Материалдар / Ашық сабақ: "Ауа райы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Ауа райы"

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Өткен сабақты қайталау сұрақтары арқылы пысықтау және жаңа тақырыпты түсіндіру. Ауа райы белгілерімен таныстыру, шартты белгілерді ажырата білуге үйрету.. 2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дыбыстардың дұрыс айтылуын, бір тыныста болуын қадағалау. 3. Оқушыларға табиғат құбылысын жыл мезгіліне байланысты бақылауға деген қызығушылығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2022
441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері

Сабақтың мақсаты:

  1. Сезім мүшелерінің, олардың құрылысы, атқаратын қызметімен, ағзадағы маңызына тоқтала отырып таным білімділігін арттыру.

  2. Сезім мүшелерінің құрылысын атқаратын қызметін, ағзадағы маңызын іс-жүзінде көрсете отырып пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

  3. Сезім мүшелерінің гигиенасымен таныстыру арқылы әр түрлі аурулардың алдын алуға баулу, өз денсаулықтарын қадірлеуге, құрметтеуге баулу.


Көрнекілігі: слайд, суреттер, плакаттар, жеміс-жидектер.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу.

  • Бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Сыныпта кім жоқ?


  • Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ. Яғни, зерттеу сабағы болмақшы.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • (Үйге берілген тапсырма: Жүйке жүйесіне қорытынды.)


1-тапсырма. Мидың сыртқы құрылысының аттарын жаз.


Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Shape12 Shape8 Shape11 Shape10 Shape9


2-тапсырма. Кестені толтыр.


Ми бөлімдері

Қызметі

Жүйке жүйесінің гигиенасы

  1. Сопақша ми


  1. Қорғаныш (жөтелу, құсу, түшкіру, жас бөлу);

  2. Асқорыту;

  3. Жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу;

  4. Тыныс алу.

Үй тапсырмасын бір уақытта орындау.

Тапсырманы алдымен ауызша жұмыстан бастау.

35-40 минуттан соң үзіліс жасау.

Темекі мен спиртті ішімдікті ішпеу.

  1. Ортаңғы ми


Бұлшық ет тонусын, басты бұру, жарыққа қарау, көздің қарашығын реттейді.

  1. Аралық ми

Зат алмасу, ішкі секреция бездерін зәршығару ұйқыны реттейді.


IІІ. Жаңа сабақ.

  • Бүгінгі сабағымызда кездесетін жаңа сөздерді оқимыз:

Көз – көру мүшесі.

Құлақ – есту мүшесі.

Мұрын иіс сезу мүшесі.

Тері – сипап сезу мүшесі.

Зерттеуші, зертхана, окулист, лор, дерматолог.


  • Сендердің қолдарыңда айна бар. Айнаға қарап айтыңдаршы, не көріп тұрсыңдар?

  • (Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.)

  • Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

  • (Сезім мүшелері.)

  • Дұрыс. Бүгін біздің тақырыбымыз: «Сезім мүшелері».

  • Біздің мақсатымыз: осы сезім мүшелерінің ең маңыздысын тауып дәлелдеу.

  • Осы сұрақтарға жауап беру үшін, зерттеу жұмысын өткізуіміз керек.

  • Зерттеуші деген кім?

  • (Ол бір нәрсені бақылап, зерттейтін адам.)

  • Олай болса, біз барлығымыз зертханада отырған зерттеушілерміз. Ал, біздің зерттеуші затымыз – ол адамның дене мүшелері болады.

  • Зерттеуді бастаймыз.


Ойын: «Сиқырлы қоржын».

(Қоржынға әр түрлі заттар: ойыншық, кітап, сызғыш, т.б. заттар салынған.)


  • Менде ғажайып қоржын бар. Оның ішінде әртүрлі заттар жатыр. Кім айтады, қандай заттар жатыр?

  • Оның түсі қандай?

  • Неге айта алмай отырмыз?

  • Олай болса, қандай заттар жатқанын көрейік. Ол үшін барлықтарың көздеріңді жұмыңдар.

  • Қандай затты алып шықтым?

  • Көздеріңді ашыңдар. Неге сендер сұраққа жауап бере алмадыңдар?

  • Сендерге не көмектесті?

  • Айналадағы заттарды көретін мүше – ол көз.

  • Олай болса, жұмбақ шешіп көрейік.


Жұмбақ

Көреді бәрін өзгенің

Көре алмайды өздерін. (көз)


  • Көру қабілетін сақтау үшін не істеу керек?

  • Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғау керек.

  • Көзге бөгде зат түссе, қолмен уқалауға болмайды. Кір орамалмен сүртпе.

  • Кітапты жатып оқуға болмайды. Оқығанда кітап, дәптер 30-35см қашықтықта болуы керек.

  • Көлікте келе жатып кітап оқыма. Көз тез шаршайды.

  • Шамның жарығы сол жақтан түсу керек.

  • Компьютермен, ұялы телефонмен ұзақ ойнама, 10-15 минут.


  • Көз дәрігерін окулист деп атайды.

  • Өткізген зерттеу арқылы қандай тұжырым жасаймыз?

  • (Көз – ол көру мүшесі.)


  • Құлақ – ол қандай мүше?

  • (Есту мүшесі.)

  • Құлақ үш бөліктен тұрады.

Құлақ


Shape15 Shape14 Shape13

Сыртқы құлақ

Ортаңғы құлақ

Ішкі құлақ




  • Біз тек қана сыртқы бөлігін көреміз.

  • Зерттеуіміздің қорытындысы бойынша құлақ – есту мүшесі. Ол да маңызды мүше.

  • Құлақты күту керек пе?

  • (Құлақты күнделікті сабындап, жылы сумен жуып, тазалап тұру керек.)

  • Құлақты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдаланба.

  • Құлақты суықтан және желден сақтау керек.

  • Құлағың ауырса дәрігерге қаралу керек.


  • Құлақ ауруын емдейтін дәрігер лор деп атайды.


Ойын: «Парфюмер».

(Иіс су, сарымсақ)

  • Мұрын – иіс сезу мүшесі.

  • Қазір көздеріңді жұмыңдар. Мен бір затты алып өтемін.

  • Ол не? Қалай білдіңдер?

  • Қай сезім мүшесі сендерге көмектесті?

  • Біз иісті, әсіресе, көктем мен жазда, жылы және жаңбырлы күні жақсы сезеді екенбіз. Мұрын мимен, жүйке талшықтарымен тығыз байланысты.

  • Бізге иіс ұнамаған кезде, ми қауіп дабылын береді. Сол уақытта мұрын қуысы кішірейеді екен. Ал егерде иіс жағымды болса жүйкелеріміз тынышталып, жақсы дем алады екен.

  • Мұрынды қалай қүту керек?

  • Мұрынды таза ұстау керек.

  • Үнемі таза орамал болу керек.

  • Өзің білмейтін өсімдіктерді, сұйық не ұнтақ заттарды иіскеме.

  • Үшкір заттармен шұқыма.

  • Темекі шекпе, өйткені темекі шегетін адамның иіс сезу мүшесі сезу қабілетін жоғалтады.


Ойын: «Дәп-дәмді».

(Тәрелкеде алма, жүзім, банан салынған. Көздерін жұмып, дәмін татып табу керек.)


  • Бізге қай сезім мүшесі көмектесті?

  • Тіл – дәм сезу мүшесі.

  • Тіл ыстықты, суықты және ауырғанды сезеді.

  • Тілді қалай күту керек?

  • Өткір затты ауызға салуға болмайды, кесіп алуың мүмкін.

  • Тамақты асықпай жеу керек, тілді тістеп алуың мүмкін.

  • Тамақтан кейін ауызды шаю керек, тамақ қалдықтары қалмау керек.


  • Бір сезім мүшесі қалды. Ол – тері.

(Тақтаға екі оқушы шығады.)

  • Оқушылар көздерін жауып, көкөністерді сипап атайды.

  • Тері – сипап сезу мүшесі.

  • Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Ішкі мүшелерді соғылудан, жарақаттанудан қорғайды.

  • Теріні күту жолдары:

  • Теріні жарақаттардан, күйіктен, үсіктен сақта.

  • Денені аптасына 1-2 рет сабынмен жуу керек.

  • Міндетті түрде қолды, бетті, мойынды, аяқты күнделікті жуу керек.

  • Үнемі таза киім ки.

  • Тырнақты уақытында алу керек.


  • Тері ауруын емдейтін мүшені дерматолог деп атайды.


ІV. Сабақты бекіту.

Тұжырым шығару.

  • Біздің зерттеуіміз аяқталып қалды. Зерттеу бойынша тұжырым шығаруымыз керек. Ол үшін суретке қараңдар. Сезім мүшелерінің қайсысы маңызды екен?

  • Ия, балалар, барлығы да маңызды екен.


V. Сабақты қорыту.

  • Біз бүгін сабақта не білдік?

  • Сабақ сендерге ұнады ма?


VI. Үй тапсырмасы: 82-85-бет. Оқу.


VII. Бағалау.

  • Бүгін сабақта барлықтарың ғалымдардай сезім мүшелерін зерттедіңдер. Сондықтан бағамен бірге сендерге мынадай ғылыми атақтар бергім келіп отыр:

  • Болашақ окулист.

  • Болашақ дерматолог.

  • Болашақ лор дәрігері.

  • Болашақ терапевт.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!