Ашық сабақ "Атмосфера құрамы мен маңызы"7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Атмосфера құрамы мен маңызы"7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жариялаған сабағымның мазмұнына келсем,мен бұл сабақта атмосфераның құрамы және оның маңыздылығы жөнінде ашып көрсеттім.жасаған жұмысымның ішінде« Кубик» ойыны және сөзжұмбақ арқылы литосфера тақырыбын қайталау, сұрақтарға жауап беру.Үй тапсырмасы сұралып, аяқталған соң оқушыларды «Орыны ауысқан» әріптер әдісін қолдана отырып топқа бөлу,атмосфераның құрамы мен құрлысы тралы ғаламтордан алынған бейнеролик көрсетілді.Оқушылардың видеороликтен және көрген, естіген және бұрыннан білетін ақпараттарын ойларына жинақтап, графикалық түрде қағаз бетіне түсіріп постер құрайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:§11.Атмосфераның құрамы мен құрлысы

Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: Жердің ауа қабаты – Атмосфера тралы толық мағлұмат беру. Атмосфераның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі тралы ұғым қалыптастыру. 
Дамытушылығы: Оқушылардың ауа қабықтары туралы дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру. 
Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Тапсырмаларды орындау барысында студенттерді ұжымшылдыққа баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс: химия, тарих.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта , плакат, кеспе қағаздар,стикерлер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті (3 мин): Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушыларды топтастырып отырғызып, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы:(15 мин) « Кубик» ойыны және сөзжұмбақ арқылы литосфера тақырыбын қайталау, сұрақтарға жауап беру.

Тапсырма-1

  1. Литосфера дегеніміз не?

  2. Платформа дегеніміз не?

  3. Карта дегеніміз не?

  4. Ядроның неше қабаты бар және ол қандай заттардан тұрады?

  5. География дегеніміз не?

  6. Литосфераның тақталардың қалыңдығы неше км? Жылына неше см жылдамдықпен қо зғалады?

  7. Жердің ішкі құрылысы нешеге бөлінеді? Қандай?

  8. Жердің қабықтарын атаңыз?

Тапсырма-2

1.Азия мен Европаны бөліп тұрған тау (Орал) 
2.Магмалық тау жынысы (гранит) 
3.Тигір,Эфрат өзендерінің арасындағы жазық (Месопатия) 
4.Дүние жүзіндегі ең биәк тау шыңы (Джомолунгма) 
5.Кавказдағы сөнген жанартау (Эльбрус) 
6.Башқұртстанның астанасы (Уфа) 
7.Ыстық су шапшып тұратын бұлақ (Гейзер) 
8.Солтүстік Американың батысындағы тау (Кордильер) 
9.Жер шарындағы ең биік тау (Гималай)

Үй тапсырмасы сұралып, аяқталған соң оқушыларды «Орыны ауысқан» әріптер әдісін қолдана отырып топқа бөлу

Топтың аттары: Тарихшылар, метеролог, химиктер, экологтар

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:(20 мин) «Атмосфераның құрамы мен құрылысы»

 Атмосфераның құрамы мен құрлысы тралы ғаламтордан алынған бейнеролик көрсетілді.

Қамтылатын сұрақтар

1. Атмосфераның құрамы.
2. Атмосфера қабаттары.
3. Атмосфераның маңызы.
4.Атмосфераны зерттеу жолдары.

5.Атмосфераны қорғау.

Мұғалім сөзі Атмосфера (грекше: atmos — бу және sphaira шар) — Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфера бірнеше газдардың қосындысынан тұрады.Олардың ішіндегі негізгілері: азот,-79%, оттегі- 21%, көмірқышқыл газы- 1%.Атмосфераның құрамдас бөлігі- азот пен оттегінің мөлшері тұрақты болады. Жер бетінен 100-120 км биіктікке дейін ауа араласып жатқандықтан, атмосфера құрамы біртектес болып келеді.

Атмосфераның құрылысы бірнеше қабат құрылымынан тұрады; тропосфера, стратосфера, мезосфера,термосфера.
Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейімен биіктігі — 10-12 км, экваторда — 16-18 км, полюстерде — 7-10 км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар күн күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км-ге созылатын
Стратосфера қабаты орналасқан. Стратосфера (лат.stratum-қабат) деген мағынаны білдіреді Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлігі осы кабатта жинақталған, озон Күннің улыракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.
Стратосферадан кейін 50 км биіктікте
мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан әрі қарай төмендеп, 80 км биіктікте — 70°С -қа түседі. Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600 км биіктікте температура +1600° жетеді. Атмосфераның кабаттарындағы ауа биіктеген сайын сұйылып, қысым төмендейді.
Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта экзосфера орналасқан. Жер шары үшін атмосфераның маңызы орасан зор. Ол жерді күндіз қатты қызып, түнде қатты суып кетуден сақтайды. Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын 
ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.Атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары-ірі кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарын аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, т.б.зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау.



IV. Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар. (35 мин)

1. Оқушылардың видеороликтен және көрген, естіген және бұрыннан білетін ақпараттарын ойларына жинақтап, графикалық түрде қағаз бетіне түсіріп постер құрайды.



2.Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін есте сақтай отырып атмосфераның қабаттарын, биіктіктерін кестеге жазады.



3. Сергіту сәті.Оқушылар экрандағы «Мен Қазақпын» әніне қосылып қимылдарын қайталайды.

4. Географиялық есептер шығару

5. «Полиглот» ойыны. Жұмбақтың жауабын үш тілде айту.



6. «Автор орындығы» әдісі. Бір оқушы ортаға Қоршаған орта министрі болып отырады.

Қалған оқушылар оған атмосфера, яғни қоршаған ортаға қатысты сұрақтарын қояды. Бұл әдіс арқылы біз оқушылардың қоршаған ортаны қорғау, сақтау аясындағы өз ойларын біле аламыз.

 7.  Географиялық диктант



1.                      Жер шарын жан – жағынан ... деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр                              

2.                      ... дегеніміз – әр түрлі газдардың қосындысы

3.                      Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан қабаты   – ...

4.                      Тропосфераның үстінде ... қабаты орналасқан

5.                      Ауаны басты ластаушы ... түтіндері

6.                      Оттегін бөліп шығарушы ...



 Жауаптары: Атмосфера, ауа, тропосфера, стратосфера, автокөліктер, өсімдіктер.

V. Жаңа сабақты бекіту. (10 мин.)

  1. Оқушылар БҮБ әдісі бойынша кестені толтырады.

2.Рефлексия әдісі.

. Оқушыларды бағалау . (4 мин)

VIІ. Үйге тапсырма беру: (3 мин)

§11. Атмосфера құрамы және құрылысы.
Атмосфера мен литосфераның айырмашылығы мен ұқсастығын диагармма бойынша жазу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.01.2019
1543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі