Ашық сабақ "Астана,а саяхат. Тіл дамыту"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Астана,а саяхат. Тіл дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел ордамыз - Астана жайлы мағлұмат беріп, Астананы бірнеше тапсырмалар арқылы аралап шығамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Астанаға саяхат. Тіл дамыту.

Сабақтың жалпы мақсаты

Білімділік: оқушылардың өтілген тілдік материалдарды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу. 

Дамытушылық: тіл дамыту, ойлай, сөйлей білу, сөздік қорын молайту 

Тәрбиелік: Мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру. 

Әдіс-тәсілдер

«Ашық-жабық» сұрақтар, «Миға шабуыл», «Кезектескен интервью» , «Ыстық орындық» әдісі, топтық жұмыс, жеке жұмыс

Күтілетін нәтижесі

Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады.

Бір-біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.



Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер

1

2 мин

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Жылы жүрек- ізгілік тілегі»


2

2 мин

Топқа бөлу

Үш бидің өлең жолдарын құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.

1. Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім. (Төле би)

2. Туып өскен елің қымбат.

Кіндік кескен жерің қымбат. (Қазыбек би)

3.Туысқан соң сөз қуыспау керек,

Сөз қуған пәлеге жолығады. (Әйтеке би)

Үш бидің өлеңін оқып, орыс тіліне аударып, мағынасын ашу.

Қима қағаздар


3

1 мин

Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Сабақты бекіту

Ұпай

Баға



















4

5 мин

Үй тапсырмасын сұрау

Астана жайында өлеңді жатқа айту

Өткенді пысықтау

Астана туралы карта бойынша түсінік беру.

Әр топ бір – бірін бағалайды.

Жеке жұмыс

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

өздері жазып келген қысқаша баяндайды.

Бір-бірінің үй тапсырмасын қалай орындағанын тексереді.

Қағаз парақшалары

5

3 мин

Қызығушылықты ояту

  1. ... жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.

2. Отан – оттан да ... .

3. Ел іші - ... бесік.

4. Туған жердей жер … ,

Туған елдей ел … .

5. Ер елінде, гүл … .

6. Отансыз адам - ... бұлбұл.



Оқушылар өз ойларын айтады.



Отан, туған жер жайында мақал мәтелдің керекті сөздерін қояды.





Слайд









6

10 мин

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс



- Астанаға саяхат жасау;

- Оқушының мәнерлеп оқуы;

- Сөздік жұмысын жүргізу



Слайд

Аудиотаспа

7

5 мин

Астанаға саяхат жасау.

5 аялдама бойынша

1. «Темір жол» аялдамасы

Сөздік жұмысы

  • ғимарат - здание

  • саябақ - парк

  • мұражай - музей

  • алтын шар - золотой шар

  • нышан – символ


2. «Бәйтерек» аялдамасы

Бәйтерек жайында оқушылардың ақпараты

  1. «Пирамида» аялдамасы

Мәтінді түсініп оқу.
“Ыстық орындық” әдісі

Қазіргі Ақмола облысының аумағы – талай оқиғаларды бастан өткерген өлке.

1994 жылы шілде айында ел астанасын Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылданды.

1997 жылдың 10 желтоқсанында Елбасы бастаған алғашқы көш Алматыдан Ақмолаға аттанды.

1998 жылы 6 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы деп аталсын” деген тарихи Жарлыққа қол қойды.

4. «Ақ Орда» аялдамасы

Сұрақ - жауап

  • Астана қай жерде орналасқан?

  • Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш қойылған?

  • Астана қаласында нешеден астам ұлт өкілдері тұрады?

  • Астана қай қала?

5. «Думан» аялдамасы

Сөздерді дұрыс орналастыру.

  • Болатын, бұрын, қала, Астана, кішкентай.

  • Қазір, қалаға, айналды, үлкен, әсем.

  • Бұрынғы, Ақмола, - , аты.

  • Жоспарлап, мен, жазда, баруды, жолдастарыма, отырмын, Астанадағы.

6. «Хан шатыр» аялдамасы

Тест

1. Астананың алғашқы атауы:

а) Ақтау

ә) Ақтөбе

б) Ақмола

2. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

а) Ертіс

ә) Есіл

б) Еділ

3. «Астана – столица Казахстана» Сөйлемді аудар.

а) Астана - Қазақстан қаласы.

ә) Астана - ең сұлу қала.

б) Астана - Қазақстанның астанасы.

4. Астананың туған күні:

а) 6 шілде

ә) 4 маусым

б) 30 тамыз

5. Бәйтеректің биіктігі неше метр?

а) 91 метр

ә) 97 метр

б) 99 метр

Әр топ басшылары келіп сұрақтарды таңдайды. Берілген 3 сұрақ бойынша 3 топ әр түсті маркерлермен плакатқа жауап жазады. Кейін әр топтан бір оқушы шығып қорғайды

Әр топ бір – бірін бағалайды

Плакат

Түсті маркерлер

8

2 мин

Сергіту сәті

Астанаға саяхат

бейнеролик

9

5 мин

Ой толғаныс

Топтық жұмыс «Астана» тақырыбы

Шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Постер



10

5 мин

Сабақты бекіту

Рефлексиялық кезеңі

  • Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды. Саяхат сендерге ұнады ма?

  • Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де, келіп жеттік.

Оқушыларға бағалау қағазы мен стикерлер таратылады.

Слайд



11

2 мин

Бағалау

Топ басшылары өздері баға қорытындысын шығарады.

Әр топ лидерлері өздерінің топ мүшелерін бағалайды. Қорытынды бағаны айтады.

Бағалау критерийлері жазылған парақшалар

12

2 мин

Рефлексия

Астана туралы не білдік?

Соны стикерге жазамыз.

Оқушылар Астанаға деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады.

Плакат

стикер

13

1 мин

Үйге тапсырма



Мәтінді оқу.

88 – 1 (сөйлемді дұрыс құрастыру)

оқулық











































Мұғалімнің аты- жөні

Пәні

Ана тілі

Тақырыбы

А.Байтұрсынов

Аққу, шортан һәм шаян

Сыныбы


4

Күні

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, Ана тілі оқулығы 4-сынып, әдістемелік құрал, сабақ жоспары,


Жалпы мақсаттар

Өлеңдегі негізі ойды оқушының өзіне таптырып, ойларын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық секілді жақсы әдеттерді үйреніп, осы мысал мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

Жаңа ақпарат алады. Топпен жұмыстанады. Шығармашылықпен жұмыс жасап, жеке қабілеттері ашылады.

Негізгі идеялар

Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру.

Тапсырма

Үй тапсырмасын сұрау, диалогтік әдіс, ой қозғау, мағынаны тану кезеңдері, дәптермен жұмыс, тренинг, жазу стратегиясы, рефлексия, бағалау.

Дереккөздер

1, 2, 3, 4, 5, модульдер


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары


Уақыты


2 минут





5 минут










3 минут












5 минут









5 минут





























3 минут




2 минут


7 минут






5 минут











3 минут














1 минут



1 минут




3 минут


Мұғалімнің іс- әрекеті


Сыныппен сәлемдесу


Тренинг өткізіп, сыныпты сурет қималары арқылы топқа бөлу.


Үй тапсырмасы

Қауын мен қарбыз әңгімесі

Диалогтік әдіс

-Ертегі қалай басталады?

-«Дән –қауынның жүрегі» дегенді қалай түсінесің?

-Қарбыздың жағдайын оқығанда қандай сезімде болдың?

-Бұл ертегіден нені түсіндің?


«Ой қозғау» әдісі

1.І топ: А. Байтұрсынұлының өмірі.

ІІ топ: А. Байтұрсынұлының мысалдары.

ІІІ топ: А. Байтұрсынұлының өлеңдері.









2. Аққу, шортан һәм шаян мысалын үнтаспадан тыңдату.

«Ассоциация» құру.

Shape1 Shape2


Мағынаны тану» кезеңі

«Өзіммен - өзім»

«Түртіп алу»






«Әңгіме кестесі»

Мысалдың аты



Авторы


Мысал не жайлы?



Кейіпкерлері


Оқиға орны


Оқиға қалай аяқталды?


Не үйрендің?



«Блумның сұрақ қою кестесі»

  • Балалар, олар қайда өмір сүреді?

  • Олар не істемек болды?

  • Олардың жүктері неге қозғалмады?

  • Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?

  • Негізгі ой деген не?


Дәптермен жұмыс

Мысалдағы негізгі ой ашылатын жолды тауып жазу.


Тренинг «Ритм»


«Жазу» стратегиясы 3 кезеңнен тұрады.

І.Сурет бойынша өлең құрастырады.

ІІ. Берілген өлең бойынша сурет салады.

ІІІ.Салған суретті бастапқы суретпен салыстырады.


Қорытындылау

  • Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақал жазу. Мысалы:

  1. Бірлік болмай, тірлік болмас.

  2. Ынтымақ болмай – іс оңбас.

  3. Ырыс алды – ынтымақ.

  4. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,

Төртеу түгел болса, төбедегі келер.

  1. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.


  • Мысалды сахналау.

«Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.

Аққу айтады: – Достар, келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, - дейді.

Шортан айтады:

Мұны көлге апарайық, - дейді.

Шаян айтады:

Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.

Автор:

Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.»


Рефлексия



Үйге тапсырма




Бағалау (формативті, суммативті)


Оқушының іс – әрекеті

Мұғаліммен сәлемдесу

Топ ережесін құрады




Алдымен топта өз ойларын айтып, талқылап алады. Сосын топтан 2-3 оқушы жауап береді, Басқа оқушылар да өз ойларын айтуға мүмкіндік алады.



Алдын ала әр топқа әртүлі үй тапсырмалары берілген, олар өз сұрақтары төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілер арқылы, яғни сызбалар салып, соған жазып түсіндіру қажет.


І топ Аққу

ІІ топ Шортан

ІІІ топ Шаян


Shape3


Мысалды іштей оқып шығады.

Түсінбеген сөздерін түртіп отырады, кезекпен бір-біріне түсіндіреді.


Постер қорғайды.













Үш топ бір – біріне сұрақ қояды.






Балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.











Әрбір топ жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.








Осылайша балалардың әрқайсысы өз сөзін айтып,мысалды әртүрлі етіп импровизация жасайды.








Сабақ бойынша пікірлерін жазады.


Мысалды жаттау, кейіпкерлер жөнінде мағлұматтар жинау.



Оқушылар қасында отырған жұптарын бағалайды.





6 -апта

4 -күн

2 -сабақ

9-10 жас

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 4

Тақырыбы: М.Мақатаев Сүйемін, өскен Отаным


Сілтеме


Оқу бағдарламасы

«Ана тілі» 4 сынып

Авторы С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова

Слайдтар

Сабақ жоспары

Жалпы мақсаттар


Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінін, ойын ашуға жағдай жасау, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту;

Оқыту нәтижелері


Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істейді, байланыстырып сөйлеу, шығармашылық ойлауы дамиды.

Негізгі идеялар


  1. М. Мақатаев туралы ақпарат.

  2. Білімді бірлесіп алу.

  3. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы байланысының жүзеге асуы.

Тапсырмалар


(сабақтың жүрісі)

Үй тапсырмасы, «Ой шақыру», оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, ресурспен жұмыс, сергіту сәті, постер қорғау, ой толғаныс, рефлексия, үйге тапсырма, бағалау

Дереккөздер және жабдықтар


Оқулық, әдістемелік құрал, Power Point, дәптер, топ ережесі, стикер, постер, маркер


Кейінгі тапсырмалар


Оқушылардың сабағыма берген бағасымен танысу;

Сабақ түсірілген бейнетаспаны қарап, сабағымды талдау; Өзгерістерді бағалау;

Сабақ бойынша жазбалар


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Оқушыларға буынға бөлінген қима қағаздар беремін.

Оқушылар, бүгінгі күнге сәттілік тілеп, «Алтын ережені» еске түсіреміз.

Әрбір оқушы буын арқылы өз жартысын тауып, шыққан сөз бойынша тиісті орнына отырады.

Оқушылар ережені өздері айтады.

- тәртіп сақтау;

- белсенділік таныту;

- ұйымшылдық;

- жауапкершілік;

1.Ұйымдастыру

І.Жүректен жүрекке.

(Сәттілік тілеу)

2. Үй тапсырмасы

Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін жатқа сұрау

Жабық сұрақтар қою

- Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?

- Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады?

- Лирика дегеніміз не?

- Өзіңнің туған жерге деген ықыласың қандай?

Жаңа сабаққа даярлық.

«Менің елім, Отаным» дегенде сенің көңіл күйің қандай? Сен не сезінесің? Қандай Отан, туған жер туралы өлеңдер білесіңдер? Есіңе түсір. ( «Отан туралы» М.Мақатаев, «Туған өлкем» Ө. Тұрманжанов, «Үш бақытым» М.Мақатаев, С. Мәуленов, «Отан» Ж.Смақов, ...)

3. Қызығушылықты ояту

- суреттер көрсету (видео)

Оқушылардан не көргенін, не байқағанын сұрау. Сол арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау. Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясында (өлеңінде) шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады. Сондай өлеңдердің бірі – «Сүйемін, өскен Отаным».

Ой шақыру стратегиясы. (интерактивті тақтада орындату)

Shape4


Оқушылар айтқан сөздерін тақтаға жазып отырады.

4. Мағынаны тану сатысы

Топқа оқу стратегиясы.

-өлеңді мәнерлеп оқу;

-түртіп алу әдісі;

-талдау жасау.

Ресурстармен жұмыс

І топ өлең мазмұны бойынша үлгі ағашқа ақынның нені сүйетінін жазады

ІІ топ ақынның өздері білетін өлеңдерін жазады

Сергіту сәті «Нөсер»

5.Ой толғаныс сатысы

Постер қорғау

Бірінші өз топтарыңа берілген тапсырмамен танысып, ойланып, жұппен ақылдасып, топта талқылайсыздар және постер жасайсыздар.

- Оқушылар топта жұмыс жасау барысында тәтті тарату. Жұмыс жасамай отырған оқушы жұмысқа белсене кіріседі.

І топ Мұқағалиға «Бес жол өлең» құрайды

ІІ топ Отанға «Бес жол өлең» құрайды

Шығармашылық тапсырма

І топ «Авторға хат» жазады

ІІ топ Ақынның өзі білетін өлеңдерін жатқа айтады

Рефлексия.

-Сабақ ұнады ма?

-Қандай тапсырма орындаған ұнады?

-қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді?

Бағалау.

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.

Әр топтан бағалаушы оқушылар бағалау парағын тапсырады.

Формативті бағалау. Әр топ жауап берген соң қолмен шапалақтап отырады.

критериалды, жиынтық бағалау

тапсырмалар

«5»

«4»

«3»

«2»


Жауабын шебер түсіндіріп, сабақтан тыс ақпарат пайдаланып мысал келтірсе.

Жауабын түсіндіріп, мәтіннен мысал келтірсе.

Шала жауап берсе .


Мүлдем жауап бермеу.

Үйге тапсырма: Сүйемін, өскен Отаным өлеңін мәнерлеп оқимыз. Осы тақырыптар бойынша білімдеріміз де тағы да жетілдіреміз. Интернеттен, басқа әдебиеттерден қосымша материалдар іздестіреміз.(дарынды оқушылар үшін)

Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
393
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі