Сабақтың тақырыбы: §42.Ас қорыту жүйесі:ас қорыту жолы,ауыз қуысы,жұтқыншақ,өнеш,асқазан,ішек;ас қорыту бездері(сілекей бездері,асқазан бездері,ұйқыбез,бауыр,ішек бездері)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ас қорыту мүшелері және бездері
туралы таныстырып білімдерін жетілдіру, білімдерін шыңдау, ұғындыру. Ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін көрсету, құрылысын түсіндіру, асқорыту бездері мен ферменттердің рөлін ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың мүшелер жүйесі туралы танымын дамыту. Оқушылардың танымдық белсенділігін, пәнге қызығушылықтарын
ойлау қабілетін арттыру. Тақырып бойынша сызба, схемаларды пайдалана отырып оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелілік: Қосымша материалдармен жұмыс істеуге және ағзаға пайдалы тағамдарды пайдалану арқылы салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау, тест,топпен жұмыс
Көрнекілік: Интерактивті тақта,слайд, видеоролик.
Пәнаралық байланыс:Гигиена,бейнелеу, өзін-өзі тану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.(3 мин)
- Сәлеметсіздерме, оқушылар. Бүгін сыныпта кезекші кім? Сабақта жоқ оқушыларды айта қойыңыз. Отырыңыздар! (оқушылар мұғаліммен амандасады.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(18мин.)
1.Ауызша сабақ сұрау
2.Сұрактар арқылы үй тапсырмасын сұрау.
-Қоректену дегеніміз не?
-Тағамның құрамында қандай органикалық заттар болады?
-Нәруыз дегеніміз не қандай тағамның құрамында кездеседі?
-Витаминдердің маңызы кандай?
-Тағамдық заттардың қызметі?
-Адам организмінде тамақтың рөлі қандай?
III. Жаңа сабақ түсіндіру.(12 мин) видео-ролик
Ас қорыту
мүшелері
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері
қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі
механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы
нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен
лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып
ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген
сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге
жатады.
Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ,
өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің
қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы қабат – дәнекер
ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы – бұлшықет қабаты, ішкі қабаты
– эпителий ұлпасынан
түзілген.
Ауыз қуысы. Астың өңделуі ауыз қуысынан
басталады. Ол екі бөлімнен құралады. Олар: ауыз кіреберісі және
нағыз ауыз қуысы деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді
ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың
сәл ашылуы ауыз саңылауы болып есептеледі. Ауыз кіреберісі сырт
жағынан – еріндер және ұртпен, ішкі жағынан тістер және қызылиекпен
шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықеттер қаптайды және ұрт
еріндермен ұласады.
Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай
сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ таңдай ауыз
қуысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп
тұрады.
Ауыз қуысына 3 жұп сілекей бездерінің
өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады
әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі
физиологиялық
үдеріс.
Нағыз ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол
көлденеңжолақта бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет
талшықтарының кейбір тобы – ұзына бойы, екінші тобы – көлденең,
үшіншісі – тік бағытта жатады. Осыған байланысты тіл – өте
қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және ұшы
болады.
Жұтқыншақ – түтік пішінді қуыс, бұлшықетті
мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын
омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның
ұзындығы, шамамен 11-13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі
өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтқыншақтың ауыз қуысына
жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамша бездер (миндалина)
орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет
атқарады.
Өңеш – ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс
бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі
қарынмен жалғасады. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ
қуысындағы қарынмен
жалғасады.
Қарын – құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол
жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген
мүшесі. Қарын – іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан
өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен
жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі
(шырышты) қабықшасы оның көлемін
үлкейтеді.
Аш ішек – қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын
түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6
метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25-30 сантиметрдей бөлімі –
ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін
өт қабының өзегі және ұйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек
ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина
пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің сілемейлі
қабықшасында тұйық өскін тұүріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер
тек аш ішекке ғана
тән.
Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш
ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері –
бүйен деп аталады. Ол оң жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің
төменгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді тұйық өскен
соқырішек (аппендикс) болады. Оны аппендикс (латынша «appendix» -
қосалқы деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан
болатын ауру – соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің
соңғы бөлімі – тік ішек.
Асқорыту
бездері (видео-ролик) — асқорытуға
қажет ферментгерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту
бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды
экзокриноциттер деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына
байланысты асқорыту бездері екі топқа бөлінеді: асқорыту ағзалары
қабырғаларында орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер)
және асқорыту мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі
(экстрамуральды) бездер. Қабырғалық
интрамуральды ас
қорыту бездері
— құрылысы түтікше келген асқорыту
ағзаларының кілегейліасты негізінде немесе
кілегейліқабық тың өзіндік тақташасында
(пластинкасында) орналасады. Олардың жіңішке келген шығару өзектері
асқорыту ағзалары қуысына ашылады. Интрамуральды
бездерге ерін, тіл, тандай, ұрт, сілекей
бездері, қарын (асқазан), дуаденальды (он екі
елі ішектік) жөне жалпы ішектік
бездержатады. Ал экстрамуральды ірі
асқорыту бездеріне шықшыт (құлақ түбі), төменгі жақ, тіласты
сілекей бездері, ұйқы безі және бауыр жатады.
Экстрамуральды сілекеи бездерінші ірі өзектері ауыз қуысына, ұйқы
безі мен бауыр өзектері он екі елі ішек (күйіс қайтаратын
жануарлардың ұлтабар ұшы) қуысына ашылады. Асқорыту бездерінің
сөліндегі ферменттер астың (жынның) құрамындағы күрделі органикалық
заттарды (протеиндер, липидтер, көмірсулар), олардың қарапайым
мономерлеріне ьдыратады. Қорытылған заттардың мономерлері — амин
қышқылдары мен глюкоза ішек
қабырғасындағы қан қылтамырларына
(капиллярларларына), ал глицерин мен май қышқылдары — лимфа
капиллярларына сорылып
сіңіріледі.[3]
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр жәнө ұйқыбез жатады. Аскорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл - өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл - сілекей және т. б.
Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиологияғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабыгындағы өзгерістерді зерттеудеэндоскопия әдісі қолданылады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.
Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.
Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері
ІV. Бекіту. (7 мин.)
1-тапсырма.
1.Сызықтық диктант
1. Тоқ ішек қарыннан (асқазаннан) кейін орналасқан
2. Аш ішектің ұзындығы 5 - 6 м
3. Асқазанның сыйымдылығы – 3л
4. Ішектер 2-ге бөлінеді: Аш ішек және тоқ ішек
5. Бауырдың негізгі қызметі өт бөліп шығару
6. Ең ірі без - бауыр
7. Ауыз қуысында сілекей бездері болмайды
8. Қарында ас 3 - 10 сағат аралығында қорытылады
Жауабы: 1 -, 2+, 3+, 4+, 5+, 6+, 7 -, 8+.
2.Биологиялық диктант
1.Тамақтың шайналып ұсақталуы ....... деп аталады.
2.Тіл...........бұлшықет ұлпасынан тұрады.
3.....түтік пішінді қуыс,бұлшықетті мүше.
4.Тоқішектің басталған жері-.....
5.Адамда асқорыту жолының ұзындығы....
6....іші қуыс қалың бұлшықетті мүше.
7.Адам организміндегі ең үлкен без....
3.Сәйкестендіріңіз
А.Өнеш 1.түссіз,иісі жоқ сұйықтық
В.Жұтқыншақ 2.қалың бұлшықетті мүше
С.Асқазан сөлі 3.түтік пішінді қуыс
Д.Асқазан 4.25см.бұлшықетті мүше
Е.Ауыз қуысы 5.астың өңделуі басталады
2-тапсырма.Бекіту сұрақтары
-Ас қорытудың маңызы қандай
-Ас қорыту мүшелерін ретімен атаңыз
-Ас қорыту бездеріне нелер жатады
-Бауыр қандай без
-Ас қорыту мүшелерінің қабырғасы неше қабатты
V. Үйге тапсырма: (2мин) §42.Ас қорыту жүйесі:ас қорыту жолы,ауыз қуысы,жұтқыншақ,өнеш,асқазан,ішек;ас қорыту бездері(сілекей бездері,асқазан бездері,ұйқыбез,бауыр,ішек бездері)
VI.Бағалау: (3мин) Сабаққа қатысуларына қарай оқушыларды бағалап,журналға күнделіктеріне баға қою.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ ас қорыту мүшелері 8 сынып

шағым қалдыра аласыз