер өткен сабақтың тақырыбына сәйкес білімдерін берілген тірек сөздер арқылы білдіреді. |
Негізгі әдебиеттер : Силлабус «Этнопедагогика» оқулығы авторлары: С.Қалиев В.Кукушкин |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ ортасы Ереже Түсіну 55-59 60-64 65-69 |
«Кинометафора» әдісі Тақырыпты табу «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалады. бірге орындауды ұсынуға болады. Оқытушы сұрақтар қояды:
Оқытушы осы сұрақтар төңірегінде білімгерлермен пікір алмасады, қорытады.
Сабақтың мақсаты хабарланады:
«Сабақ барысында өз іс-әрекетімізді бағалап отырамыз, -деп бағалау парағын таратып, өлшемшарттарымен таныстырып өтеді. - Сонымен қатар сабақ барысында «БББ» стратегиясын қолданатын боламыз, слайдтағы үлгіге қарап дәптерге кесте сызып алыңыздар. Сабақтың әр кезеңінде бағандарды толтырып отыруды ұмытпаңыздар» деп түсіндіреді.
Жеке жұмыс «БББ» әдісі «Мен білемін» Әр білім алушы Абай Құнанбаев туралы білетін мәліметтерін жазады, оқып топтағы білімгерлермен бөліседі. Оқытушы жауаптарды қорытып талдайды. Ең көп мәлімет айтқан білімгер - 5 бал алады.
Видеоматериал қарау және оқытушының қорытынды түсіндірмесі
«Мен білдім» Видеоматериал бойынша білгенін толықтырып жазады
|
Әнді тыңдайды, атын, авторын табады.
Оқытушыны тыңдайды.
Бағалау парағын алады.
Дәптерге кесте сызады.
Өзі білетін мәліметтерді жазады, бөліседі. Бағалау парағын толтырады.
Видеоны қарайды, «Инсерт» әдісінің көмегімен қажет мәліметті «Мен білдім» бағанына толтырады. |
«Желсіз түнде жарық ай» әнінің аудиожазбасы
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Талдау
70-74 75-79 80-84 |
Топтастыру Абай шығармаларының стилі бойынша топтастыру 1 топ. Қара сөздер 2 топ. Аудармалар 3. топ Өлеңдер Топтық жұмыс Сабағымыздың мақсатында көрсетілгендей Абай шығармаларындағы адам мінез-құлқындағы жақсы жаманды ажыратып көреміз. Топтық жұмысқа талқылауға – 5, қорғауға – 2 минут (3 топ 6 мин) беріледі. 1-топ. «Өлеңдер» Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көрініс тапқан тәрбие құндылықтарын анықтайды. 2 топ. «Аударма» Абайдың И.Крыловтан аударған «Құмырсқа мен шегіртке» шығармасында көтерілген ақын өмір сүрген қоғам шындығы туралы ой-пікірлерін бағалайды. 3 топ «Қарасөздер» 24-інші қара сөзінде адам мінез-құлқының жағымды және жағымсыз жақтарын салыстырады, «Венн диаграммасы Б – бірін-бірін бағалау 1-2, 2-3, 3-1. Топтық жұмысты бағалау парағы таратылады, түсіндіріледі. Уақытты сақтау – 5 балл Топ мүшелерінің толық қатысуы – 10 балл Тапсырманы дұрыс орындауы – 15 балл |
Абай шығармаларынан үлгілер жазылған қағаздарды таратып алады, 3 топқа бірігеді.
Берілген тапсырмаларды топ болып орындайды, талдайды, өз пікірлерін білдіреді.
Білімгерлер топтарды бағалайды. |
Абай Құнанбаевтың қара сөздер жинағы
Ұсынылатын шығармалар: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі, «Құмырсқа мен шегіртке» аудармасы, 24-ші қара сөзі |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Жинақтау 84-89 балл |
«Ассоциация» Педагог Абайдың этнопедагогикалық көзқарастарын жинақтап айтып береді.
|
Керегін түртіп алу |
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы Бағалау 90-94 95-100 |
Бағалау: Оқытушы тақырыпты қорытындылайды, «Білім шырағы»: Оқытушы адам өмір бойы білім алуы қажеттігін, ол арқылы дамитындығын айтып, БББ стратегиясының 3-ші Б –білгім келеді бағанын толтыруды ұсынады. Студенттерге өздерінің бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан Абай туралы тағы қандай мәліметтер алуы қажеттігі туралы ойларын жазуды сұрайды. 2-3 білімгерге оқытады.
Сабақ тақырыбы бойынша 15сұрақтан тұратын тест алынады. Тестке 3 минут беріледі. Тақтадағы дұрыс жауаптарға қарап жұптасып бір-бірінің жауаптарын тексереді, өзара бағалайды.
Үйге тапсырма
|
БББ 3-баған, білгім келеді толтырады.
Өзі таңдаған шығармадан 2 жағымды, 1 жағымсыз мінез-құлық сапасын табады, өзіндік пікір білдіреді. |
|
||||||||||||||||||||||||||||
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Омарова Алмагул НурахметовнаШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз Ашық сабақ. А.Құнанбаевтың этнопедагогикалық көзқарастары, Мұғалімдерге арналған
Тақырып бойынша 11 материал табылды
Ашық сабақ. А.Құнанбаевтың этнопедагогикалық көзқарастары, Мұғалімдерге арналғанМатериал туралы қысқаша түсінік
Сабаұ жоспары 130 бұйрыққа сәйкес әзірленген. Жоғары сынып және колледж білімгерлеріне сабақ беруші педагогтерге көмекке келеді. Сабақта "Кинометофора", "БББ" стратегиясы" "Қаламсап" стратегиясы" тсс оқытудың белсенді әдістері қолданылған
Материалдың қысқаша нұсқасы
Оқу сабақтарының жоспары Абай Құнанбаевтың этнопедагогикалық көзқарастары (сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы Этнопедагогика Дайындаған педагог Мерзімі: 21.04.2023
1.Жалпы мәліметтер Курс, оқу жылы, топ 3 курс, 2022-23 оқу жылы, 322 топ
2. Мақсаты, міндеттер
3.Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін күтілетін нәтижелердің және кәсіби біліктердің тізбесі.
4. Сабақты жабдықтау АКТ, постер, дидактикалық материал, слайд. 5. Сабақтың барысы
|













